Тұрасың жігіттердің қатарында, Бейбіт күнді күзетіп қару алып

Ұлым, ертең ұлдардың мерекесі

(7 мамыр – Қазақстан Республикасы Отан қорғаушылар күніне орай Әкенің кішкентай ұлына тілегі)

Саған сенім артады Әкең де, Анаң,
Дей берсін сен туралы: Ерке – балаң ,
Сондықтан күні ертеңгі мерекемен,
Сені де құттықтайды ертең Анаң.

Өмір жолдың көп десіп сынағы алда,
Анаң сені уатты жылағанда.
Әкең тұрды жаныңда сүйеніш боп,
Алғаш қадам басып сен құлағанда.

Көрінсе де өмір жол күндей бүгін,
Ұсынады ұлдарға ол білдей жүгін.
Сондай кезде үнемі айналсоқтап,
Әке - шешең жаныңда жүрмейді, ұлым.

Қанбасаң да балалық ойынына,
Жігіт шақтың туады айы мына.
Сол кезеңде өмірде сен де Әкеңнің,
Мінгеспейсің үнемі қайығына.

Өмір – айдын, қаратып өзгелерді,
Сен де баптап саласың өз кемеңді.
Өз кемеңнің боласың капитаны,
Қуу үшін арман жол – көздегенді.

Бозбалалық, жастықтың кештерінде,
Әкең солдат болып еді әскерінде.
Ат жалын тартып мінер шаққа келсең,
Сен де сарбаз боласың өскеніңде.

Балалықтың сол кезде бәрі қалып,
Туасың Отаныңның бағына анық.
Тұрасың жігіттердің қатарында,
Бейбіт күнді күзетіп қару алып.

Тұла бойың шомылып бата нұрға,
Өсіп келе жатырсың Отаныңда.
Қаз - қаз басып жүрсең де әлі, ұлым,
Ендігі сен де ұлдардың қатарында.

Келтіріп бір күні елдің берекесін,
Боларсың, бәлкім, сен де ел еркесі.
Анаңның құттықтауын қабыл алайық,
Ұлым, ертең ұлдардың мерекесі!

Авторы:
Ғабиден ҚОЖАХМЕТ,
Қызылорда қаласы



Ұқсас жұмыстар

Әскер – ел қорғаны
Үш жүзге ортақ хан
Рамазан Елебаевтың Жас қазақ әнін зерттеу
Құқықтық журналистиканың функциялары
Шу дастаны
Кенесары Қасымұлы — ұлт-азаттық қозғалысының қолбасшысы
«1986 жылғы желтоқсан оқиғасы және оның тарихи маңызы»
Көтерілістің штабы
Халық көтерілістерінің әдебиетте бейнеленуі
Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс
Басқару процесiнiң мазмұны
Халық ертегілернің бала дүниетанымын қалыптастырудың маңызы
Желілік жоспарлау мен басқару әдісін қолданғандағы экономикалық талдаудың және бизнес жоспарлаудың стратегиясы және тактикасы
Мақта тазалау кәсіпорын басқарушылық есебін және ішкі аудитін ұйымдастыруды ( Шардара - мақта ЖШС)
Педагогикалық процесті басқарудағы әлеуметтік институттардың өзара әрекеттестігі
Елімізде патриоттық тәрбиені қалыптастыру міндеттері.
Валюталық жүйе және валюта бағамының қалыптасуы
Студенттердің қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыруда педагогика
ҚР -ғы нарықтық экономиканың қалыптасуы