Оқушылардың зейінін, назарын жаттығулар орындау арқылы сабаққа аудару
Сабақтың тақырыбы: «Боран»
Бұл сабақ жоспары қыс мезгілінің көріністерін талдау арқылы оқушылардың тілдік дағдыларын дамытуға және табиғатқа жанашырлық көзқарас қалыптастыруға бағытталған.
Сабақтың мақсаты
Қазақтың ұлы жазушысы Мұхтар Әуезов туралы мағлұмат беру және оның шығармаларымен таныстыру.
Білімділік
Қыс мезгілі туралы түсінік бере отырып, сабақ тақырыбын ашу; талдау жұмыстарын жүргізу; мәтін мазмұнын меңгерту; оқушылардың білім-біліктілігін арттыруға ықпал ету.
Дамытушылық
Сабаққа қызығушылықты арттыру; ойды жүйелі жеткізу, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру; жазбаша тілін жетілдіру; ой-өрісін дамыту.
Тәрбиелік
Табиғаттың әсемдігін байқап, қадірлей білуге үйрету және табиғатты қорғауға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер
- М. Әуезовтің суреті және шығармалары
- Теледидар, үнтаспа
- Қыс көрінісін толық көрсететін ағаш, қар түрлері, суреттер
Пәнаралық байланыс
- Дүниетану
- Музыка
- Еңбекке баулу
- Бейнелеу өнері
Әдіс-тәсілдер
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушылармен амандасу.
- Оқушыларды түгендеу.
- Зейін мен назарды жаттығулар арқылы сабаққа аудару.
Жаттығу
Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің жомарт сәулелері ананың нәзік алақанындай аялап, сипап, жылытады. Сиқырлы күн барлық өкпе мен мұңды ерітіп, жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады.
Барлығы бірге:
Күн жарығын алақанға саламын,
Жүрегіме басып ұстай аламын.
Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді
Болып кетер сонда дереу жан-жағым.
Осындай жүрек жылуымен сабағымызды бастаймыз.
II. Үй тапсырмасын тексеру
Үйге Абай Құнанбаевтың «Қыс» атты өлеңін жаттау және қыс көрінісіне сурет салып келу тапсырылған. Сабақта оқушылар өлеңді жатқа айтып, өз суреттерін таныстырып, сынып алдында қорғайды.