Абайдың әжесі
Сабақ туралы қысқаша мәлімет
- Өтетін орны
- Атырау қаласы, №11 Ы. Алтынсарин атындағы орта мектеп
- Пән
- Қазақ тілі мен әдебиеті
- Мұғалім
- Бағытжанова Айжан
- Сынып
- 5-сынып
- Сабақ тақырыбы
- Абай Құнанбайұлы — «Қыс»
- Сабақ түрі
- Жаңа сабақ
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармалары туралы білімді кеңейту; «Қыс» өлеңінің мазмұны мен идеясын ашу.
Дамытушылық
Оқушылардың сөздік қорын, ойлауын, елестетуін және есте сақтау қабілетін дамыту.
Тәрбиелік
Табиғаттың тылсым сырларына қызықтыру арқылы туған жер табиғатын сүюге баулу; эстетикалық тәрбие беру; Абай өлеңдерін оқуға қызығушылықты арттыру.
Көрнекіліктер мен әдістер
Көрнекіліктер
- Интерактивті тақта
- Абайдың суреті
- Тірек-сызбалар
- Қыс мезгілі туралы суреттер (слайдтар)
Сабақ әдістері
- Сұрақ-жауап, әңгімелеу
- Сын тұрғысынан ойлау стратегиялары
- Топпен жұмыс, «Ой қозғау»
- «Топтастыру» стратегиясы, зерттеу жұмыстары
- Венн диаграммасы, сөздік жұмысы
Сабақ барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушылармен амандасу
- Психологиялық дайындық
- Оқу құралдарын тексеру
II. Үй тапсырмасын тексеру
Үй тапсырмасы ретінде Ы. Алтынсариннің «Өзен» өлеңі өлең құрылысы бойынша талданады: 4 шумақ, 2–3 бунақ, 18 буын, қара өлең ұйқасы.
«Үш түрлі күнделік» әдісі
- Өлеңнің ой салған тұстары
- Жеке түсінік: қандай ой туды?
- Мұғалімге хат: сұрақтар қою
III. Абай өмірі: негізгі кезеңдер
| Жылдар | Негізгі оқиғалар |
|---|---|
| 1855–1857 | Ауыл молдасынан сауат ашты; 9 жасында «Кім екен деп келіп едім түйе қуған» атты алғашқы мысқыл өлеңін шығарды. |
| 1857–1859 | Семей қаласындағы Ахмет Риза медресесінде оқыды; қосымша 3 ай орыс мектебінде (приходская школа) білім алды; араб, парсы, түрік тілдеріндегі Шығыс ақындарын оқыды. |
| 13 жастан бастап | Әкесі Құнанбайға көмекші болып, ел басқару ісіне араласты. |
| 1870 | Семей кітапханасында Е. П. Михаэлиспен танысты. |
| 1876–1878 | Қоңыркөкше елінде 3 жыл болыс болды; 1876 жылы жала жабу оқиғасы орын алды. |
| 1880 | Михаэлис арқылы Н. И. Долгополов, С. С. Гросс, П. Д. Лобановский, Н. Кончин секілді озық ойлы орыс демократтарымен танысты. |
| 1890–1898 | Қара сөздерін жазды. |
| 1891 | Сүйікті інісі Оспан қайтыс болғаннан кейін Абай өлеңдерінде мұң сарыны күшейе түсті. |
| 1904 | 23 маусымда дүние салды (40 күн ауырғаннан кейін); Жидебайдағы қыстауының жанына жерленді. |
| 1995 | А. Құнанбаевтың 150 жылдық мерейтойы ЮНЕСКО көлемінде аталып өтті. |
IV. Сәйкестендіру тапсырмасы
Кестедегі ұғымдарды мағынасына қарай сәйкестендіріңіз.
Сол жақ
- Абайдың шын аты
- Абай — ... руынан шыққан билер әулетінен
- А. Құнанбаевтың 150 жылдық мерейтойы ЮНЕСКО көлемінде аталып өтті
- Зере
- Абай дүниеден өтеді
- 1845–1904 жж.
