Эстафеталық жарыс түрлері

Денсаулық күніне арналған көңілді эстафеталар ойын-сауық кеші

№7 «Балдырған» балабақшасында тәрбиешілер мен тәрбиеленуші балалардың қатысуымен, психолог пен дене тәрбиесі жетекшісінің ұйымдастыруымен екі топ арасында мерекелік сауықтыру іс-шарасы өткізіледі. Мақсат — балалардың көтеріңкі көңіл-күйін қалыптастырып, денесін шыңдап, күш-қуатын нығайту, шапшаңдық пен ептілікке тәрбиелеу және ойын арқылы ақыл-ойының толысып өсуіне ықпал ету.

Негізгі бағыт

Балаларды салауатты өмір салтына баулу, денсаулықты сақтау және нығайту, денешынықтыру сабақтарына қызығушылықты арттыру.

Тәрбиелік мәні

Жарыс барысында достық қарым-қатынас орнатып, бір-бірін қолдауға, әділдік пен ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Сауықтыру міндеті

Дене тәрбиесі үдерісіндегі сауықтыру міндеттерін жүзеге асырып, ағзаға зиянды әдеттерден аулақ болуға үндеу.

Қажетті құрал-жабдықтар және безендіру

  • Зал мерекеге сай безендіріледі: түрлі-түсті жалаушалар, ұрандар жазылған плакаттар.
  • Денсаулыққа қатысты мақал-мәтелдер көрнекі түрде орналастырылады.
  • Эстафетаға арналған құралдар және екі топтың жетістігін көрсететін сандар дайындалады.

Көңіл күйді көтеретін бастама

Музыка қосылып, қыздар ортаға шығып, әртүрлі қимылдар жасап, би билейді. Марш ойналғанда балалар төрт қатарға бөлініп залға кіреді.

A) Доппен би

Ырғақты қимыл арқылы үйлесімділікті дамыту.

B) Лентамен би

Қозғалыс әсемдігін, шапшаңдық пен ептілікті қалыптастыру.

Жүргізуші сөзі

Құрметті әріптестер, балабақша тәрбиеленушілері және спортсүйер жанкүйер қауым! Бүгін біз екі топ арасында мерекелік сауықтыру іс-шарасын өткізгелі отырмыз. Балаларды салауатты өмір салтына баулу арқылы денсаулығын сақтау, нығайту және денешынықтырудың рөлін арттыру — ортақ мақсатымыз. Егемен еліміздің ертеңі — дені сау, жігерлі ұрпақ. Осы игі ниетпен «Денсаулығы сәбидің — қуанышы әр үйдің» атты мерекелік кешті бастауға рұқсат етіңіздер.

Командаларды ортаға шақыру

  • «Намыс» тобы: оң иықпен оңға бұрыл.
  • «Жігер» тобы: сол иықпен солға бұрыл.

Рәсімдік бөлім

Әнұран орындалып, еліміздің туы көтеріледі.

Командалардың сәлемдесуі

«Намыс» тобының сәлемі

Ұшақтан да ұшқырмыз, Желден де озған жүйрікпіз. Жарысуға сендермен Келіп тұрған мықтымыз.

«Жігер» тобына жалынды сәлем!

«Жігер» тобының сәлемі

Келіңіздер, келіңіздер, Бұл жарысты көріңіздер. Бізде бәрі жүйріктер, Күш сынасар алыптар.

«Намыс» тобына жалынды сәлем!

Эстафеталық жарыс түрлері

Жарыс кезеңдері балалардың шапшаңдығын, тепе-теңдігін, дәлдігін және командалық бірлігін шыңдауға бағытталған.

1) Жалаушамен жүгіру

Жалаушаны алып, межені айналып жүгіріп келу.

2) Тарелкадағы доп

Допты құлатпай, межені айналып жүгіріп келу.

3) Төрттағандап жүгіру

Екі қол, екі аяқпен қозғалып өту.

4) «Балық аулау»

«Балықты» аулап, себетке тасу.

5) Артпен жүгіру

Артпен жүгіріп, қайтарда жүрелеп жүгіріп келу.

6) Түсті доптарды жинау

Көк және сары түсті доптарды іріктеп әкелу.

7) Допты тізенің арасына қысып жүгіру

Тепе-теңдікті сақтап межеге жету.

8) Арқан тартыс

Күш пен бірлікті сынайтын кезең.

9) «Тақия тастау» ойыны

Балаларды сергітіп, көңілдерін көтеруге арналған ойын.

Үзіліс: ән мен би

Балаларды демалтып, көңіл-күйін көтеру үшін ән айтылып, би биленеді.

Ән: «Бала тілегі»

Орындайтын: Әсет

Би: «Мен қазақпын»

Орындайтын: Әділ

Қорытынды және марапаттау

Әділқазылар шешімі

Әділқазылар алқасы жеңімпаз топтарды мадақтап, сыйлықтар тапсырады.

Жүргізушінің алғыс сөзі

Құрметті қонақтар, спорт жанкүйерлері! Бүгінгі эстафеталық жарысымыз осымен аяқталды. Жарысқа қатысқан барлық бүлдіршіндерге алғыс айтамыз! Алдағы күндері үлкен биіктерден көріне беріңдер. Жеңістерің құтты болсын!