Бар мектептің басталар бүгін жыры
1 қыркүйек — Білім күніне арналған салтанатты жиын бағдарламасы
«Армысың, алтын ұя — мектебім!» атты жаңа оқу жылын қарсы алу салтанатының жүргізілу реті мен мәтіндері.
Жүргізушінің кіріспе сөзі
Ерекше бүгінгі күн — салтанат сән,
Тербетер әр жүректі бір әсем ән.
Құлпырып шәкірттер тұр — мектеп-ұстаз,
Сағынып, жыл құсындай қайта оралған.
Мереке, зор қуаныш — Білім күні,
Сыңғырла қоңыраудың алғашқы үні.
Қош келдің, құтты болсын қадамдарың,
Балдырған, балғын жандар — өмір гүлі.
Өмір бойы мектебімді жыр етем,
Бір өзіңде — бақыт, бірлік, берекем.
Шәкірттерің өрістесін, өрлесін,
Құтты болсын Білім күнің — мерекең!
Құрметті қонақтар, ұстаздар, ата-аналар және оқушылар! Қазақстан Республикасының Конституциясының 15 жылдық мерекесімен құттықтай отырып, 2010–2011 жаңа оқу жылының «Армысың, алтын ұя — мектебім!» атты салтанатты жиынын ашу үшін сөзді мектеп директоры Мәмбетов Әлішер ағайға береміз.
Мемлекеттік рәміздер
Алаулаған алабынан нұр тамып,
Қазақ елін бүкіл дүние жүр танып.
Көк байрағың желбірейді төріңде,
Әнұраның көгіңде тұр шырқалып.
Әнұран орындалады.
Құттықтау сөздер
Мектеп — кеме, білім — теңіз. Сол білім теңізінде шұғылалы сәуле шашып, нұр құятын — мектеп.
Жаңа оқу жылының басталуына арналған құттықтау сөз аудандық білім бөлімінен келген өкіл ____________________ мырзаға/ханымға беріледі.
Келесі сөз кезегі Майлыбас ауыл округінің әкімі ____________________ мырзаға/ханымға беріледі.
1-сынып оқушыларын қарсы алу
Мектеп-ана күліп тұр тағы,
Шақырады қыркүйектің нұр таңы.
Асығуда әліппені алуға,
Еліміздің тағы бір жас ұрпағы.
Көп жылын осында өткізген
Ұстаздар — ізгі, пәк жандар.
Қуана шәкірт қабылдап,
Білімнің көшін жалғаңдар.
Алғашқы әріпті үйретер ұстазды шәкірттерімен бірге қарсы алыңыздар. Бүгін мектеп табалдырығын алғаш аттағалы отырған бүлдіршіндерді ұстазымен бірге ортаға шақырамыз.
Бүлдіршіндерге сөз
Алғаш келген бүлдіршін,
Құтты болсын қадамың!
Төбеңде бейбіт күн күлсін,
Төмендемесін талабың.
Нұр шашып көкте күн,
Өміріңнің көктемін.
Гүлдендірем деп келдім,
Сәлем, алтын мектебім!
Тақпақ.
Алғашқы қоңырау
Оқу қайта басталды,
Мектебіміз қарсы алды.
Қоңыраудың дауысы
Күмбірлетті аспанды.
Қағылмақ міне, әуенге бөлеп,
Қағылмақ алғаш қоңырау.
Нұр толып жүзің, гүл толып құшақ,
Шаттыққа толсын омырау.
Жаңа оқу жылының алғашқы қоңырау соғу рәсімі.
1-сынып оқушысы: құттықтау сөз.
Әндер мен қорытынды
Жүрегі алауланып, жалын атқан,
Үмітін көре білген болашақтан.
Тынбастан еңбек етіп шәкірт үшін,
Білімнің өшпес шамын жаққан.
Ән: «Ұстазым»
Көрейік тек жанарлардың жарқылын,
Тыңдайықшы ағалардың ақылын.
Айтылар ақ тілек бар қауымға —
Жақсы лебіз — жарым ырыс, жарқыным.
Елім болдың егемен,
Болашаққа сенем мен.
Тәуелсіз елдің перзенті —
Бақыттымын бүгін мен!
Ән: «Елім менің»
Тәуелсіз туған елдің ұланымыз,
Жақсы оқу, озат болу — ұранымыз.
Бейбіт күнде шарықтап, көгершінім,
Шырқалар — Қазақстан жыр-әніміз.
- Ән: «Тәуелсіз Қазақстан»
- Ән: «Әгугай»
Бар мектептің басталар бүгін жыры.
Бақ қоңырау шақырып, ұғымдыны.
Жаңа ғасыр алдында ұстаз, шәкірт,
Құтты болсын бүгінгі Білім күні!
Күмбірле, қоңырау, күмбірле,
Шаттанып күлейік біз бірге.
Жаңа оқу жылының алғашқы қоңырау мерекесіне арналған салтанатты жиын осымен аяқталды.