Қане кім жазады тақтаға

Сабақ туралы қысқаша мәлімет

Білім беру саласы

Қарым-қатынас

Бөлімі

Ағылшын тілі

Тақырыбы

Food. I like / I don’t like. Letter Uu

Көрнекіліктер

  • Интерактивті тақта
  • Аудио диск
  • Плакаттар

Мақсаты

  • Food тақырыбы бойынша жаңа лексикалық материалмен және жаңа Uu әрпімен таныстыру.
  • Азық-түлік атауларын айтуға және қарапайым сөйлемдер құрауға дағдыландыру.
  • Тамақтану мәдениетіне баулу.

Билингвальді компонент (сөздік)

pizza

пицца

ice cream

балмұздақ (мороженое)

juice

шырын (сок)

manty

мәнті

egg

жұмыртқа (яйцо)

bread

нан (хлеб)

urial

таутеке

I like / I don’t like

Маған ұнайды / Маған ұнамайды (мне нравится / мне не нравится)

Сабақтың барысы

1) Ұйымдастыру кезеңі

Амандасу және шаттық шеңбері

Good morning, children!

Good morning! Good morning!
Good morning to you!
Good morning! Good morning!
We are glad to see you!

Өткен сабақты қайталау

Алдыңғы сабақтағы сөздерді еске түсіріп, жануарлардың атауларын қайталаймыз:

  • bear
  • monkey
  • fox
  • tiger
  • elephant
  • lion

Жұмбақ

Асты тас, үсті тас,
Ортасында піскен ас.

Жауабы: нан (bread)

Жарайсыңдар! Жұмбақтың шешімін дұрыс таптыңдар.

2) Тақырыпқа кіріспе: Тамақтанудың маңызы

Бүгін біз тағам туралы әңгімелесеміз. Адам өмір сүру үшін дұрыс әрі пайдалы тамақтануы керек. Құнарлы тағамдар жеп, дәрумендерді көбірек тұтынсақ, бойымыз да, ойымыз да өседі, күшіміз артады. Сырқауды сиретіп, сергек жүруге көмектеседі.

3) 1-тапсырма: Жаңа сөздермен танысу

Суреттерге қараймыз: алдымен мұғалім айтады, содан кейін бәріміз хормен қайталаймыз.

Word

pizza

Word

ice cream

Word

juice

Word

manty

Word

egg

Word

bread

Ән тыңдау (жаңа сөздермен)

Eggs and apples,
Pizza and cheese,
Pears, bananas,
And ice cream.
This is food. It’s very good.
Look at it — we all like it.

Өлең жолдарын мұғалімнің артынан қайталап айтамыз.

4) 2-тапсырма: I like / I don’t like арқылы сөйлем құрау

Суреттегі тағамдарға қарап, I like және I don’t like тіркестерін қолдана отырып сөйлемдер құраймыз. Кім бастайды?

Example

I like a banana.

Example

I don’t like eggs.

Сергіту сәті

Sit down, stand up,
Then jump, then run,
Then sleep, then smile,
And let’s have fun.

5) 3–4-тапсырмалар: Жаңа әріп — Uu

Айтылым және жазылым

Uu әрпін дауыстап айтамыз және қайталаймыз. Мұғалім тақтаға жазылуын көрсетеді. Одан кейін оқушылардың бірі тақтаға жазып көреді.

Тақпақ

Urial — таутеке,
Uu әрпі тұр басында.
Тұяғы еш таймайды,
Таудың құз жартасында.

Жаңа сөз: urial

Urial — таутеке, яғни дала қойы деген мағынаны білдіреді. Бұл өте сирек кездесетін жануар. Қазақстан аумағында мекендейді, мүйізді әрі сұлу. Таулы аймақтарда өмір сүреді, үйірімен жүреді және шөппен қоректенеді.

6) 5-тапсырма: Uu әрпін табу

Суретте өткен тақырыптағы сөздер берілген. Сол сөздердің ішінен бүгінгі жаңа әрпіміз — Uu әрпі кездесетіндерін тауып, астын сызамыз. Содан кейін сөздерді ағылшынша атап шығамыз.

7) Жұмыс дәптері

Жұмыс дәптерін ашамыз: 31–32-беттер. Балалар өздері жақсы көретін және ұнатпайтын жемістердің суретін салып, кейін сол бойынша сөйлем құрайды.

Қорытынды

Бүгінгі сабаққа бәрің белсенді қатыстыңдар. Жақсы жұмыс үшін әрқайсыңа мадақтау ретінде жұлдызшалар беріледі.

Қайталау сұрағы

Бүгін қандай тағамдармен таныстық? Есімізге түсірейік: pizza, ice cream, juice, manty, egg, bread.

Қоштасу

Goodbye, children!