Сөз зергері

Солтүстік Қазақстан облысы, Қызылжар ауданы

Даму мүмкіндігі шектеулі жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған Соколов арнайы (түзету) мектеп-интернаты

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: Умарова Назгүл Сейпатталқызы

Сабақтың тақырыбы

Ғабит Мүсіреповтің шығармашылық жолы

Сабақтың мақсаты

а) Білімділік

Ұлттық сөз өнері тарихындағы зор тұлға, сөз зергері Ғабит Мүсіреповтің игі істерін зерттеу; оқушыларға шығармаларын өз бетімен оқытып, тірек сызбалар арқылы бағыт-бағдар беру; шығармаларының идеялық-тақырыптық өзегін жан-жақты ашу.

ә) Дамытушылық

Оқушылардың танымдық деңгейін көтеру, ой белсенділігін дамыту, шығармашылық ізденіске бағыттау; ауызша сөйлеу мәдениетін қалыптастыру; сөздік қорын байыту және бағамдау.

б) Тәрбиелік

Жазушының өнегелі өмірін, шындықты бетке айтатын қайсарлығын үлгі ете отырып, оқушыларды туған халқы үшін аянбай еңбек етуге, ерлікке, мейірімділікке, елін сүюге баулу.

Әдіс-тәсілдер

  • Талдау
  • Сұрақ-жауап
  • Жинақтау
  • Топтастыру

Сабақтың түрі

Пікір айту, ойталқы, шығармашылық сабақ.

Сабақтың барысы

  1. 1 Ұйымдастыру кезеңі.
  2. 2 Сабақтың мақсаты мен құрылымын түсіндіру.
  3. 3 Жаңа сабақ: кіріспе бөлім (слайд арқылы Ғ. Мүсіреповтің фотосуреттері, мұражай көріністері көрсетіледі).

Эпиграф

«Ғабит Мүсірепов – ардақты ат! Мүсірепов туралы мың сөзден “Мүсірепов” деген сөздің мағынасы әлдеқайда терең, мазмұны әлдеқайда бай. Демек, Мүсіреповті мақтаудың керегі жоқ, Мүсіреповпен мақтану керек».

З. Қабдолов

Тұлғалық болмысы

Ғабит Махмұтұлы Мүсірепов — ұлттық сөз өнері тарихында мәңгі қалатын, өз мектебі бар, қайталанбас өрнегі мен өшпес ізі қалған, сөзі сара, ойы терең ірі тұлға.

Оқырман жүрегіндегі орны

Ана тілін қадірлейтін әрбір оқырман оның әңгімелері мен ірі шығармаларын сүйсіне оқып, тәлім-тәрбие алары анық. Жазушы қазақ әдебиетінің алдыңғы шебіндегі маңдайалды қаламгерлердің бірі болып қалды.

Негізгі туындылар

Қазақ солдаты Оянған өлке Ұлпан Қозы Көрпеш – Баян сұлу Қыз Жібек

Бүгінгі сабақта жазушы жайлы сыр шертіп, ой бөлісіп, шығармашылық жолына кезең-кезеңімен тоқталамыз.

Негізгі бөлім: сабақ кезеңдері

1-кезең. Дарынды жазушы

Оқушылар «Дарынды жазушы» тақырыбында эссе жазады.

Эссе

2-кезең. Кластер құрастыру

Жазушының өмірі мен шығармашылығын негізгі ұғымдар арқылы топтастырып, кластер жасайды.

Топтық жұмыс

3-кезең. Сөз зергері: «Ана» тақырыбы

«Ана» тақырыбы — үлкен де ауқымды тақырып. Оны әр адам өзінше түсініп, өзінше бейнелейді. Ғабит Мүсірепов бұл қасиетті ұғымды өзінше суреттеген. Ал сіздер «Ана» деген сөзді қалай түсінесіздер?

Тапсырма

Тақтаға шығып, тірек сызба арқылы негізгі ойларды топтастырыңыздар: «тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні».

4-кезең. Драматург — Ғабит Мүсірепов

Пьесаларды кесте арқылы талдау. Әр туындының тақырыбын, мазмұнын, кейіпкерлерін және қақтығыс табиғатын анықтау.

Пьесаның аты Тақырыбы Не туралы? Басты кейіпкерлері және қасиеті Күресетін жаулары

Қойылым

Мектептен таныс «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» пьесасынан үзінді көрініс көрсетіңіздер.

5-кезең. Венн диаграммасы

«Қыз Жібек» фильмі мен «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» пьесасының айырмашылықтарын түсіндіріп, ортақ белгілерін және ерекшеліктерін Венн диаграммасы арқылы көрсетіңіздер.

6-кезең. Деңгейлік тапсырмалар

Сұрақ-жауап арқылы бекіту

1-деңгей

  1. 1) Өз өмірі жайлы қай әңгімесінде сипаттаған? Жауабы: автобиографиялық әңгімесінде.
  2. 2) Ғабиттің қара сөзбен жазған поэмасы қалай аталады? Жауабы: «Кездеспей кеткен бір бейне».
  3. 3) Тырнақалды туындысы қай жылы, қай газетте жарияланған? Жауабы: «Еңбекші қазақ» газетінде, 1925 жылы («Едіге» әңгімесі).
  4. 4) 1917 жылы 2 сыныптық орыс мектебіне түскенде кімнен дәріс алады? Жауабы: ұстаз-ақын Бекет Өтетілеуовтен.

2-деңгей

  1. 1) Кімнің шығармаларын қазақ тіліне аударды? Жауабы: М. Горькийдің шығармаларын.
  2. 2) Қай жылы, қайда туған? Жауабы: (оқушы толықтырады).
  3. 3) Қай жылы қайтыс болған? Жауабы: (оқушы толықтырады).
  4. 4) Қандай шет елдерде болған? Жауабы: Жапония, Египет, Алжир, Италия және т.б.

3-деңгей

  1. 1) 1923 жылы кімнің жетелеуімен Орынбор қаласындағы рабфакқа оқуға түседі? Жауабы: С. Мұқановтың жетелеуімен.
  2. 2) 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс пен Азамат соғысы көріністерін, ауыл тіршілігін және әйелдер тағдырын суреттеген әңгімесі қалай аталады? Жауабы: «Тулаған толқындар».
  3. 3) 1966 жылы қандай журналдың бас редакторы болды? Жауабы: «Ара-Шмель» журналы.
  4. 4) 1927–1928 жылдары қай жерде ұстаздық қызмет атқарды? Жауабы: Щучинск орман шаруашылығы техникумында.

Қорытынды бөлім

7-кезең. Үй жұмысы

Ғ. Мүсіреповке хат жазу.

Ой қозғау

Оқушылар бүгінгі сабақтан алған әсері мен ойын ортаға салады.

Бағалау

Оқушылардың жұмысын критерийлер бойынша бағалау және кері байланыс беру.

Тақырып: Ғабит Мүсіреповтің шығармашылық жолы (құжат/материал ретінде жүктеуге арналған мазмұн).