Сабақтың мақсаты. Сабақтың тақырыбы

Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы

№1 орта мектеп, бастауыш сынып мұғалімі: Жолдыгулова Алма

Сабақ тақырыбы

Ілияс Жансүгіровтің «Көктемде» өлеңі

Сабақтың мақсаты

Білімділік

Оқушыларды өлеңмен таныстыру, негізгі ойды ашу, мәнерлеп оқу дағдысын қалыптастыру.

Дамытушылық

Танымдық қабілетін, сөздік қорын және тіл байлығын дамыту.

Тәрбиелік

Экологиялық тәрбие беру арқылы табиғатты қорғауға, аялауға тәрбиелеу.

Сабақтың ресурстары мен ұйымдастырылуы

Көрнекіліктер

  • Графопроектор
  • Суреттер, сызбалар, ребустар
  • Суреттерді жапсырмалау материалдары
  • Мақал-мәтелдер

Сабақ форматы

  • Сабақ түрі: жаңа сабақты түсіндіру, технология элементтерін енгізу
  • Әдістері: сұрақ-жауап, көрнекілік, түсіндіру, жапсырмалау

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру

Сыныптың сабаққа дайындығын тексеру, назарды шоғырландыру.

II. Психологиялық дайындық

Бір, екі, үш —
Сынып іші тып-тыныш.
Жалқаулықты тастайық,
Сабақты біз бастайық.

III. Үй жұмысын тексеру

Оқу тәсілдері

  • Ызыңдап оқу
  • Іштей оқу

Жоспар бойынша сұрау (4 бөлім)

  1. 1Ағаш отырғызу апталығы
  2. 2Алмабектің ағаштарының мүшкіл халі
  3. 3Ауа райының күрт өзгеруі
  4. 4Ағаштар неге ашуланады?

IV. Бекіту: «Ұйқасын тап» ойыны (мақал-мәтелдер)

Еңбек туралы

  • Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей.
  • Еңбек ермекке жеткізеді, ерлік елдікке жеткізеді.
  • Еңбек етпесең елге өкпелеме, егін екпесең жерге өкпелеме.
  • Еңбек ширатады, өмір үйретеді.

Еріншек туралы

  • Еріншектің ертеңі бітпес.
  • Жаманға жан жуымас, жалқауға мал жуымас.

Табиғат туралы

  • Көлдің көркі — құрақ, таудың көркі — бұлақ.
  • Адамзаттың табиғатсыз күні жоқ, мұны айтуға табиғаттың тілі жоқ.
  • Табиғатым — тал бесігім.

V. Жаңа сабақ: қызығушылықты ояту

Бейнесөзді шешу арқылы тақырыпқа шығу: «Көктемде».

«Көктемде» сөзін естігенде ойымызға қандай құбылыстар келеді? Көз алдымызға не елестейді?

VI. Топтастыру (кластер) әдісі

Ашық аспан
Ағаштар бүршік жарады
Бәйшешек атады
Наурыз тойы болады
Мал төлдейді
Құстар ұшып келеді
Өзен тасиды
Сең жүреді

VII. Қосымша деректер

«Дерек» дегеніміз — ақпарат, яғни белгілі бір құбылыс туралы түсінік беру.

  • Топырақ жылынса, бәйшешек пен жауқазын жайқалып шығады.
  • Ең алғаш ұшып келетін құстардың бірі — ұзақ.
  • Көктемде алғаш тасбақаны көріп, ауызындағы шөбін алған адам бақытты болады деген ырым бар.

VIII. Автор туралы

Ілияс Жансүгіров кім? Ақынның өмірі мен шығармашылығына қысқаша шолу жасау.

IX. Сергіту сәті

Тербеледі ағаштар,
Алдымнан жел еседі.
Кіп-кішкентай ағаштар,
Біп-биік боп өседі.

X. Оқулықпен жұмыс

  • Мұғалім өлеңді мәнерлеп оқиды.
  • 2–3 оқушыға оқыту.

XI. Пысықтау: сұрақ-жауап

  1. 1) Ақын көктемнің келгенін жан-жануарлар өміріндегі өзгерістер арқылы қалай байқатады?
  2. 2) Өлең мазмұнын жапсырмалау тәсілі арқылы жеткізу.

XII. Сөздік жұмысы

Құмайт

Құмды жер.

Шымайт

Шымды жер (тығыз шөпті, құнарлы жер).

XIII. Шығармашылық тапсырма

Көктем туралы өз ойыңнан бес жол өлең құрастыру.

XIV. Қорытынды

Байқайсыз ба, жасарғандай кәрі жар,
Жасыл шапан жамылыпты сары бел,
Бар тамырға қан жіберіп жатқандай,
Көктем — сұлу, ғажайып бір дәрігер.

Талқылау сұрақтары:

  • Бүгінгі сабақта кімнің шығармасымен таныстық?
  • Автордың негізгі ойы қандай? (Табиғаттың сұлулығы мен өзгерістерін жеткізу.)

XV. Үй тапсырмасы

Өлеңді оқу, мазмұнын түсініп келу және берілген тапсырмаларды орындау.

XVI. Бағалау және мадақтау

Оқушылардың белсенділігі мен жауаптарына қарай бағалау, жетістіктерін атап өту.