Гүл күлтесі

Қызылорда облысы • Қазалы ауданы

Бекарыстан би ауылы, №24 орта мектеп

Бастауыш сынып мұғалімі: Шамуратова Куралай

Сабақтың түрі

Жаңа сабақ

Көрнекілігі

Интерактивті тақта, дайын гүл шоғы

Сабақтың мақсаты мен міндеттері

Мақсаты

Оқушыларға қағаздан гүл шоғын (Көктікен гүлін) дайындау әдісін үйрету.

Міндеттері

  • Эстетикалық ойлауды дамыту.
  • Көзбен көру-қабылдауын және ұқыптылықты қалыптастыру.
  • Қол шеберлігін жетілдіру.
  • Жұмыс орнын дұрыс ұйымдастыру дағдысын дамыту.

Қажетті құрал-жабдықтар

Сабақ барысында қолданылатын материалдар алдын ала дайындалады.

Гипс Қатырма қағаз (көк, жасыл) Қайшы Жіп Сым Бояу (акварель/гуашь) Қылқалам

Сабақтың жоспары

  1. 1. Ұйымдастыру кезеңі
  2. 2. Ой шақыру
  3. 3. Мағынаны тану
  4. 4. Теория бөлімі
  5. 5. Сарамандық жұмыс
  6. 6. Сергіту сәті
  7. 7. Бағалау
  8. 8. Қорытынды
  9. 9. Үйге тапсырма

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  • Сәлеметсіздер ме, балалар!
  • Сабақ бастауға дайынсыңдар ма?
  • Құралдарың түгел ме?
  • Көршің дұрыс отыр ма?
  • Бәрің мені мұқият тыңдайсыңдар ма?

Бүгінгі ерекше сабағымыздың көмекшілері — өздеріңе таныс гүлдер. Біз бұл гүлдерді білеміз, ал бүгін олар бізге қонаққа келеді (гүлдердің суреттері көрсетіледі).

II. Ой шақыру

Жұмбақ жасыру арқылы тақырыпқа назар аударылады.

III. Мағынаны тану

Бүгін біз қағаздан Көктікен гүлін жасаймыз. Оқулықтың 35-бетін ашамыз.

Гүлдер ежелден сәндік қызмет атқарған. Гүлді әртүрлі тәсілмен жасауға болады.

Мереке мен туған күн кештерінде гүл сыйлау — қалыптасқан дәстүр. Гүл жасауда шыдамдылық пен шеберлік қажет.

IV. Теория бөлімі

Көктікен гүлінің құрылымы және оны қағаздан құрастырудың жалпы қағидалары түсіндіріледі.

V. Сарамандық жұмыс

Қауіпсіздік ережелері

  • Қауіпсіздік техникасын сақта.
  • Қайшыны қасыңдағы оқушыға үшкір жағымен емес, тұтқасымен ұсын.
  • Қайшыны ашық қалдырма.
  • Сабақ соңында жұмыс орныңды жина.

Көрнекілік

Дайын гүл шоғы көрсетіледі.

Тексеру

Жұмыс орны дайын ба?

Гүлдің бөліктері (5)

  1. Гүл күлтесі
  2. Гүл ұрығы (аталығы)
  3. Сабағы
  4. Жапырағы
  5. Гүлі (жинақталуы)

Қажетті материалдар

  • Көк және жасыл қатырма қағаз
  • Қайшы
  • Сым
  • Гипс
  • Акварель немесе гуашь
  • Қылқалам

Көктікен гүлін дайындау реті

  1. 1

    Көк қағаздан бірдей етіп үш дөңгелек қиып аламыз.

  2. 2

    Дөңгелектерді үлгіге сай етіп өрнектеп, әрлейміз.

  3. 3

    Өсімдіктің аталығын жіңішке сымнан жасаймыз.

  4. 4

    Аталық табиғи түрге ұқсас болуы үшін оны сұйық гипс ерітіндісіне батырамыз.

  5. 5

    Үш дөңгелектің барлығын гүл сабағының төменгі ұшы жағынан кезекпен кигіземіз.

  6. 6

    Сабақты жұқа жасыл қағазбен ораймыз.

  7. 7

    Жапырақты сабаққа жіңішке сыммен бекітеміз.

Нәтиже

Көрсетілген рет бойынша мұғаліммен бірге қайталап жасап, дайын үлгімен салыстырамыз.

Жылы тілек

Жұмыс аяқталған соң мұғалім берген қағазға қасыңдағы көршіңе 1–2 сөзден тілек жазып бересің. Тілек оқылып, тақтаға ілінеді.

VI. Сергіту сәті

Қысқа қимыл-қозғалыс жаттығулары орындалады.

VII. Бағалау

Оқушылардың жұмысы сыныпқа көрсетіліп бағаланады. Жетістіктері мадақталып, қажет жағдайда нақты түзетулер мен ұсыныстар айтылады.

VIII. Қорытынды

Таяқшаны бір-біріне беру арқылы әр оқушы сабақтан нені меңгергенін қысқаша айтып шығады.

IX. Үйге тапсырма

Жазба жұмысы

Гүл туралы қысқаша мәлімет жазу.

Келесі сабаққа әкелетін құралдар

  • Қатырма қағаз
  • Фломастер
  • Желім
  • Сым