Етістіктің сұрақтарын ата
Пән
Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы
Осы шақ
Түрі
Жаңа білім беру
Әдісі
Сұрақ-жауап
Пәнаралық байланыс
Математика, дүниетану, ана тілі
Көрнекілігі
Слайд, оқулық, дәптер, тірек сызбалар, кестелер
Сабақтың мақсаты
1) Оқушыларға осы шақ туралы түсінік қалыптастыру; өткен тақырыптар бойынша білімдерін байқау және толықтыру.
2) Өзіндік және шығармашылық жұмыс дағдыларын, белсенділігі мен ойлау қабілеттерін дамыту; шақтарды ажырата білуге үйрету.
3) Өз білімін және сыныптастарының білімін бағалауға, жауап беру ретін сақтауға, бір-бірін тыңдай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылардың назарын сабаққа аудару
- Психологиялық дайындық: ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру.
- Топқа бөлу: өлең шумағы бойынша.
Топқа бөліну материалы
Міржақып Дулатовтың «Шешенің балаларын сүюі» өлеңінен екі шумақ алынады.
I топ
Кім сендерді, балалар, сүйетұғын,
Қуанышыңа қуанып, қайғыңа күйетұғын.
Түн ұйқысын төрт бөліп, кірпік қақпай,
Шешең байғұс дамылсыз жүретұғын.
II топ
Кім сендерді, балалар, тербететін,
Еркелетіп, ойнатып, сергітетін?
Жалқау болсаң, балалар, жаман болсаң,
Қамқор анаң көз жасын көлдететін.
Автор туралы қысқаша мәлімет
Міржақып Дулатов (1885–1935) — ақын, жазушы, ағартушы-педагог. Қостанай өңірінде туған.
«Оян, қазақ» кітабында халқына үндеу жасап, өнер-білімге шақырды; елдің іргелі, тең құқылы болуын көкседі.
1928 жылы «халық жауы» деген жалған айыппен 10 жылға сотталып, түрмеде ауыр науқастан қайтыс болды.
Қазақ әдебиетіндегі алғашқы романдардың бірі — «Бақытсыз Жамал».
II. Үй тапсырмасын тексеру
Жазба жұмыс
«Біз бейбітшілікті сүйеміз» тақырыбына жазылған әңгімелерді оқыту.
«Серпілген сұрақтар» стратегиясы
Оқушылар бір-біріне сұрақ қояды:
- Етістік дегеніміз не?
- Етістіктің сұрақтарын ата.
- Болымды және болымсыз етістік дегеніміз не?
- Дара етістік дегеніміз не?
- Күрделі етістік дегеніміз не?
- Етістіктің жіктелуі дегеніміз не?
Етістікке іс-әрекеттің қай жақта айтылғанын білдіру үшін жіктік жалғаулары жалғанады. Етістікке жіктік жалғаулары жалғанып өзгеруін етістіктің жіктелуі дейді.
Етістіктің шақтары іс-әрекеттің жүзеге асу мезгілін (уақытын) білдіреді. Соған орай етістіктің үш шағы бар: осы шақ, өткен шақ, келер шақ.
Ойлан: кестенің сырын аш
Сандарды өсу ретімен орналастырып, әр санға сәйкес әріпті қойып, бүгінгі тақырыпты анықта.
581
с
1685
қ
1215
а
377
о
828
ы
900
ш
Бүгінгі сабақтың тақырыбы: Осы шақ
Қалауыңызша: орысша және ағылшынша баламаларын атау.
Оқулықпен жұмыс
25-жаттығу
Қайрат қайрақ қайрап отыр.
Қайрақпен балта қайрап отыр.
- Жаңылтпашты оқып, жатқа жаз.
- Етістіктердің астын сыз, оларға сұрақ қой.
- Етістікті үш жақта жекеше және көпше түрде жікте.
- Бұл әрекеттердің қашан болғанын анықта.
I топ — жекеше
- Мен қайрап отырмын.
- Сен қайрап отырсың.
- Сіз қайрап отырсыз.
- Ол қайрап отыр.
II топ — көпше
- Біз қайрап отырмыз.
- Сендер қайрап отырсыңдар.
- Сіздер қайрап отырсыздар.
- Олар қайрап отыр.
Қорытынды: Осы шақ етістігі іс-әрекеттің қазір болып жатқанын білдіреді.
Осы шақтың сұрақтары: Не істеп отырмын? Не істеп отырсың? Не істеп отыр?
26-жаттығу (ауызша)
Берілген сөздерді пайдаланып, сөйлем құрап оқы. Етістіктерді тап, оларға сұрақ қой.
I топ — жекеше
- Мен ойлап отырмын.
- Сен ойлап отырсың.
- Сіз ойлап отырсыз.
- Ол ойлап отыр.
II топ — көпше
- Біз ойлап отырмыз.
- Сендер ойлап отырсыңдар.
- Сіздер ойлап отырсыздар.
- Олар ойлап отыр.
Етістіктердің осы шақта тұрғанын дәлелде: іс-әрекеттің дәл қазір болып жатқанын білдіреді және «Не істеп отыр?» үлгісіндегі сұрақтарға жауап береді.
28-жаттығу (тақтамен жұмыс)
- Сөйлемдерді көшіріп жаз.
- Сөйлем мүшелеріне талдау жаса.
- Баяндауыштың осы шақта тұрғанын дәлелде.
Жедел тапсырма: «Кім жылдам?»
Мақал-мәтелдер мен тұрмыстық кеңестердің жалғасын тап:
Оқысаң, бәрін білесің.
Көп ұйықтасаң, басың ауырады.
Шөлдесеңіз, сусын ішіңіз.
Көзің ауырса, қолыңмен сүртпе.
Аяғың ауырса, көп жүрме.
Жаз шықса, күн ысиды.
29-жаттығу: Жұмбақ
Жұмбақты оқып, шешуін тап. Етістіктің қай шақта, қай жақта тұрғанын анықта.
Шешуі: Глобус
Глобус туралы қысқаша мәлімет
Глобус — Жердің барынша кішірейтіліп жасалған үлгісі. «Глобус» сөзі латын тілінде «шар» деген мағынаны білдіреді. Глобуста картадағыдай жер беті түрлі түстермен кескінделеді. Оның төрттен үш бөлігі көгілдір түске боялған — ол мұхиттар мен теңіздер.
Қорытынды және бекіту
«Желдеткіш» сұрақтары (екі топ бір-біріне қояды)
- Осы шақты қалай түсіндің?
- «Етістік» орысша қалай айтылады?
- Осы шақтың сұрақтарын ата.
- Етістіктің неше шағы бар?
- «Отыр» сөзін үш шақта айт.
- «Тұр» сөзін үш шақта айт.
Нені білдім?
- Етістіктің шақтары туралы білімімді толықтырдым.
- Осы шақтың жасалуын және сұрақтарын ажырата аламын.
- Етістікті жаққа қарай жекеше-көпше түрде жіктей аламын.
Бағалау
Оқушылардың жауаптары мен белсенділігіне қарай бағалау жүргізіледі.
Үй тапсырмасы
30-жаттығу.
Рефлексия
- Сабақ саған ұнады ма?
- Қандай көңіл күйде болдың?
- Қандай қызықты сәттер болды?
- Өзіңе нені түйдің?
- Бүгін сабақта ата-анаңа жақсы көңіл күй сыйлай алдым деп ойлайсың ба?
- Мұғалімнің көңілінен шықтым деп ойлайсың ба?