Хабарлы сөйлем

Сабақ тақырыбы

Себеп бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем

Сабақтың мақсаты

  • Білімділік

    Оқушылардың сабақтас құрмалас сөйлем туралы түсінігін кеңейту; себеп бағыныңқы сабақтас сөйлемнің жасалу жолдарын жаттығулар мен қосымша тапсырмалар арқылы бекіту.

  • Тәрбиелік

    Оқушыларды елдікке баулу, еңбекке және ынтымаққа тәрбиелеу.

  • Дамытушылық

    Сабақтас сөйлем түрлерін ажырату дағдыларын қалыптастыру; сөйлем мүшелеріне талдау жасау білігін жетілдіру.

Сабақтың типі

Аралас сабақ

Сабақтың түрі

Дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі

Сұрақ–жауап, талдау

Көрнекілігі

Интерактивті тақта, үлестірмелер, тест сұрақтары

Сабақтың барысы

I

Ұйымдастыру кезеңі

Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу, сұрақтар арқылы назарын сабаққа аудару.

Қайталау сұрақтары

  1. Құрмалас сөйлем дегеніміз не?
  2. Құрмалас сөйлем нешеге бөлінеді?
  3. Салалас құрмалас сөйлем дегеніміз не?
  4. Сабақтас құрмалас сөйлем дегеніміз не?
II

Үй тапсырмасын сұрау

133-жаттығу. Берілген сөйлемдердің басыңқы сыңарын өздерің ойлап тауып, мезгіл бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем құраңдар.

1. Тыстағы жұмыс біткен кезде, …

2. Үшеуі үйге кірген соң, …

3. Ол үйге қайтып келісімен, …

4. Ботагөз саусағымен нұсқаған дәптердің бетіне Асқар көзін салса, …

III

Білімдерін тексеру

Берілген сөйлемге синтаксистік талдау жасаңыздар:

Мысал

Ол үйге қайтып келісімен, кітаптан бас алмады.

Сөйлемнің жалпы сипаты

  • Хабарлы сөйлем.
  • Құрмалас сөйлем: сабақтас, мезгіл бағыныңқылы сабақтас.

Басыңқы сыңар

  • Не істеді?бас алмады (күрделі, етістікті, жедел өткен шақ тұлғалы баяндауыш).
  • Неден бас алмады?кітаптан (дара, зат есімді, шығыс септік тұлғалы жанама толықтауыш).

Бағыныңқы сыңар

  • Не істесімен?қайтып келісімен (күрделі, етістікті, көсемше тұлғалы баяндауыш).
  • Кім?ол (дара жіктеу есімдігі, бастауыш).
  • Қайда?үйге (дара, зат есімді, барыс септік тұлғалы жанама толықтауыш).

Сөз тіркесіне қысқаша талдау

  • Ол қайтып келісімен — етістікті тіркес; байланысу түрі: қиысу; тәсілі: орын тәртібі.
  • Үйге қайтып келісімен — етістікті тіркес; байланысу түрі: меңгеру; тәсілі: жалғау арқылы.
IV

Мақсат қою

Сабақтың тақырыбын тақтаға жазып, оқу мақсаттарын түсіндіру.

V

Жаңа сабақ: себеп бағыныңқы сабақтас

Анықтама

Себеп бағыныңқы сабақтас — бағыныңқы сыңары басыңқыда айтылған ойдың себебін білдіретін сабақтастың түрі.

Мысал

Жұмыстың ең ауыры осында болғандықтан, Ермек мұнда әдейі тіленіп келді.

Қойылатын сұрақтар

  • Неліктен?
  • Не себепті?
  • Неге?
  • Не деп?

Жасалу жолдары

  • Есімшенің өткен шақ формасына -дықтан/-діктен жұрнағының жалғануы арқылы жасалады.
  • Есімшенің өткен шақ формасына соң шылауының тіркесуі арқылы жасалады.
  • Көсемшенің жұрнағына біткен болымсыз түрі арқылы жасалады.
  • Ашық райлы етістікке деп көмекші етістігінің тіркесуі арқылы жасалады.

Ескерту: себеп бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемнің құрылымын меңгеру үшін сөйлемнің бағыныңқы және басыңқы сыңарын дұрыс ажыратып, бағыныңқыдағы себептік мағынаны білдіретін тұлғаларды тану маңызды.