Оқымысты баланы оқу

Сабақ тақырыбы

Қазақ тілі (1-сынып). Тақырыбы: Буын. Мәтін: «Оқымысты бала».

Сабақтың түрі

Аралас сабақ.

Сабақтың әдістері

  • Жаппай түсіндіру
  • Сұрақ-жауап арқылы жаттығу
  • Буындармен жұмыс

Көрнекіліктер

  • Кесте
  • Сурет
  • Дидактикалық материалдар

Сабақтың мақсаты

1) Білімділік

  • Оқушылардың буын туралы түсінігін пысықтау.
  • Сөздерді буынға бөліп оқуға және жазуға машықтандыру.
  • й, ң, у дыбыстарының буынға бөліну ерекшеліктерін түсіндіру және қолдану.

2) Дамытушылық

  • Ойлау қабілетін және логикалық ойлауды дамыту.
  • «Оқымысты бала» мәтінін оқу арқылы жақсы мінез-құлық қалыптастыруға ықпал ету.

3) Тәрбиелік

  • Өзімшілдік, менмендік, мақтаншақтық сияқты жат қылықтардан бойын аулақ ұстауға тәрбиелеу.
  • Білімді, әдепті, инабатты әрі еңбекқор болуға баулу.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

Шаттық шеңбері

Оқушылар 3 топқа бөлінеді.

Сергіту сәті

Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз.
Үлкендерді құрметтеп,
Бас иеміз біз.

II. Үй тапсырмасын тексеру

1) 64-жаттығу

ерт-те құ-мырс-қа ұрт-та жұ-мырт-қа айт-па ше-гірт-ке

2) «Төзім» мәтіні

Мәтінді түсініп оқу, сұрақ-жауап арқылы әңгімелеу.

А) Аяулым ертегіні көңіл қойып тыңдамады. Менің ойымша, Аяулым — төзімі аз қыз.

Ә) Гүлдана әжесінің ертегісін бар ықыласымен тыңдады. Менің ойымша, ол — өте төзімді, инабатты қыз.

Б) Гүлдана ықыласпен тыңдағандықтан, ертегіні жалғастыра алды.

В) Аяулымға ынта, ықылас және төзімділік қажет.

III. Жаңа тақырыппен жұмыс: «Буын»

Қайталау сұрағы: «Буын дегеніміз не?»

1) Ой қозғау: әріп жұмбақтары

Табада бар, танада жоқ.
Сабада бар, санада жоқ.

Жауабы: Б

Дабылда жоқ, дауылда бар.
Далада жоқ, ауылда бар.

Жауабы: У

Қылда бар, жүнде жоқ.
Жылда бар, күнде жоқ.

Жауабы: Ы

Нарда бар, қарда жоқ.
Нанда бар, майда жоқ.

Жауабы: Н

2) Буын туралы қысқаша мағлұмат

Буынға бөлу үлгілері арқылы й, ң, у дыбыстарының буын құрамындағы орнын түсіндіреміз.

Есте сақтаймыз

Бұл дыбыстар сөз ішінде жиі екі дауысты дыбыстың ортасында келеді.

Й дыбысы

қа-йық

Мысалдар: ойыншық, қайың, мойын.

Ң дыбысы

жа-ңа

Мысалдар: жаңалық, қоңырау, қоңыр, жаңылтпаш, жеңіс, теңіз, жеңіл.

У дыбысы

та-уық

Мысалдар: ауа, ауыл, дауыс, қауын, бауыр.

3) Дәптермен жұмыс

о-йын-шық қа-йық қо-ңы-рау же-ңіс а-уыл ба-уыр

4) Сергіту сәті

«Қара жорға» биі.

5) Ойын: «Адасқан буынды тап»

Әр топқа әртүрлі буындар беріледі. Берілген буындардан сөз құрастырады.

6) Суретпен жұмыс

Суретте көрсетілген заттардың атын жазу және оларды буынға бөлу.

IV. Мәтінмен жұмыс: «Оқымысты бала»

Талқылау бағыты

  • Сурет бойынша әңгімелеу.
  • Мәтінді оқып, жақсы және жаман әдеттерді ажырату.
  • Сұрақ-жауап арқылы қорытынды жасау.

Автор туралы

«Оқымысты бала» мәтінінің авторы — Міржақып Дулатов. Ол Қостанай облысында туған, ауыл мектебінде мұғалім болған ақын.

Тәрбиелік ой

Алшақ болу керек

  • Өзімшілдік
  • Менмендік
  • Өзін өзгеден жоғары қою
  • Мақтаншақтық

Ой тастау

Жалқаулық, еріншектік, менмендік — адамның өз соры. Мұндай әдеттердің соңы қиындыққа әкелетінін саналы түрде ұғындыру маңызды.

V. Бекіту тапсырмалары

Тақтамен жұмыс

66-жаттығу.

Ойын: «Ойлан, тап»

Сөздерден сөз құрау. 3 топқа 3 түрлі сөз беріледі:

Кемпірқосақ

..............

Жауқазын

..............

Балдырған

..............

Сергіту сәті

Қысқа қимыл-қозғалыс жаттығулары.

VI. Қорытынды

Кері байланыс

Смайликтер арқылы көңіл күйін білдіреді.

Сұрақ-жауап

Оқушылардың түсіну деңгейін анықтау.

Бағалау

Оқушылардың жұмысына қорытынды баға беру.

Үй тапсырмасы

«Оқымысты бала» мәтінін оқу.