- Әкесі Өскенбайұлы Құнанбай
- Абай ... бөктерінде дүниеге келген
- Абай ... оқыды
- 1855–1857 жж.
Оң жақ (жауап нұсқалары)
- Шыңғыс тау
- 1995 жылы
- Ауыл молдасынан сауат ашты
- Абайдың өмір сүрген кезеңі
- Ибраһим
- Орта жүздің Арғын тайпасының Тобықты
- 1904 ж. 23 маусымда
- Өз заманындағы атақ-даңқы алысқа кеткен адамдардың бірі болған
- Семейдегі Ахмет Риза медресесінде
- Абайдың әжесі
V. Өлеңмен жұмыс: «Қыс»
Өлеңнің шығу тарихы
«Қыс» өлеңі 1884 жылы Семей өңірінде қыс қатты болып, ел жұтап, мал қырылған кезеңде жазылған. Сол жылы жауған қар сәуір айында ғана еріген. Ақын қысты «ақ киімді, денелі, ақ сақалды» зор тұлғалы адам кейпінде бейнелейді.
Сөздік жұмысы
- Соқыр, мылқау — ештеңені көрмейді, естімейді.
- Домбығып — суықтан ісіп, қызарып кету.
- Шидем — қой жүнінен тоқылған сыртқы киім.
VI. Оқулықпен жұмыс: сұрақ-жауап арқылы талдау
Ақын қысты кімге теңейді?
Қысты адамға, кәрі шалға теңейді.
Шалдың киімі қандай?
Ақ киімді, үстін ақ қырау басқан.
«Киім» деп отырғаны не?
Жауған қар мен қатқан мұз.
Ақын суреттеген шал кімге ұқсайды?
Ақ киімді, ақ сақалды Аяз атаға ұқсайды.
Шалдың мінезі қандай?
Қатал, ашулы.
Неге «соқыр-мылқау» дейді?
Ештеңені көрмей, ешкімді аямай, айналаны қарыстырып тоңдырады.
Түрі, түсі қандай?
Түсі ақ қыраудай суық.
«Түсі суық» дегенді қалай түсінесің?
Қатулы, ашулы адамға қатысты айтылған бейнелі сипаттама.
Ақын балалар мен малшыны қалай суреттейді?
Ойнаған балалардың беті мен қолы тоңады; малшылар қалың киінсе де, аязға шыдамай теріс бұрылады.
VII. «Қыс» өлеңіне сатылай кешенді талдау
- Авторы
- Абай Құнанбайұлы
- Тақырыбы
- Қыс табиғаты
- Жанр түрі
- Поэзия (өлең)
- Идеясы
- Қысқы табиғат көрінісін әсерлі бейнелеу
- Шумақ саны
- 5 шумақ
- Тармақ саны
- 22 тармақ
- Бунақ саны
- 2–3 бунақ
- Буын саны
- 11 буын
- Ұйқас түрі
- Қара өлең ұйқасы
Әдеби-теориялық ұғымдар
Эпитет, теңеу.
Түсіндірме сөздік
- Ұшпа — бұлт.
- Қондыбай, Қанай — адам аттары.
Тәрбиелік мәні
Табиғатты аялауға үндейді.
VIII. Сабақты бекіту тапсырмалары
- Өлеңнің бірінші бөліміндегі қыстың адам кейпіндегі бейнесін көз алдыңа елестет.
- Әр шумақтағы суреттердің қандай бейнелі сөздер арқылы жасалғанын анықта.
- Өлеңді мәнерлеп оқып, жаттап ал.
- Өз бетіңше Абайдың «Жазғытұры» өлеңін оқы.
IX. Үй тапсырмасы
- А. Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығы туралы мәлімет жинақтау.
- «Қыс» өлеңін жаттау.
- «Қыс» тақырыбына сурет салып келу.
X. Бағалау
Сабаққа белсенді қатысқан оқушылардың жұмысы бағаланады.