Жаңа білімді бекіту

Сабақ тақырыбы

Қыстырма сөз

Сабақ түрі

Жаңа білімді бекіту

Көрнекілік

Интерактивті тақта, сызбалар

Сабақ әдістері

  • Түсіндіру
  • Жаттығу жұмысы
  • Ойлау және ой қозғау
  • Өзіндік ізденіс
  • Көрнекілік
  • Жұппен жұмыс

Пәнаралық байланыс

Ана тілі, дүниетану, музыка

Сабақ мақсаты

Білімділік

Оқушылардың қыстырма сөз туралы білімін кеңейту, мағынасына қарай ажырата білуін қалыптастыру және бекіту.

Дамытушылық

Сын тұрғысынан ойлауын дамыту, оқу мен жазу арқылы таным белсенділігін арттыру, тілін жетілдіру. Өз ойын нақты әрі дәл жеткізуге үйрету.

Тәрбиелік

Шығармашылыққа, адамгершілікке баулу. Көркем әрі таза жазуға тәрбиелеу.

Сабақ барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

Сабақтың қандай пән екенін еске түсіреміз.

Қазақ тілім — өз тілім, ана тілім,
Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.
Қастерлейді ұл-қызым мәңгі сені,
Болашағым, бақытым — дара тілім.

Бүгін қазақ тілі сабағына қонақтар қатысып отыр. Қонақтарға амандасып, сабағымызды бастайық.

Үлкенге де — сіз,
Кішіге де — сіз.
Сәлем бердік сіздерге
Құрметпенен біз.

Бүгінгі сабақ ерекше: оқушылар бағалау парағы арқылы орындалған жұмыстарды өзара және өзін-өзі бағалау тәсілімен қорытындылайды. Іске сәт!

II. Үй тапсырмасын тексеру

Өткен сабақта қандай тақырыппен таныстық? Бүгін де сол тақырып бойынша жұмысты жалғастырамыз.

Қайталау сұрақтары:

  • Қыстырма сөз дегеніміз не?
  • Қыстырма сөздер мағынасына қарай қандай топтарға бөлінеді?

(Тақтада сызба арқылы көрсету.)

Тақтадағы мәтінді іштей оқып, қыстырма сөздерді табамыз.

«Сірә» — қыстырма сөз, өйткені ол сөйлеушінің ойға қатысты күмәнін, сенімсіздігін білдіреді.

Үйге берілген 64-жаттығуды оқимыз.

III. Жаңа сабақ (бекіту тапсырмалары)

1) Сөзжұмбақ

Сөзжұмбақ шешу арқылы негізгі ұғымды — «қыстырма сөз» — анықтаймыз.

2) Көркем жазу

Ққ — Қысқасы

Қыс, қас, қысқа, ас, сасық, ақ, асық, қасық, сақ, ақы.

Қазақстан қазір, қысқасы, дүние жүзі түгел таныған ел болады.

3) Көру диктанты

  • Болашақта, бәлкім, сен дәрігер боларсың.
  • Байқаймын, сен кітап оқығанды жақсы көретін сияқтысың.
  • Әрине, оқуымды жалғастырамын.
  • Мені танымай тұрсың-ау, сірә.
  • Шынымды айтсам, өзің бір қызық жан екенсің!

Жұппен тексеріп, бағалайды.

4) «Сәйкестендір» ойыны

  1. Демек, кітапханаға таңертең барамыз ғой.
  2. Болашақта мен ғарышкер болармын, бәлкім.
  3. Сен, әуелі, есебіңді шығар.
  4. Айтпақшы, мен ертең жол жүргелі жатырмын.
  5. Бүгін жаңбыр жауады-ау, шамасы.

5) Сергіту сәті

«Қазақ тілі» әнін орындаймыз.

6) Оқулықпен жұмыс

66-жаттығу: берілген қыстырма сөздерді қатыстырып сөйлем құрау.

7) «Сөз маржан» (қатар бойынша)

I қатар

«Бес жолды өлең» құрастыру.

II қатар

«Сонымен» қыстырма сөзіндегі дауысты дыбыстарға математикалық тәсілмен дыбыстық мінездеме беру.

III қатар

Қыстырма сөздермен сөйлем құру: әрине, шынында, айтпақшы, мүмкін, сонымен, шамасы.

8) Шығармашылық жұмыс

«Тәуелсіздікке — 20 жыл» тақырыбында 1 шумақ өлең шығару. Өлең ішінде кемінде бір қыстырма сөз болуы тиіс.

IV. Қорытындылау

Білімді тест арқылы қорытындылаймыз.

V. Бағалау

Бағалау парағының қорытындысы бойынша әр оқушының жиынтық бағасы анықталады.

VI. Үй тапсырмасы

Үй тапсырмасы: (мұғалім тапсырманы нақтылап жазады).