Ғажайып үштік кезеңі

Информатика және біз

Форматы

Танымдық ойын

Көрнекілігі

Интерактивті тақта, тапсырма парақтары

Мақсаты

  • Информатика пәніне қызығушылықты және білімге құштарлықты арттыру.
  • Оқушыларды өз бетімен ізденуге, шығармашылық тұрғыдан дамуға, қорытынды жасауға үйрету; сөздік қорын және ойлау қабілетін дамыту.
  • Мақсатқа жету жолында жауапкершілікті күшейтіп, жетістікке ұмтылуға тәрбиелеу.

Жүргізуші сөзі

Ойын толқын жатқандай асып-тасып,
Біреу мығым, біреулер шалыс басып.
Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,
Жеңсең де, жеңілсең де қалма жасып.

Қайырлы кеш, қадірлі қонақтар, ұстаздар, оқушылар! «Информатика және біз» атты кешімізге қош келдіңіздер.

Кешіміз үш топтың білімдерін көрсетуі арқылы өтеді.

Уа, жарандар, жарандар!
Зейін қойып, бізді біраз тыңдаңдар.
Ғылымдардың ғылымы — информатика жайында
Ойынымызды бастаймыз.

Оқушылардың өлең жолдары

1-оқушы

Информатика әлемі —
Қызығы мол, әдемі.
Компьютердей құралды
Меңгердік біз енді.

3-оқушы

Бүгінде компьютер барлық жерде:
Құрылыста, техникада, өндірісте.
Сырларын бұл ғылымның үйреніңдер,
Жастар, зерделікпен меңгеріңдер!

Әділқазылар алқасы және қатысушылар

Әділқазылар алқасы

  • _________________________________
  • _________________________________
  • _________________________________

Қатысушылар

  • 9-сынып Команда
  • 10-сынып Команда
  • 11-сынып Команда

Қазылар орнықтырар әділдікті,
Кімдердің жауаптары кәдік шықты.
Білім мен тапқырлықтың жарысында,
Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты!

Ойын құрылымы

  1. 1

    Танысу кезеңі

    Командалар өздерін таныстырады.

  2. 2

    Қас-қағым сәт

    Жедел сұрақ-жауап кезеңі.

  3. 3

    Ғажайып үштік

    Ұяшық таңдап, сұрақтарға жауап беру.

  4. 4

    Логика

    Логикалық тапсырмалар.

  5. 5

    Шебер қолдар

    Тәжірибелік жұмыс, қолданбалы дағдылар.

  6. 6

    Кім білгір

    Тақырыптық білім сайысы.

  7. 7

    Қызықты жұмбақтар

    Жұмбақ шешу арқылы ой ұшқырлығын дамыту.

  8. 8

    Мақал-мәтелдер

    «Жалғасын тап» тапсырмасы.

  9. 9

    Қорытынды

    Нәтиже шығару, марапаттау.

2-кезең: «Қас-қағым сәт»

Бұл кезеңде барлық командаларға информатика пәні бойынша жедел сұрақтар қойылады. Әр дұрыс жауап 1 балл болып есептеледі.

Сұрақтар (Информатика)

Жауаптары жақша ішінде көрсетілген.

  1. 1. Ақпаратты бейнебетке шығаруға арналған құрылғы — бұл (монитор).

  2. 2. Бір килобайт (1 024 байтқа) тең.

  3. 3. Жадыны үнемдеу және қысылған мәліметтерді бір мұрағаттық файлда орналастыру мақсатында файл(дар)ды нығыздау — (мұрағаттау).

  4. 4. Word құжатына дайын суреттерді қандай әмірлер арқылы кірістіруге болады? (Кірістіру → Сурет → Файлдан → қажетті суретті екі рет шерту)

  5. 5. Excel бағдарламасында формула қай символдан басталады? (=)

  6. 6. Тапсырмалар тақтасы дегеніміз не? («Бастау» мәзірінен кейін орналасқан жолақ)

  7. 7. ОЖ дегеніміз не және оның түрлері қандай? (Адам мен компьютер арасындағы байланысты қамтамасыз ететін жүйелік бағдарлама. Компьютер жұмысын басқарады: MS-DOS, Windows 95/98, Windows 2000/XP, Windows NT, UNIX)

  8. 8. Бас мәзір қалай ашылады және қандай командалардан тұрады? («Бастау» арқылы ашылады: Бағдарламалар, Құжаттар, Анықтама, Орындау, Қайта жүктеу, Өшіру)

  9. 9. Мұрағаттық бағдарлама дегеніміз не және оның түрлері қандай? (Үлкен көлемді файлды/буманы қысу арқылы көлемін кішірейту: WinRAR, WinZIP, ARJ, PKZIP, PKUNZIP)

  10. 10. Windows терезелерінің түрлері қандай? (Сұхбат терезесі, Анықтама терезесі, Ескерту терезесі, Бума терезесі, Құжат терезесі, Сілтеуіш терезесі)

3-кезең: «Ғажайып үштік»

Бұл кезеңде әр команда ұяшықтарды таңдап, берілген сұрақтарға жауап береді. Ұпай саны таңдалған ұяшықтың мәніне сәйкес есептеледі.