Қадыр Мырза Әлі Қазақтарды шетелдік қонақтарға таныстыру өлеңі
Сабақтың тақырыбы
Қадыр Мырза Әлінің «Қазақтарды шетелдік қонақтарға таныстыру» өлеңі.
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Қазақ әдебиетінің XX ғасырдағы көрнекті тұлғаларының бірі – Қадыр Мырза Әлінің өмірі мен шығармашылығымен таныстыру, ақын туралы оқушылардың білімін толықтыру. «Қазақтарды шетелдік қонақтарға таныстыру» өлеңінің мазмұнын талдап, тақырыбы мен идеясын ашу және көркемдік ерекшеліктеріне тоқталу.
Дамытушылық
Мәнерлеп оқу, тапсырмалар және оқыта-үйрету ойындары арқылы оқушылардың дүниетанымын кеңейтіп, ойлау қабілетін дамыту.
Тәрбиелік
Қазақ әдебиетіне және ақын шығармашылығына деген сүйіспеншілік пен мақтаныш сезімін қалыптастыруға ықпал ету.
Сабақтың сипаттамасы
Сабақтың түрі
Жаңа сабақ.
Әдіс-тәсілдер
- Мәнерлеп оқу
- Баяндау
- Сұрақ-жауап
- Көрнекілік
Көрнекіліктер
- Ақынның портреті
- Тірек сызбалар
- Қосымша материалдар
Пәнаралық байланыс
Қазақстан тарихы.
Сабақтың барысы
- I. Ұйымдастыру кезеңі.
- II. Сабақтың мақсат-міндеттерімен таныстыру.
- III. Мұғалімнің кіріспе сөзі.
- IV. Оқулықпен жұмыс және тірек сызбамен жұмыс.
Мұғалімнің кіріспе сөзі
Айбатты Алатау, қасиетті Атамекен… «Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра» деген ойды ұлттық болмыспен астастыра жырлаған, ұлтын Абайша сүйіп, ұлты үшін Абайша күйген қазақ поэзиясының парасатты ақындарының бірі әрі бірегейі – Қадыр Мырза Әлі. Бүгін біз ұлтымыздың рухын көтеретін туындылар әкелген сергек те сезімтал ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы сөз қозғаймыз.
Оқулықпен жұмыс
Қадыр Мырза Әлі туралы берілген мәтінді оқу.
Тірек сызба арқылы теориялық материалды түсіндіру: Қадыр Мырза Әлінің «Қазақтарды шетелдік қонақтарға таныстыру» өлеңі.
Назар аударатын тұстар
- Өлеңнің тақырыбы мен идеясын нақтылау
- Мазмұнды талдау және негізгі ойды айқындау
- Көркемдік ерекшеліктеріне тоқталу