Үстірт арқары

Сабақ туралы қысқаша мәлімет

Пән / Сынып

Математика, 5-сынып

Сабақтың тақырыбы

Санның бөлігін табу тақырыбы бойынша есептер шығару

Сабақтың түрі

Саяхат сабағы

Сабақтың типі

Дәстүрлі емес сабақ

Сабақтың мақсаты

Білімділік

Оқушылардың «санның бөлігін табу» тақырыбы бойынша алған білімдерін қайталау арқылы түсінігін тереңдету және білімді жүйелеу.

Дамытушылық

Ойын элементтері арқылы тақырыпқа қатысты жаттығуларды орындау шеберлігін дамыту, дағды мен іскерлікті жетілдіру, есеп шығару біліктілігін нығайту.

Тәрбиелік

Оқушыларды қоршаған ортаны қорғауға, табиғатты сүюге, туған өлкенің табиғатына қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу; рухани жан дүниесі бай, табиғат жанашыры болатын ұрпақ қалыптастыру.

Әдістер, байланыс және көрнекілік

Оқыту әдістері

  • Сұрақ-жауап
  • Деңгейлеп дамыта оқыту
  • Ойын технологиясы элементтері

Пәнаралық байланыс

  • Экология және дүниетану
  • Қазақ тілі
  • Информатика
  • Геометрия

Көрнекіліктер

  • Слайд-презентация
  • Гүл және жапырақ қималары
  • Семантикалық карта
  • Жетондар, жапырақшалар және т.б.

Сабақтың барысы: «Табиғатқа серуен»

I. Ұйымдастыру кезеңі (3 минут)

  • Сәлемдесу.
  • Оқушылардың сабаққа қатысуын және дайындығын тексеру.
  • Сынып бөлмесінің дайындығын тексеру.

Назар аудару: Бүгінгі сабақта біз табиғатқа серуен жасаймыз. Серуеннің басты шарты — көтеріңкі көңіл күй. Сол үшін қысқа психологиялық тренинг өткіземіз.

Психологиялық тренинг «Көтеріңкі көңіл күй»: әр оқушы парталас көршісіне жапырақшаға немесе гүлге жақсы тілегін жазып, бір-біріне ұсынады.

II–III. Үй тапсырмасы және бекіту

Үй тапсырмасын тексеру: орындалған жұмыстарды талдау, қателермен жұмыс.

Үй тапсырмасын бекіту: математикалық диктант арқылы негізгі тәсілдерді қайталау.

IV. Оқулықпен жұмыс: «Орманды тазалайық»

Орман ішінде қоқыс пен қалдықтар жатыр. Табиғатты, орманды ластайтын кімдер? Жауап: адамдар.

Осы қателікті түзеу үшін не істеуіміз керек? Жауап: ормандағы қоқысты жинау. Ол үшін әр «қоқысқа» жазылған тапсырмаларды орындап, табиғатты тазартамыз.

Тапсырмалар

  • №785есеп
  • №787есеп
  • №788есеп
  • №789есеп

Келесі бағыт: Қорық

Қорық дегеніміз не? Қорық — табиғатты, өсімдіктер мен жануарларды қорғау үшін қамқорлыққа алынған аумақ.

Қорыққа келіп жеттік. Енді бұл қорықтың атауын тапсырма арқылы анықтаймыз.

V. Семантикалық карта

Семантикалық картаның жолдарындағы есептерді шығарамыз. Есептің шешуін баған атауларынан тауып, қиылысқан тұстағы әріпті белгілейміз.

Нәтиже

ҮСТІРТ қорығы

Орналасқан жері: Маңғыстау облысы

Құрылған жылы: 1984

Жер көлемі: 223,28 мың гектар

VI. «Тізбекті жалғастыр» тапсырмасы

Үстірт қорығындағы жануарлардың қайсысы жойылып кету қаупі бар түрлер санатына жатады және халықаралық деңгейде қорғауға алынған?

  1. 1) Қабылан
  2. 2) Қарақұйрық
  3. 3) Қарақал
  4. 4) Үстірт арқары

Жауабы: қабылан

Есептеу жұмыстары блок-сызба бойынша орындалады. Шыққан нәтижеге сәйкес дұрыс жауап таңдалады.

Ескерту

Бұл кезеңде оқушылар есептеу қадамдарын негіздеп, нәтижені қорытындылауға назар аударады.

Келесі бағыт: «Жасыл ел» ұйымы

«Жасыл ел» ұйымы туралы не білесіңдер? Теледидардан көрген немесе естіген ақпараттарың бар ма? Бұл ұйымның жастары немен айналысады?

Жауап: 2005–2007 жылдары Елбасының бастамасымен «Жасыл ел» жастардан құралған еңбек жасақтары құрылды. Ұйым жастары орман шаруашылығын дамытуға, елді мекендерді көгалдандыруға, ағаш отырғызу жұмыстарына үлес қосады.

«Жасыл ел» жастары саябаққа ағаш отырғызып жатыр. Олар көктем басталғалы бері қанша ағаш отырғызғанын білгілерің келе ме?