Шешуін тап

Пәні: Қазақ тілі (4-сынып)

Сабақтың тақырыбы

Етістік

Сабақтың типі

Оқушылардың жаңа білімді меңгеру сабағы.

Сабақтың мақсаты

Білімділік

  • Оқушыларға етістік туралы түсінік беру және етістікке қойылатын сұрақтарды меңгерту.
  • Сөйлем ішінен етістік сөздерді табу дағдысын қалыптастыру.

Дамытушылық

  • Ойлау қабілетін, сөздік қорын дамыту.
  • Сөйлеу және әңгімелеу дағдыларын жетілдіру.
  • Мәнерлеп сөйлеуге, көркем жазуға және өз бетінше жұмыс орындауға дағдыландыру.

Тәрбиелік

  • Ұжымда өзін-өзі ізгілікке тәрбиелеуге бағыттау.
  • Зеректікке, ұқыптылыққа, адалдыққа баулу.
  • Көркем жазу арқылы әсемдікке тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер және көрнекілік

Әдіс-тәсілдері

  • СТО технологиясының тәсілдері
  • Түсіндіру, сұрақ-жауап
  • Көрнекілік арқылы түсіндіру
  • Жарыс, ойын элементтері

Көрнекілік

  • Сөйлемдер, суреттер
  • Қима қағаздар
  • «Етістік» кестесі

Сабақ жоспары

  1. Ұйымдастыру кезеңі
  2. Үй тапсырмасын тексеру. Өткен тақырыпты пысықтау
  3. Жаңа сабақ
  4. Жаңа сабақты бекіту
  5. Қорытындылау, бағалау
  6. Үйге тапсырма

Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі

а) Сәлемдесу және психологиялық дайындық

Оқушылар көк және қызыл шарларды жарып, ішіндегі тілектерді бір-біріне оқиды. Бұл бөлім сабаққа жағымды көңіл күй қалыптастыруға бағытталады.

Оқушылар тілектері

  • Әрқашан күніміз жарық болсын.
  • Денсаулығың мықты болсын.
  • Күнделігің толған бес болсын.
  • Ата-анаңның қуанышы бол.
  • Еліміз әрқашан тыныш болсын.
  • Аспанымыз ашық болсын.
  • Әрқашан жүзіңнен күлкі кетпесін.
  • Біздің ауылымыз жадырай берсін, көркейе берсін.

Топқа бөлу

Мұғалім: «Кім көк шар алса — бірінші топқа, кім қызыл шар алса — екінші топқа барады».

ә) Сабаққа әзірлікті тексеру

Оқу құралдарының толықтығы тексеріледі, дәптерлер дайындалады.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру және пысықтау

Сұрақтар

  • Балалар, біз өткен сабақтарда нені үйрендік?
  • Зат есім туралы білетіндеріңді еске түсірейік.
Септік атаулары Сұрақтары Септік жалғаулары Мысалдар
Атау септік Кім? Не? дәрігер, кітап, мұғалім, қалам
Ілік септік Кімнің? Ненің? -ның/-нің, -дың/-дің, -тың/-тің дәрігердің, кітаптың, мұғалімнің, қаламның
Барыс септік Кімге? Неге? Қайда? -ға/-ге, -қа/-ке дәрігерге, кітапқа, мұғалімге, қаламға
Табыс септік Кімді? Нені? -ны/-ні, -ды/-ді, -ты/-ті дәрігерді, кітапты, мұғалімді, қаламды
Жатыс септік Кімде? Неде? -да/-де, -та/-те дәрігерде, кітапта, мұғалімде, қаламда
Шығыс септік Кімнен? Неден? -нан/-нен, -дан/-ден, -тан/-тен дәрігерден, кітаптан, мұғалімнен, қаламнан
Көмектес септік Кіммен? Немен? -мен/-бен/-пен дәрігермен, кітаппен, мұғаліммен, қаламмен

І топ тапсырмасы

«Дәрігер» сөзін септеу. Орындарында отырған оқушылар «кітап» сөзін септейді.

ІІ топ тапсырмасы

«Мұғалім» сөзін септеу. Орындарында отырған оқушылар «қалам» сөзін септейді.

ІІІ. Жаңа сабақ

Тақырыпқа кіріспе

Оқушылар сабақтың тақырыбы мен мақсатымен танысады. Ребус шешу арқылы жаңа тақырыпқа өтеміз: «Етістік».

Етістікпен сендер 2–3-сыныптарда танысқансыңдар. Бүгін осы тақырып бойынша жаттығулар орындап, білімімізді нақтылаймыз.

Етістік туралы негізгі ережелер

Мағынасы

Заттың іс-әрекетін, қимылын білдіреді.

Сұрақтары

Не істеді? Не қылды? Қайтті?

Дара етістік

Бір ғана түбірден тұрады.

Мысалы: баста, кес, тасы, тара, аяқта, оқы.

Күрделі етістік

Кемінде екі етістіктің тіркесуі арқылы жасалады.

Мысалы: алып кел, шөлдеп кеттім, жазып отыр, уәде берді.

Болымды

Іс-әрекеттің жүзеге асқанын білдіреді.

Мысалы: алды, жаздыр, өшірді.

Болымсыз

Іс-әрекеттің болмауын, жүзеге аспауын білдіреді.

-ма/-ме, -па/-пе, -ба/-бе жұрнақтары арқылы жасалады.

Негізгі етістік

Заттың қимылын білдіретін негізгі етістік; түбірі етістік болады.

Мысалы: кел, кет, жүр, жаз.

Туынды етістік

Етістікке немесе басқа сөз таптарына жұрнақ жалғану арқылы жасалады.

Мысалы: ойла, есепте, сана, күлімсіре, жуынды.

Оқушылар өз ойларын айтқаннан кейін тақтаға «Етістік» кестесі ілінеді.

Дәптермен жұмыс

  • Күн ретін жазу.
  • Көркем жазу: «Ее» әрпін жазу.

Жаттығулар

2-жаттығу

Мәтінді түсініп оқы.

  • Мәтіннен етістіктерді тап және оларға сұрақ қой.
  • Әбунасыр әл-Фараби туралы не білесің?

3-жаттығу

Жұмбақты оқып, жатқа жаз. Шешуін тап.

ІV–VІ. Бекіту, қорытындылау, бағалау және үй тапсырмасы

Сабақ соңында жаңа тақырып бекітіледі, оқушылардың жұмысы бағаланады және үй тапсырмасы беріледі.