Кім жүйрік
Тақырып: «Сынып дарабозы»
Мақсаты
- Оқушылардың білімге деген қызығушылығын арттыру, ой-өрісін іс жүзінде шыңдау.
- Есте сақтау қабілетін, сөйлеу мәнерін және шығармашылық қабілеттерін дамыту.
- Достыққа, ынтымақтастыққа, бір-бірін тыңдап, сыйлауға тәрбиелеу.
- Табиғатты қорғау арқылы экологиялық тәрбие негіздерін қалыптастыру.
Көрнекілігі
4 «Б» сыныбында өтетін «Сынып дарабозы» интеллектуалдық сайысына қош келдіңіздер! Білімді ұрпақ – еліміздің тірегі!
Жер бетінде адам өмір өткізер,
Бар нәрсеге біліммен қол жеткізер.
Бар ізгілік тек білімнен алынар,
Білімменен аспанға жол салынар.
— Жүсіп Баласағұн
Бүгін, балалар, осы уақытқа дейін алған білімімізді көрсетіп, өнерімізді саралап, санамыздың өскенін, сөз байлығымыздың молайғанын дәлелдейік.
Сайыс төрешілері
- Райка Бермұхамедқызы — мектепалды даярлық сыныбының мұғалімі
- Гаухар Сүйментайқызы — бастауыш сынып мұғалімі
Сәлемдесу
Сәлемдесу — игі дәстүр, киелі.
Сөзбен қарап, кейде шешер шиені.
Жақсы сөзге жан семірер қашанда —
Жолданады сайыскерлер сәлемі.
1)
Тапқырлық таныту — мақсатымыз, біліммен шықсын жақсы атымыз.
2)
Асау тұлпар, желдей ескен арынды — оқу менен еңбекке сал барыңды.
3)
Болашақтың ұрпағымыз білімді — көрсетпекпіз мектепте алған білімді.
4)
Қандай сынақ болса да беріспе — әрқашанда үміткер бол жеңіске.
5)
Білімдінің күні жарық, білімсіздің күні кәріп.
6)
Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады.
Біреу озса сайыста, біреу артта қалады.
Ренжімей тараса — озбағандар да жарады.
Жарыс заңы ежелден — жеңімпазды анықтау.
Озат болу шарты сол — еңбектену, жалықпау.
Сайыс кезеңдері
I кезең — «Бәйге»
Шарттары
- Сұрақтар тест түрінде беріледі.
- Экранда сұрақ көрсетілгеннен кейін 4 жауаптың біреуін таңдайсыңдар.
- Таңдаған нұсқаның нөмірін қағазға жазып, бәрің бір уақытта көрсетесіңдер.
- Әр сұраққа 10 секунд уақыт беріледі.
Тест сұрақтары
-
Қазақтың тұңғыш ағартушы ұстазы, «Қазақ хрестоматиясын» жазған:
A) Абай Құнанбаев Ә) Ахмет Байтұрсынов Б) Ыбырай Алтынсарин В) Сәкен Сейфуллин
-
Күздің үшінші айы:
A) Қазан Ә) Қараша Б) Желтоқсан В) Қаңтар
-
Бейбітшіліктің белгісі, хат тасушы құс:
A) Қарлығаш Ә) Қыран, бүркіт Б) Көгершін В) Торғай
-
Жердің ауа қабаты:
A) Атмосфера Ә) Биосфера Б) Гидросфера В) Тропосфера
-
Барлық қабырғалары тең тіктөртбұрыш:
A) Үшбұрыш Ә) Төртбұрыш Б) Шаршы В) Тіктөртбұрыш
-
Процессор мен жады компьютердің қай құрылғысында орналасқан?
A) Жүйелік блок Ә) Процессор Б) Монитор В) Пернетақта
-
1–10 аралығында қанша жұп сан бар?
A) 4 Ә) 10 Б) 5 В) 6
Жауап беру тәртібі
- Сендер таңдаған нөмір бойынша сұраққа жауап бересіңдер.
- Жауап қысқа, нақты және жылдам болуы керек.
- Егер білмесең — «Келесі» деп келесі сұраққа өтесің.
- Әркім өз сұрағына өзі жауап береді; басқа оқушылар араласпайды.
- II кезеңнің қорытындысынан кейін бір оқушы ойынды аяқтайды.
Білім деген биік шың — бақытқа сені жеткізер.
Білім деген ақылшың — қиындықтан өткізер.
II кезең — «Кім жүйрік»
Шарттары
- Әр топ екі ұяшықтан таңдайды.
- Ұяшықтың артында сұрақ бар, соған жауап беріледі.
Сұрақтар
- Көне заттарды сақтайтын орын — мұражай
- Мұсылман діні — ислам
- Үш кемеңгер би — Қазыбек би, Төле би, Әйтеке би
- Қалталы жануарлар елі — Австралия
- Ахмет Ясауи кесенесі қай қалада? — Түркістан
- Аспан денелерінің ішінде Ай үлкен бе, Жер үлкен бе? — Жер
Ең қиыны жарыстың — «Дода» келді.
Мықтылары келіпті — жеңсін енді.
Тез жауап бер, ойланып тұрып қалмай!
III кезең — «Дода»
Шарттары
- Пән мұғалімдері пәндер бойынша сұрақ қояды (кейбірі бейнесұрақ форматында).
