Сервер бірінші бетіне жазылатын адрес
Сабақтың тақырыбы
Интернет. Бүкіләлемдік өрмекші (WWW). Сайттар (презентациямен).
Мақсаты
-
Оқушыларға Интернет желісімен жұмыс жасау технологияларының ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін меңгеруге көмектесу және нақты жұмыс істеуді үйрету.
-
Интернет желілерінің құрылуы және жұмыс істеу принциптері туралы мағлұмат беру.
-
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың мүмкіндіктерін үйрету арқылы оқушылардың қызығушылығын арттыру.
-
Интернет желісін меңгерту арқылы оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру.
Көрнекілік
Құрал-жабдықтар
- Компьютер
- Тесттер
- Тапсырмалар (слайд арқылы көрсетіледі)
Сабақ форматы
Материал презентациямен түсіндіріліп, негізгі ұғымдар қысқа сұрақ-жауап арқылы бекітіледі.
Сабақ жоспары
1) Ұйымдастыру
Сыныптың дайындығын тексеру, мақсат-міндеттерді қысқаша таныстыру.
2) Жаңа білімді игеру
§3.1 және §3.2 бөлімдерін оқып шығыңыз.
Негізгі сұрақтар
- 1 Интернет желісімен жұмыс істеу үшін не қажет? (компьютер, модем, байланыс желісі)
- 2 Сервердің бастапқы бетіне жазылатын адрес қалай аталады? URL http://www.service.com/tdb/vtr.htm
- 3 Интернетке қосылған әр компьютердің өз адресі болады. Ол қалай аталады? IP-адрес 212.192.21.1
- 4 Интернет мәліметтерін ыңғайлы көруге мүмкіндік беретін графикалық интерфейсті қызмет түрі қалай аталады? WWW
Терминдер мен нақтылау
- 5 Гипермәтінді көруге арналған бағдарлама: браузер.
- 6 http://www.service.com/tdb/vtr.htm адресіндегі файл атауы: vtr.htm.
- 7 Интернетте неше негізгі хаттама қолданылады? (талқылау сұрағы)
- 8 Web-бет — қолданушыға арналған ақпарат сақталатын құжат.
Жаңа түсініктер және іс-әрекет тәсілдері
Ғаламдық желі
Бір немесе бірнеше мемлекеттің аумағында орналасқан желілер ғаламдық деп аталады.
Интернет
Интернет — миллиондаған компьютерлерді біртұтас алып желіге біріктіретін, ақпаратқа шексіз қол жеткізуге және түрлі тәсілдермен байланыс орнатуға мүмкіндік беретін әлемдегі ең ірі әрі ең танымал желі.
Интернеттегі мәліметтерді миллиондаған мекемелер дайындайды және үнемі жаңартып отырады.
Ақпаратты іздеу
Әлемдік желідегі ақпаратты жылдам табуда іздеу серверлерінің көмегі зор. Олар көптеген құжаттар мен сайттардың адрестерін сақтайды және қажетті нәтижені ұсынады.
Іздеу каталогтары
Тақырыптар бойынша реттелген (directories) құрылым.
Іздеу машиналары
Кілтсөздер арқылы іздейтін жүйелер (search).