Сендер бүгін сыныптастарың, парталас көршілерің жайлы біраз ақпарат алып таныстыңдар
Сабақ туралы қысқаша мәлімет
Сабақтың тақырыбы
Нашар көрші
Сабақтың көрнекілігі
Интерактивті тақта
Сабақтың мақсаты
Мәтін мазмұнымен танысу; адамдар арасындағы қарым-қатынастың алуан түрлілігін байқап, оны талқылауға мүмкіндік беру.
Күтілетін нәтижелер
Пәндік нәтиже
Мәтіндегі мәселені түсініп, оған өзіндік баға беру; шығарманың құндылығы мен негізгі ойы туралы пікір білдіруге жағдай жасау.
Жүйелі іс-әрекет нәтижесі
Өзіндік пікір қалыптастыру; сөйлеу дағдыларын жетілдіру.
Тұлғалық нәтиже
Сыныптастарын, достарын, құрдастарын және көршілерін құрметтеуге, бағалай білуге үйрету.
Сабақтың барысы
1) Ұйымдастыру кезеңі
- Сабаққа назар аудару, жұмысқа дайындық.
- Үй тапсырмасының орындалуын тексеру.
2) Қызығушылықты ояту
Талқылауға арналған сұрақтар:
- Сен өз сыныптастарыңды жақсы танисың ба?
- Парталас көршің туралы не білесің?
- Оған қатысты қызықтырып жүрген сұрағың бар ма?
«Биопоэма» әдісі арқылы сауалнама
Оқушы өз сыныптасы туралы қысқа әрі нақты деректерді толтырады.
Аты
Сипаттайтын 2–3 сөз
Жақсы көретін 2–3 заты
Басынан өткізген сезімі
Болашақтан күтетін 2–3 заты
Достары
Мекенжайы
Бүгін сендер сыныптастарың мен парталас көршілерің туралы біраз ақпарат жинадыңдар. Бұл не үшін маңызды деп ойлайсыңдар?
Керек дерек: «Көрші» ұғымы
Көрші — қонысы ортақ, етене араласып, күнделікті жүзбе-жүз кездесіп, аман-саулық сұрасып жүретін адамдар. Қазақ халқы «Көршіні құдай қосады» дейді.
Жаңа орынға көшіп келісімен ерулік беру, қоныс тойын жасау дәстүрлерінің өзегінде де ең әуелі көрші-қолаңмен танысу ниеті тұрған. «Адамның күні адаммен» демекші, күнделікті өмірде әркім көршінің көмегіне мұқтаж болуы мүмкін: бір қиындық туса, бір нәрсе қажет болса, алдымен жақын маңдағы адамдарға жүгінеміз.
Көршімен сыйластық — елдің сыйластығы, көршімен татулық — қоғамның татулығы. Үйлері жақын, аралас-құралас адамдар «жақын көрші» аталған.
Халық даналығы
-
«Алыс туыстан жақын көршің артық.»
-
«Ағайынның аты озғанша, көршінің тайы озсын.»
-
«Атың жаман болса, сатып құтыларсың; көршің жаман болса, қайтіп құтыларсың?!»
Осы тұста «Жақсы көршіге қандай адам жатады?» деген сұрақ туады. Жауабы — көршілердің бір-біріне деген жылы ықыласы мен адал пейілінде.
Дәптермен жұмыс
Қажетті нақыл сөздерді дәптерге жазып алу.
Көршінің жақсысы да, жаманы да болатынын ескерейік. Түрік халқының өмірінен алынған мысал ретінде «Нашар көрші» мәтінін оқимыз.
3) Мағынаны тану
«Араласып кеткен оқиғалар» әдісі
Мәтін алдын ала бір бетке теріліп, бөлімдерге бөлінеді. Әр топқа сол бөлімдердің қиындысы беріледі. Оқушылар мәтінді мұқият оқып, оқиғаларды дұрыс ретпен орналастырады. Қай топ бірінші аяқтаса, сол топ жеңіске жетеді.
Соңында бір оқушы мәтін мазмұнын толық айтып шығады.
Сөздік жұмысы
Мәтіндегі жаңа сөздер мен тіркестерді талдау, мағынасын түсіндіру.
Талқылау сұрағы
Шын мәнінде, Текіннің әкесінің көршісі расымен «нашар» адам болды ма?
Әдіс: ойлан — жұптас — топтас — ортаға сал.
4) Ойтолғау
Қойылымға дайындық
Мәтіндегі «нашар көрші» бейнесін әр топ өз қиялымен әр қырынан сомдап, шағын қойылым әзірлейді:
- 1-топ: қорқынышты бейне
- 2-топ: қуанышты бейне
- 3-топ: ренішті бейне
- 4-топ: күлдіргіш бейне
Бағалау
Әр топтың жұмысы белгішелер (смайликтер) арқылы бағаланады.
Үй тапсырмасы
- Мәтінді оқу.
- Мазмұндау.
- Өз үйіңнің оң жақ және сол жақ көршілері туралы шағын әңгіме жазу.