- Пәнді оқушылар өздері таңдайды.
- Толық жауап — 20 ұпай, толық емес жауап — 10 ұпай.
- Әр пән бір рет қана таңдалады.
- Бір оқушы екі пән таңдай алады.
- Басқа оқушылар жауап бермейді.
- Ұпайы аз оқушы бірінші болып бастайды.
Пәндер
- Қазақ тілі — «Ойлан тап»
- Математика — логикалық тапсырма
- Ана тілі — бейнесұрақ
- Дүниетану — бейнесұрақ
- Орыс тілі — бейнесұрақ
- Ағылшын тілі — аудармасын тап
Көрермендерге сұрақтар
1) Кім барлық тілде сөйлейді?
Жауабы: жаңғырық
2) Жаңылмастан жетеуі кезек қызмет етеді.
Жауабы: апта күндері
3) Жануарға ұқсас атым бар, бағдар көрсетер затым бар. Кілемше үстінде тұрамын. Ең қажетті құралмын. Бұл не?
Жауабы: тышқан
4) Жердің табиғи серігі?
Жауабы: Ай
5) Он екі ақ парақ, он екі ақ қанат. Жауабы әсем-ақ, сызылған тақталап.
Жауабы: дәптер
6) Тебеннің ұшы түйір, аяғы біреу, қолы жоқ. Шиыр-шиыр жолы көп. Өзі сөйлей білмейді, салған ізі сөйлейді.
Жауабы: қалам
7) Дүниеге тұмсықсыз-ақ келеді, дегенмен тұмсығынан өледі.
Жауабы: қарындаш
8) Ол — оқушы құралы, қатеңді түзетіп тұрады.
Жауабы: өшіргіш
Қосымша қысқа сұрақтар
- Бұрыштың түрлері: доғал, сүйір, тік, жазыңқы
- Математиканың төрт амалы: қосу, азайту, көбейту, бөлу
- Ұзындықты өлшейтін құрал: сызғыш
- Тісі түскен адам: кетік
- 1 кг — 1000 грамм
- Жүз жылдың атауы: ғасыр
IV кезең — «Тіл-өнер»
Бәйгеге түсіп жарыспай, жүйріктің бағы жана ма?
Білім мен өнер жарысып, тәрбие-білім табар мән.
Бұл бәйге — ойдың бәйгесі: кім жүйрік ойға, сол алда.
Шарттары
- Сөйлемдегі көп нүктенің орнына тиісті сөзді табасыңдар.
- Табылған сөзді орыс және ағылшын тілдеріне аударасыңдар.
- Дұрыс жауап — 10 ұпай.
- Орысша аударма дұрыс болса — 20 ұпай.
- Ағылшынша аударма дұрыс болса — 30 ұпай.
Ұяшық нөмірін таңдайсыңдар.
Ұяшықтар
1) Жұт... ағайынды
Жауабы: Жеті — семь — seven
2) Өзі сөйлей білмейді, салған ізі сөйлейді
Жауабы: қалам — ручка — pen
3) Екі қолға... күрек
Жауабы: бір — один — one
4) Кімнің баласы болма, адамның баласы бол
Жауабы: атаның — дедушка — grandfather
5) Өнер алды қандай жол?
Жауабы: қызыл — красный — red
6) Мысыққа ойын керек, ... өмір керек
Жауабы: тышқан — мышь — mouse
7) Тілі бар, үні жоқ... сөйлеп тұрған ішінен
Жауабы: кітап — книга — book
8) Жылт-жылт етеді, жылғадан өтеді
Жауабы: су — вода — water
9) Батыр туса — ел ырысы, ... жауса — жер ырысы
Жауабы: жаңбыр — дождь — rain
Көңілді, тапқырлар, білгіштер — бар өнерін ортаға салады.
Кім білімді, көп оқыған болса — бүгінгі күн жеңімпазы сол болады.
V кезең — «Жорға»
Шарттары
- Тақырыпты және соған сәйкес ұпай санын таңдайсыңдар.
- Әр ұпайға жеке сұрақ беріледі.
- Жауап қате болса, келесі ойыншы жауап беруге мүмкіндік алады.
Ертегілер елінде
- 20 ұпай«Мақта қыз бен мысық»
- 30 ұпай«Мыстан кемпір»
- 40 ұпай«Тазша бала»
1001 мақал, 101 жұмбақ
- 20 ұпай«Досымен…»
- 30 ұпай«Күнтізбе (календарь)»
- 40 ұпай«Көз қорқақ, қол батыр»
Қызықты математика
- 20 ұпай5
- 30 ұпай4
- 40 ұпайТүйеқұс ұшпайды
Осы кезеңнен кейін жеңімпаз анықталады. Келесі сөз әділқазылар алқасына беріледі.
Соңғы кезеңнің ұпайы мен жалпы қорытындыны хабарлау үшін ортаға Райка Бермұхамедқызын шақырамыз.
Қорытынды
Болашақтың іргесін қалайтын, Қазақстанның мерейін көтеретін азаматтар — сендерсіңдер. Білімділік пен ізгілікті бойымызға дарыта берейік.
Сендерге әрдайым биік белестер тілейміз!
Осы ризалық сөзбен сабақ аяқталады.