Қадыр Мырза Әли НҰР

Сабақтың тақырыбы

Қадыр Мырза Әлідің «Нұр» өлеңі.

Білімділік мақсат

  • Қадыр Мырза Әлідің өмірі мен шығармашылығымен таныстыру.
  • «Нұр» өлеңінің мазмұнын ашу, талдау.

Тәрбиелік мақсат

  • Табиғатты аялауға, қоршаған ортаны қорғауға тәрбиелеу.
  • Табиғат сырын түсініп, жауапкершілікпен қарауға баулу.

Сабақ форматы

Сабақтың түрі
Жаңа сабақты меңгерту.
Әдіс-тәсілдер
СТО стратегиялары, өлең мәтінімен жұмыс, сұрақ-жауап, мәнерлеп оқу.
Пәнаралық байланыс
Қазақ тілі, музыка, физика, география.

Көрнекіліктер

Қадыр Мырза Әлі портреті, кітаптары, суреттер, қазақ тілінің түсіндірме сөздігі, фразеологиялық сөздік.

I. Ұйымдастыру кезеңі

  • 1 Сәлемдесу, түгелдеу.
  • 2 Сабаққа дайындығын тексеру, сынып тазалығына назар аудару.
  • 3 Оқушылардың ынтасын сабаққа бағыттау.

II. Үй тапсырмасын тексеру

Өткен тақырып: М. Мақатаевтың «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы.

Өлең жолдары (үзінді)

Өмір дегенге

Тіршілікте, сірә, жетер ме ой!

Жарық дүниеден басқаның бәрі бекер ғой.

Бекер ғой бәрі…

Бекер ғой бәрі, бөтен ғой,

Өмір дегенің —

Бір күндік сәуле екен ғой!

Ақынның бір түнде, бір деммен жазған (1722 жол) поэмасы — табиғат пен ақын сезімінің үндесуінен туған көркем туынды.

Қорытынды талдау бағыты

Оқушылар поэманы оқып, талдап, мәнерлеп жатқа айтты. Қорыту ретінде поэманың жалпы композициясы туралы білімдері тексеріледі.

Тақырыбы:
аққулар.
Аққу бейнесі:
сұлулық пен адалдықтың символы.

Экологиялық ой

Әр адамның тіршілігі қоршаған ортамен байланысты. Табиғатта тепе-теңдік бар, ол бұзылса, адам өміріне қауіп төнеді.

Осы ойды ашу үшін қосымша мысал ретінде М. Әуезовтің «Көксерек» шығармасы мен Ш. Мұртазаның «Жүз жылдық жара» туындысын еске түсіруге болады.

Сұрақ-талқылау

Табиғат тынышын бұзған кім?

Поэмадағы күрделі түйін — ананың аққуды атуы. Бұл әрекетке баға беру оқушының адамгершілік және дүниетанымдық ұстанымын айқындайды.

Ананың әрекеті дұрыс па?

«Әйел жаны нәзік» ұғымы мен аналық махаббаттың шексіздігі арасындағы қайшылықты талқылап, оқушылардан дәлелді жауап алу ұсынылады.

Мұқағали Қадыр ақын туралы: «Қадыр — найзағайлы ақын. Қалай да бір жалт беріп, тіліп өтпей тоқтамайды» — деп бағалаған.

III. Жаңа сабақ

Тақырыбы: Қадыр Мырза Әлідің «Нұр» өлеңі. Интерактивті тақтамен жұмыс жүргізіледі.

Жоспар

  1. 1 Қ. Мырза Әлідің өмірімен танысу.
  2. 2 Шығармашылығымен танысу.
  3. 3 Көрнекілікпен жұмыс.
  4. 4 «Нұр» өлеңінің мазмұнын ашу: қара сөзге айналдырып әңгімелеу, талдау.
  5. 5 Мәнерлеп оқу.
  6. 6 Дәптермен жұмыс.

Алдын ала дайындық

Оқушыларға Қадыр ақынның шығармашылығы туралы материалды үйден оқып келу тапсырылған. Жаңа сабақта сұрақтар арқылы білімдері нақтылады.

Еске салу: сыныптық жұмыс форматы

  • Қысқа жауап + дәлел.
  • Мәтіннен дәйексөз келтіру.
  • Топтық талқылауда қорытынды пікір шығару.

Оқушыларға қойылатын сұрақтар

1

Қадыр Мырза Әлі қай жылы, қай жерде дүниеге келген?

2

Алғашқы өлеңі қай журналда, қай жылы жарияланған?

3

Тұңғыш өлеңдер жинағы қалай аталады?

4

Драма жанрында қандай шығармалары бар?

5

Ақынның соңғы өлеңі қалай аталады?

6

ҚР рәміздерінің бұрынғы қайсысының авторы болған?

7

Ақынның қандай жинақтарын білесіңдер?

8

Өлеңдері қандай тілдерге аударылған?

9

Өмірінің соңғы кезеңінде қай қалада тұрған?

10

Балаларға арналған қандай шығармаларын білесіңдер?

11

Алғашқы жұмыс орны қай баспада болған?

12

Қандай сыйлықтардың лауреаты атанған?

13

Қадыр Мырза Әлідің қандай өлеңдерін білесіңдер?