Тік бұрышты үшбұрыш

Математика пәні мұғалімі: Даулетиярова Бағдат

Сабақ тақырыбы

Тік бұрышты үшбұрыш. Тік бұрышты үшбұрыштар теңдігінің белгілері (презентация/слайд).

Мақсаты

Білімділік

Тік бұрышты үшбұрыштардың теңдігін дәлелдей білу және оны есептер шығаруда қолдану.

Дамытушылық

Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік

Алған білімге құрметпен қарауға тәрбиелеу.

Сабақ барысы

  1. 1
    Ұйымдастыру
  2. 2
    Өткен тақырыптарға шолу
  3. 3
    Жаңа сабақ (презентация)
  4. 4
    Сабақты қорытындылау, бағалау
  5. 5
    Үй тапсырмасын беру

Өткен тақырыптарға шолу (сұрақ-жауап)

Негізгі анықтама

Үшбұрыш — бір түзудің бойында жатпайтын үш нүктеден және осы нүктелерді қосатын үш кесіндіден тұратын фигура.

Еске түсіру

Үшбұрыштар теңдігінің негізгі белгілерін еске түсірейік.

Тік бұрышты үшбұрыш

Бір бұрышы тік болатын үшбұрыш тік бұрышты үшбұрыш деп аталады.

Катет пен гипотенуза

Тік бұрыш жасайтын екі қабырғаның әрқайсысы катет, ал тік бұрышқа қарсы жатқан қабырға гипотенуза деп аталады.

Теңдік белгісі (катет-катет)

Егер бір тік бұрышты үшбұрыштың катеттері екінші тік бұрышты үшбұрыштың сәйкес катеттеріне тең болса, онда бұл тік бұрышты үшбұрыштар тең болады.

Негізгі ой: екі катет тең болса → тік бұрышты үшбұрыштар тең.