Power Point программасында дайындалған презентацияларды безендіруді үйрету
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Кабинет жағдайын тексеру.
- Оқушыларды түгендеу.
- Құрал-жабдықтардың толықтығын тексеру.
II. Үй тапсырмасын сұрау: «Балдық ойын»
Өткен тақырыпты қайталау үшін «Балдық ойын» өткізіледі. Оқушылар 10, 20 немесе 30 баллдық сұрақтардың бірін таңдап жауап береді. Дұрыс жауап берген оқушыға сыйлық беріледі.
10 балл
жеңіл- PowerPoint бағдарламасын қалай іске қосамыз?
- PowerPoint-та презентацияны қалай құрамыз?
- Бос презентацияны қалай құрамыз?
20 балл
орташа- Жұмыс режимдерінің батырмалары терезенің қай жағында орналасқан?
- Сақталған презентацияны қалай ашамыз?
- Слайдпен жұмыс істеудің қандай режимдері бар?
30 балл
күрделі- Автомазмұн шебері қандай қызмет атқарады?
- PowerPoint бағдарламасының қандай мүмкіндіктері бар?
- Саймандар тақтасындағы Вставить (Қою) батырмасы не үшін қажет?
III. Жаңа сабақ: Презентацияны безендіру мүмкіндіктері
PowerPoint бағдарламасында презентацияны безендіру үшін көптеген фондық өрнектерді қолдануға, слайдтарды эффекті түрде ауыстыруды орнатуға және элементтердің көрінісін әртүрлі тәсілмен өзгертуге болады.
Слайдтарды дайын шаблон арқылы да, өз қалауымыз бойынша да безендіреміз. Безендіру кезінде түстер үйлесімін, құю тәсілін, фонның түрін, сондай-ақ слайдқа енгізілген объектілер мен диаграммалардың көрінісін таңдауға мүмкіндік бар.
Шаблонды қолдану
- Стандартты саймандар тақтасындағы Безендіруді қолдану батырмасын шертіңіз.
- Немесе Формат → Безендіруді қолдану командасын орындаңыз.
- Оң жақтағы үлгілерден қажетті шаблонды таңдап, Қолдану (Применить) батырмасын басыңыз.
Безендіру элементтері
- Слайд белгіленуі (разметка)
- Түрлі-түсті схема
- Фон
Құю тәсілдерін таңдау (фон)
Фонды құю кезінде түстің қанықтылығын бір аймақтан екінші аймаққа қарай біртіндеп өзгертуге, сондай-ақ өрнек немесе текстура қолдануға болады. Мұндай біртіндеп өзгеріс градиентті құю деп аталады және әдемі дизайн жасауға көмектеседі.
Құю тәсілін таңдау үшін Формат → Фон командасын орындаңыз. Ашылған тізімнен Құю (Заливка) пәрменін таңдағанда, тиісті сұхбат терезесі ашылады.
IV. Жаңа сабақты бекіту
Карточка сұрақтары
- PowerPoint бағдарламасын қалай іске қосамыз?
- PowerPoint бағдарламасының қандай мүмкіндіктері бар?
- Бос презентацияны құру үшін қандай командаларды орындаймыз?
- PowerPoint-та презентацияны қалай сақтаймыз?
- Слайдпен жұмыс істеудің қандай мүмкіндіктері бар?
Сөзжұмбақ сұрақтары
- Файл менюі экранның қай қатарында орналасқан? (жауабы: Тақырып)
- Бос презентация құру үшін Файл менюіндегі қай команданы таңдаймыз? (Құру)
- Көшірілген объектіні слайдқа қою үшін қандай батырманы басамыз? (Енгізу)
- Көшіру командасы тақырып қатарындағы қай менюде орналасқан? (Түзету)
- PowerPoint бағдарламасымен жұмыс істеуге мүмкіндік беретін техника? (Компьютер)
- Слайдтарды безендіру элементі. (Фон)
- Фон командасына тақырыптар қатарындағы қай меню арқылы шығамыз? (Формат)
- Презентацияның әр слайдын жеке қарап, өңдеуге мүмкіндік беретін режим. (Слайд)
- Ендірілген объектілерде екінші түс ретінде қолданылатын түс. (Ақ)
- Құю сұхбат терезесіндегі екінші терезе. (Градиентті)
- Эффект тағайындау үшін қандай команданы орындаймыз? (Анимация қосу)
Тест тапсырмалары
1. PowerPoint бағдарламасының қандай мүмкіндіктері бар?
- A) Слайдтар құру
- B) Презентация көрсетілімін автоматты түрде программалау тіліне аудару
- C) Дыбыстық және мультимедиялық мүмкіндіктерді пайдаланып, презентацияны экранда көрсету
- D) Презентация материалдарын қағазға немесе 35 мм қабыршаққа шығару
2. Слайдқа қандай объектілер енгізуге болады?
- A) Картинкалар: MS Clip Gallery объектілері, файлда сақталған суреттер және басқа бағдарламалардағы суреттер
- B) Бір мезгілде бірнеше дыбыстық объект
- C) MS Word кестесі
- D) Сканерден алынған көшірме
3. Слайдтың безендіру элементтерін атаңыз (қате жауабын көрсетіңіз).
- A) Слайд белгіленуі
- B) Түрлі-түсті схемасы
- C) Фон
- D) Объектілер түсі
4. Бір слайдтан келесісіне ауысудың қандай тәсілдері бар?
- A) Жалюзи, тік төртбұрыш, дойбы, ағын
- B) Жарып шығу, еру, қара түс арқылы гүлдену
- C) Кездейсоқ жолақтар, панорама, бұрыштардың ашылуы
- D) Пайда болу, кездейсоқ ауысу, ауысу жоқ
5. Анимация эффектілері деген не?
- A) Мәтін элементтерін жеке-жеке әртүрлі эффектімен шығатындай параметр тағайындау
- B) Объектінің жеке-жеке элементтерін әртүрлі эффектімен шығару
- C) Объектінің әртүрлі эффектімен шығатындай параметр тағайындау
- D) Слайдтарды тізбектеп қатар орналастыру
V. Үй жұмысы
Тақырып бойынша шығармашылық жұмысқа дайындалып келу.
VI. Бағалау
Оқушылар сабаққа қатысу белсенділігіне қарай бағаланады.