Нормаль қысым күшін
Сабақ туралы мәлімет
Мекеме
Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, №11 жалпы білім беру орта мектебі
Пән және сынып
Физика, 7-сынып
Мұғалім
Багтыбаева Жанна
Сабақ тақырыбы
Архимед күші
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Архимед күші туралы түсінік қалыптастыру, Архимед заңының физикалық мағынасын ашу.
Дамытушылық
Архимед заңы ұғымын дамыту; оны есеп шығаруда, техникада және тұрмыста қолданудың маңызын түсіндіру.
Тәрбиелік
Оқушыларды сауатты азамат болуға және еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақ форматы
Сабақтың түрі
Жаңа сабақты меңгеру
Әдіс-тәсілдер
- Сұрақ-жауап
- СТО элементтері
- Кітаппен жұмыс
Көрнекіліктер
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
5 минут
- 1 Оқушылармен амандасу, түгелдеу.
- 2 Оқушыларды 1, 2, 3, 4 санау арқылы төрт топқа бөлу.
II. Үй тапсырмасын тексеру және қайталау
10 минут
1) Сұрақ-жауап
5 минут
- Атмосфералық ауа қысымынан жоғары немесе төмен болатын қысымды өлшеуге арналған құрал қалай аталады?
- Э. Торричелли жасаған тәжірибенің мәні неде?
- Манометрдің жұмыс істеу принципі қандай заңға негізделген?
- Адамның қан айналым жүйесіндегі қысым қандай құралмен өлшенеді?
- Атмосфералық қысымды өлшеуге арналған құрал қалай аталады?
- Атмосфераның ең төменгі қабаты қалай аталады?
- Атмосфералық қысым дегеніміз не?
- Атмосфералық қысымның бірлігі неге тең?
2) Тест жұмысы
5 минут
-
1. Тығыздықтың өлшем бірлігі?
A) м/с Ә) м³ Б) сағ В) кг/м³
-
2. «Көптің күші – бірлікте» деген аталы сөзде қандай ұғым қолданылады?
A) күш Ә) уақыт Б) масса В) инерция
-
3. Бір дене екінші дененің бетімен қозғалған кезде пайда болатын күш қалай аталады?
A) ауырлық күші Ә) серпімділік күші Б) қысым күші В) үйкеліс күші
-
4. Қысым түсетін күштің модуліне ғана емес, күш перпендикуляр бағытта әрекет ететін беттің ... да тәуелді.
A) қысымына Ә) көлеміне Б) ауданына В) ұзындығына
-
5. Қатаңдықтың өлшем бірлігі:
A) м³ Ә) км/сағ Б) кг/м³ В) Н/м
-
6. Нормаль қысым күші қай әріппен белгіленеді?
A) N Ә) µ Б) R В) p
-
7. Гук заңын өрнектейтін теңдеу:
A) Fa=mg Ә) F=µN Б) F=kx В) p=m/V
-
8. Газға не сұйыққа түсірілген қысым олардың әрбір нүктесіне өзгеріссіз беріледі. Бұл кімнің заңы?
A) Ньютон Ә) Паскаль Б) Аристотель В) Гук
-
9. Қан айналым жүйесіндегі қысымды өлшеу үшін ... қолданылады.
A) барометр Ә) манометр Б) сфигмоманометр В) анероид
-
10. Қатынас ыдысқа жататын ыдысты ата.
A) шелек Ә) кесе Б) шайнек В) тостақ
III. Жаңа сабақ
12 минут
Біз күнделікті өмірде суда жүзіп жүретін денелерді жиі кездестіреміз: кемелер, қайықтар, салдар және т.б. Сонда денелердің сұйықтықта жүзу себебі неде?
Адам аздап жүзе алса, су оның жүзуіне көмектеседі. Демек, суға батырылған денеге сұйық тарапынан күш әсер етеді. Бұл — ығыстырушы күш.
Енді осы ығыстырушы күштің шамасы дене мен сұйықтың қандай сипаттамаларына тәуелді екенін қарастырайық. Бұл күштің мәнін алғаш рет ертедегі грек ғалымы Архимед есептеп шығарған.
Архимед туралы қысқаша
Архимед (б.з.б. 287–212) — Ежелгі Грекияның ұлы ғалымы, математигі және механигі. Ол Сицилия аралындағы Сиракуз қаласында туып, сол жерде өмір сүрген.
«Эврика!» аңызы
Аңыз бойынша, Сиракуз патшасы Гиерон Архимедке зергер жасаған тәждің таза алтыннан жасалғанын, әлде алтын мен күмістің қоспасы екенін анықтауды тапсырған. Архимед бұл есептің шешімін ұзақ уақыт таба алмай жүреді.
Бір күні ол толтыра су құйылған ваннаға түскен кезде ойына шешім кенеттен келеді. Ашқан жаңалығына қуанып, «Эврика!» («Таптым!») деп айқайлап, Сиракуз көшелерімен жүгірген екен.
Архимед ашқан заңның мәнін түсіну үшін қарапайым тәжірибеге сүйенейік. Біз сұйықтың ыдыс қабырғаларына және түбіне қысым түсіретінін білеміз. Ал сұйықтың ішіне қатты денені батырсақ, оған да сұйық тарапынан қысым әсер етеді.
Ішіне батырылған денеге сұйық тарапынан әсер ететін қысым күштерін талдау — ығыстырушы күштің табиғатын түсіндіретін негізгі қадам.