Ұстаздың арманы - шәкіртінің қамы
Тақырыбы: «Менің алғашқы ұстазым»
Мақсаты
- «Ұстаз» сөзінде қаншама мағына, құдіретті күш, қасиетті ұғым бар екенін ұғындыру.
- Ұстаздан алатын үлгі-өнегені, тәрбиені қадірлеуге шақыру.
- Ұстаздың әрбір үйреткен білімі мен тәрбиесіне құрметпен қарауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі
Ұйымдастыру. Өту барысы
Мұғалімнің кіріспе сөзі
Армысыздар, құрметті ұстаздар мен оқушылар! Сіздерді Ұстаздар мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз.
Ұстаз! Осы бір сөзде қаншама мән-мағына, құдіретті күш, қасиетті ұғым жатыр. Ұстаз алдынан өтпейтін ешкім жоқ.
«Жақсы ұстаз – мектептің жүрегі», — деген Ыбырай атамыз.
Жүрексіз өмір болмаса, мұғалімсіз білім мен тәрбиенің жүзеге аспайтыны анық. Қоғам қайраткерлері де, даналар да, қарапайым еңбек адамдары да, арман қуған жеткіншектер де — бәрі бір адамға қарыз. Ол — ұстаз.
Ұстазсыз өмірдің нақты тұтқасын ұстау мүмкін емес. Адамды тәрбиелеп, азамат етіп аттандырудың өзі — үлкен жауапкершілік. Сондықтан ұстаз еңбегі — ұлы еңбек.
Оқушылардың тақпақтары
Ұстаздардың бар айтқанын
Ұлағатын ұғыңдар.
Сөйтіп әрбір сабақтан
Сәл есейіп шығыңдар.
Сан жастық қамын шертесің,
Тағдырын ойлап толғанып.
Әрбір үйдің еркесін
Үйреттің өзің қолға алып.
Асыл ұстаз — мектеп жүрегі,
Шуақ шашар реңі.
Ұстаз деген — ұлы тұлға, есімді,
Біз үшін өмір сүреді.
Білімнің кәусар бұлағын
Жүресің құйып санама.
Біз үшін сенсің, мұғалім —
Ұстаз да, ғалым да, дана да.
Жүректен шыққан арнау
Ұстаздар, жан анамдай аялаған,
Нұрланған шуағымсың саялаған.
Айналдық мейірімді жүрегіңнен,
Шәкіртінен өз бақытын аямаған!
Ән шашуы
«Мұғалім» әні орындалады.
Ой-толғау: ұстаздықтың жауапкершілігі
Ұстаз болу — қиынның қиыны. Шәкірттің жан дүниесін байытып, қоғамның кетігіне кірпіш болып қалануына ұстаздың қосар үлесі зор.
Тарыдай болып білім ордасының табалдырығын аттаған күннен бастап, таудай болып өмірге етене араласқанға дейін шәкірт ұстазының ойлы сөздерін жадына тоқып өседі.
Ұстаздың арманы — шәкіртінің қамы.
Ендеше, адам өмірінің балауса, пәк шағында білгенін үйретіп, көкірек көзін ашуға септігін тигізген ұстаз-аналарды ардақтайық! Өйткені олар — халқымыздың анасы.
Тақпақ жалғасы
Ұстаз болу — жүректің батырлығы,
Ұстаз болу — сезімнің ақындығы.
Ұстаз болу — мінездің күн шуағы,
Азбайтұғын адамның асылдығы.
Терең зерттеу ісімен
Жүреді ұстаз үнемі.
Ұшқыр білім үшін өмір сүреді,
Терең мейірім — ізгілігі.
Ұстаз — мектеп жүрегі,
Ұстаз — мектеп тірегі.
Күнде де ол, түнде де
Тілейді бала тілегін.
Ақылды да, білімді,
Дана жүрек, білікті.
Салиқалы, салмақты —
Ұстазым ол сүйікті.
Би нөмірі
Қадір Мырзалиев жырлағандай: «...Күй шығарып, ән салып, көкпар тартып, қыз қууға жаралған...»
Келесі бөлім
Қазақ биін тамашалаңыздар.
Ұстаз туралы ой
Ұстаз — әр адамның жүрегіне ерекше жылулық нұр себетін аяулы тұлға. Қадір тұтып, құрметтейтін ұғымдардың бірегейі — осы ұстаз ұғымы.
«Ұстаздан тәрбие алған», «ұстаздың алдын көрген» деген сөздер ананың мейірімі мен тәрбиесімен үндесіп жатады.
Ақырын жүріп анық бас —
Еңбегің кетпес далаға.
Ұстаздық еткен жалықпас,
Үйретуден бала.
Ән
«Ұстазыма» әні орындалады.
Алғыс және қонақтарға сөз
Егер әр адамның жүрегінде ізгілік сәулесі болса, ол — мұғалім еңбегінің жемісі. Сол нұрды жеткіншек жүрегіне сіңіру үшін ұстаз қаншама тер төгеді.
Дүниеде адамды тәрбиелеп, азамат етіп аттандырудан асқан абырой мен құрмет бар ма екен?
Келген қонақтарға сөз кезегі беріледі.
Қорытынды сөз
Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі «Менің алғашқы ұстазым» атты тәрбие сағатымызға уақыт бөліп, келіп тамашалағандарыңызға көп рахмет!
Осы мектепте оқыды, ойға білім тоқыды,
Осы жерден жалындап, ер жетті ірі ғалымдар.
Алдыңда ұзақ жолың бар — оқумен өсіп толыңдар,
Қиындыққа мойымай, аман-есен болыңдар.