Блум таксономиясы Талдау Топпен жұмыс

Геометрия (9-сынып): векторлардың скаляр көбейтіндісі

Бұл сабақта векторлардың скаляр көбейтіндісінің анықтамасы, негізгі қасиеттері және геометриялық мағынасы қарастырылады. Сонымен қатар, координаталары берілген векторлардың скаляр көбейтіндісін есептеу, векторлар арасындағы бұрышты табу және скаляр көбейтінді туралы теореманы дәлелдеу дағдылары қалыптастырылады.

Сабақ мақсаты

Білу және түсіну

  • Векторлардың скаляр көбейтіндісінің анықтамасын және теңдігін білу.
  • Скаляр көбейтіндінің геометриялық мағынасын түсіну.
  • Векторлардың перпендикулярлық белгісін меңгеру.

Қолдану және дәлелдеу

  • Координаталары берілген векторлардың скаляр көбейтіндісін есептей алу.
  • Векторлар арасындағы бұрыштың шамасын таба алу.
  • Скаляр көбейтінді туралы теореманы дәлелдей алу.

Табыс критерийлері

  • Өз бетінше жұмыс істей білуге, шапшаңдық пен тапқырлыққа тәрбиелеу.
  • Өтілген тақырып бойынша алған білімді есеп шығаруда қолдану қабілетін дамыту.

Сабақтың құрылымы (Блум таксономиясы бойынша)

Ұйымдастыру

Оқушыларды түгендеу, сабаққа назарын шоғырландыру.

Сабақтың басталуы

Білу

Қайталау және «оқу айнасы» арқылы алдыңғы білімді еске түсіру.

Қайталау

Түсіну

Жеке жұмыс арқылы негізгі ұғымдарды бекіту.

Жеке жұмыс

Қолдану

Тақтамен жұмыс: есептерді бірлесе талдап, әдістерді қолдану.

Практика

Талдау

Топпен жұмыс

Есептерді талдау, шешімдерді салыстыру, дәлелдеу қадамдарын нақтылау.

Деңгейлік тапсырма

№ 180 тапсырма: дағдыларды деңгей бойынша бекіту.

Қосымша қолдау

Дарынды оқушыға жеке тапсырма беру (№ 8).

Талдау және тереңдету