Алтын Орданың әлсіреуі
Сабақ туралы қысқаша мәлімет
Тақырыбы
Алтын Орда (XIII–XIV ғғ.)
Сабақтың түрі
Аралас сабақ
Әдіс-тәсілдер
- Белсенді оқыту әдістері
- Сызба, кесте құрастыру
- Ауызша сауалнама
- Сұрақ-жауап
Көрнекіліктер
Суреттер, Алтын Орда картасы, «Алтын Орда энциклопедиясы» иллюстрациялары, сызбалар.
Сабақтың мақсаттары
Танымдық мақсат
Алтын Орда мемлекетінің құрылуын, саяси-экономикалық даму ерекшеліктерін түсіндіру және Орданың әлсіреу себептерін ашу.
Дамытушылық мақсат
Алтын Орда тарихын басқа мемлекеттермен салыстыру арқылы оқушыларды өз бетінше қорытынды жасауға үйрету және зерттеуге ынталандыру.
Тәрбиелік мақсат
Оқушыларды Отан тарихына құрметпен қарауға, ұлттық құндылықтарды қадірлеуге тәрбиелеу.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылардың зейінін сабаққа аудару, сыныптың жұмысқа дайындығын тексеру.
II. Үй тапсырмасын тексеру (тест)
-
1) XII ғасырдың соңында моңғол далаларында билік құрған кім?
- A) Қыпшақ ханы
- Ә) Хорезмшах
- Б) Қытай боғдыханы
- В) Темүжін
-
2) Моңғол-татар шапқыншылығы кезінде Оңтүстік Қазақстанда билік кімнің қолында болды?
- A) Хорезмшах
- Ә) Қыпшақ ханы
- Б) Қытай боғдыханы
- В) Арслан хан
-
3) Шыңғыс ханның билік құрған жылдары:
- A) 1200–1227 жж.
- Ә) 1213–1237 жж.
- Б) 1155–1206 жж.
- В) 1206–1227 жж.
-
4) Шыңғыс хан әскері Жетісуға қашан кірді?
- A) 1206 ж.
- Ә) 1208 ж.
- Б) 1219 ж.
- В) 1213 ж.
-
5) 1219 жылы моңғол әскерлері қайда аттанды?
- A) Қытайға
- Ә) Сібірге
- Б) Дешті Қыпшаққа
- В) Мауараннахрға
-
6) Жетісуды моңғолдар қалай бағындырды?
- A) Бейбіт жолмен
- Ә) Зорлық әдісімен
- Б) Дұрыс жауап жоқ
- В) Барлық жауабы дұрыс
-
7) Моңғолдар оңтүстік өлкемізді қалай бағындырды?
- A) Зорлық әдісімен
- Ә) Өз еркімен қосылды
- Б) Дұрыс жауап жоқ
- В) Барлық жауабы дұрыс
-
8) Отырар апаты қашан болды?
- A) 1219–1220 жж.
- Ә) 1218 ж.
- Б) 1216–1217 жж.
- В) 1219 ж.
-
9) Моңғолдардың Орталық Азияны жаулап алуы қай жылы аяқталды?
- A) 1224 ж.
- Ә) 1216 ж.
- Б) 1219 ж.
- В) 1237 ж.
-
10) Қазақстанның аймақтары қай ұлысқа кірген жоқ?
- A) Үгедей ұлысы
- Ә) Шағатай ұлысы
- Б) Төле ұлысы
- В) Жошы ұлысы
«Алтын Орда» атауының шығуы
Жазба деректер
Жазба деректерде «Алтын Орда» атауы XVI ғасырдың аяғында пайда болғаны айтылады: орыс деректерінде — Алтын Орда, ал қытай тарихи деректерінде — Қыпшақ ордасы деп аталады.
Плано Карпини дерегі
Еуропа саяхатшысы Плано Карпини «Алтын Орда» атауын Үгедейдің ұлы Күйікті ұлы хан етіп таққа отырғызу кезіндегі алтынмен әшекейленген киіз үймен байланыстырады.
«Шыңғыснама» шежіресі
«Шыңғыснамада» Шыңғыс хан Батуды Жошының орнына хан етіп сайлағанда, босағасы алтынмен апталған Алтын Ордаға кіргізгені баяндалады.
Алтын Орда — Жошы ұлысының негізінде құрылған алғашқы ірі мемлекеттердің бірі.
Тапсырма: хандар мен маңызды оқиғалар кестесі
Оқушыларға Алтын Орданың хандары және олардың тұсындағы маңызды оқиғалар бойынша кесте құру ұсынылады.
| Хан | Билік құрған жылдары | Маңызды оқиғалар |
|---|---|---|
| Батый хан (Сайын хан) | 1227–1255 жж. |
|
| Берке хан | 1257–1266 жж. |
|
| Меңгу-Темір | 1266–1280 жж. |
|
| Тоқты хан | 1290–1312 жж. |
|
| Өзбек хан | 1312–1342 жж. |
|
Алтын Орданың қоғамдық құрылысы
Мемлекеттік басқару жүйесі әскери және азаматтық билік тармақтарына бөлінді.
Жоғарғы билік
Хан
Әскери билік
- Түменбасы, мыңбасы
- Беклербек
- Басқақтар
Азаматтық билік
- Уәзірлер
- Мәліктер
- Даруғалар
Іс жүргізу және жазу
Жазуы — ұйғыр жазуы. Іс қағаздарын білікшілер (жазушылар) жүргізді.
Алтын Орданың әлсіреу себептері
Мемлекеттің әлсіреуіне бірқатар ішкі және сыртқы факторлар әсер етті.
Ішкі дағдарыс
- XIV ғ. II жартысында ішкі алауыздық күшейді.
- 1357–1380 жж. аралығында 20-дан астам адам хан болды.
- Тақ үшін таласта өзара қақтығыстар, қастандықтар жиіледі.
Сыртқы қысым және соғыстар
- Мамай қолы Куликово даласында орыс әскерінен жеңілді.
- Осы жағдайды пайдаланған Жошы ұрпағы Тоқтамыс билікті өз қолына алды.
- 1382 ж. Мәскеуге шабуыл жасап, қаланы өртеді.
- Мауараннахр мен Кавказға бірнеше рет жорық жасалды.
- Әмір Темірдің бірнеше жорығы Алтын Орданы қатты әлсіретті.
Қорытынды нәтиже
- XV ғасырдың ортасында бірнеше хандыққа ыдырады.
- XVI ғасырдың басында құлады.
Сабақты бекіту сұрақтары
Талқылау
- Алтын Орда қанша уақыт өмір сүрді?
- Алтын Орда туралы мәліметтерді қандай деректерден білеміз?
- «Орда» ұғымы қандай мағынаны білдіреді?
- Мұсылман діні қай хандардың тұсында қабылданды?
- Алтын Орданың ыдырауына не себеп болды?
Бағалау және үй тапсырмасы
Бағалау
Оқушылардың белсенділігі, жауаптарының дәлдігі және кесте жұмысының сапасы бойынша бағалау.
Үйге тапсырма
- Тақырып соңындағы сұрақтарға жауап дайындау.
- Қосымша әдебиет оқу: «Алтын Орда энциклопедиясы».