Қосарлы дыбыс

Сабақ туралы мәлімет

Орны
Астана қаласы, Әлкей Марғұлан атындағы №40 орта мектеп
Пән / Сынып
Математика, 2-сынып
Мұғалім
Сулейманова Жанылай Анесовна, бастауыш сынып мұғалімі
Тақырып
Я әрпінің жазылуы

Мақсаты

  • Я дыбысының қосарлы дауысты дыбыс екенін түсіндіру.
  • Сөз ішінде йа дыбыстары естілгенімен, дұрыс жазу үшін я әрпі жазылатынын меңгерту.

Жұмыстың қысқаша сипаттамасы

Сабақ барысында оқушылардың қызығушылығын арттыру үшін АКТ мүмкіндіктері тиімді қолданылып, әртүрлі деңгейлік тапсырмалар арқылы топтық жұмыс ұйымдастырылды.

Күтілетін нәтиже

  1. Я, я әрпінің қосарлы дыбыс екенін меңгереді.
  2. Сөз ішіндегі я дыбысының жуан және жіңішке айтылуын ажыратады.
  3. Сөздерге дыбыстық талдау жасайды.
  4. Сауатты әрі ұқыпты жазады.

Сабақтың құрылымы

Шаттық шеңбері

Қайырлы күн, достым,
Қайырлы күн болсын.
Біздің алар бағамыз
Кілең бестік болсын.

Өткен сабақты сұрақтар арқылы бекіту

  1. Дыбыс дегеніміз не?
  2. Әріп дегеніміз не?
  3. И дыбысы қай кезде жазылады?
  4. Й қандай дыбыс?
  5. И дыбысы қай кезде жуан, қай кезде жіңішке айтылады?

Ой қозғау: жұмбақ

Қоянда бар,
Қайыңда жоқ.
Қиярда бар,
Қиында жоқ.

Жауабы: Я әрпі

Жаңа тақырып: «Я, я» дыбысы мен әрпі

Сипаттамасы

  • Дауысты дыбыс.
  • Қосарлы дыбыс.
  • Барлық буында кездеседі.
  • Буын жасайды.

Мысал

ұ - я

Ескерту: сөз ішінде йа естілгенімен, жазуда я әрпі қолданылады.

Топтық тапсырмалар

1-топ

Сөзжұмбақ шешу.

2-топ

Артық сөзді тауып, дыбыстық талдау жасау.

3-топ

Ребус шешу.

4-топ

«Я, я» дыбысы кездесетін сөздер жазу.

«Артық сөзді тап» тапсырмасына арналған сөздер

Ағаш
Өсімдік
Пияз
Қоян
Тақия
Етік
Жемпір
Шұлық
Мектеп
Сөмке
Қария
Сия
Жылы
Аяз
Шуақ
Бұлт

«Я» әрпі кездесетін сөздер

Оқушылар дәптерге «я» әрпі бар сөздерден бірнешеуін жазады:

....................
....................
....................
....................
....................
....................