Лексикология тілдің лексикасын немесе сөздің құрылымын зерттейтін ғылым
Сабақтың мақсаты
Сабақ Блум таксономиясы негізінде ұйымдастырылады: үйрену, түсіну, қолдану, талдау, бағалау. Негізгі міндет — осы тәсілдерді қолдана отырып, сабақты тиімді жүргізу жолдарын көрсету және сабақ талдауға үйрету.
Әдістемелік мақсат
Топты «өткен сабақта не үйрендік, бүгін не үйренеміз?» сұрақтары арқылы бағыттап, сабақ жүргізу мен талдау дағдыларын қалыптастыру.
Кәсіби-тәжірибелік мақсат
Топты сабақ жүргізуші мұғалімдерге, талдаушыларға және сынып оқушыларына бөліп, жаңа әдістерді қолдану арқылы практикалық шеберлікті дамыту және теориялық білімді тәжірибемен ұштастыру.
Тәрбиелік мақсат
Сабақ барысында өзін-өзі ұстау мәдениетін, адамгершілікті, жауапкершілікті, өзара қолдауды және топпен жұмыс жасау қабілетін дамыту, сондай-ақ мамандыққа деген қызығушылық пен сүйіспеншілікті арттыру.
II кезең: Үй тапсырмасын тексеру
Оқушылар алдымен топтарға бөлінеді. «Не үйрендік?» сұрағы арқылы өткен тақырып бойынша теориялық білім тексеріліп, практикалық тапсырмалармен бекітіледі («Лексиканы оқыту мазмұны» тақырыбы).
Негізгі ұғымдар
- Лексика — тілдегі сөз байлығын қарастыратын ұғым. «lexis» — тіл, «logos» — ғылым.
- Лексикология — тілдің лексикасын және сөз құрылымын зерттейтін ғылым.
Сөздермен жұмыс жасау жолдары
- Аудармасыз тәсіл
-
Аудармалы тәсіл
- Аудару
- Аудару және талқылау
- Оқушының сөзбен өздігінен танысуы
Практикалық тапсырма: жаңа сөздермен жұмыс жасау әдісі
- 1 Мұғалім жаңа сөзді үлгі ретінде оқиды, кейін әр сөзді 3 рет қайталатады.
- 2 Қайталау барысында қажетті суреттер немесе қимыл-іс-әрекеттер көрсетіледі (қазақша аудармасы тақтаға жазылмайды).
- 3 Түсінікті нақтылау үшін сұрақтар қойылады: “What’s this?”, “What’s the Kazakh for…?”
- 4 Оқушылар жаңа сөздерді хормен және жеке-жеке қайталайды.
- 5 “Open your vocabulary and write down all these new words.” — оқушылар сөздіктеріне жаңа сөздерді көшіріп жазады.
Жаңа сөздермен таныстыруға үлгілер
Тақырып 1
Let’s go
a cat, a dog
Тақырып 2
The monkeys
a school, a car, a bus
Тақырып 3
In my classroom
- a window [windəu]
- a chair [tʃɛə]
- a door [dɔ:]
- a board [bɔ: d]
- a table [teibl]
Мұғалімнің кіріспе сөзі (үлгі)
T: Pupils, look at the blackboard. You can see our new words. At first, I’ll read them—listen to me carefully.
Талдаушылар
- Қуанышова Айгерім
- Сағынова Ақерке
- Рапбергенова Әсел
III кезең: Жаңа тақырыппен таныстыру
«Бүгін не үйренеміз?» сұрағына жауап бере отырып, грамматиканың рөлі және грамматикалық дағдыларды қалыптастыру жолдары қарастырылады.
Негізгі сұрақтар
- Грамматика нені үйретеді? Сөйлемдегі сөздердің дұрыс құрылымын зерттейді және сөйлем құраудың заңдылықтарын меңгертеді.
- Грамматиканы үйренудегі жаттығулар түрлері Тану, үйрету, шығармашылық жаттығулары.
Практикалық тәсіл: грамматикалық дағдыларды қалыптастыру
- 1) Тақырыпқа байланысты ережемен таныстыру
- 2) Мысалдар келтіру
- 3) Жаттығулар арқылы жаңа тақырыпты бекіту
Жаңа грамматикалық тақырыпты енгізу: тану жаттығулары
Айнұр
The Future Simple Tense
Құрылымы
shall / will + V
Мысалдар
- We shall go to the cinema tomorrow.
- We shall not go to the cinema tomorrow.
- Shall we go to the cinema tomorrow?
Қысқа жауап
Yes, we shall.
No, we shan’t.