Етістік сөзді тап
Сабақ туралы мәлімет
Сынып
4-сынып
Тақырып
Сын есімді пысықтау
Сабақ түрі
Қайталау сабағы
Әдісі
Сұрақ-жауап
Көрнекіліктер
Презентация, таратпа материалдар, қима қағаздар
Мақсаты
-
1. Сын есім туралы білімдерін кеңейту және пысықтау.
-
2. Оқушылардың өз бетімен ойлануына, ізденуіне және шығармашылық қабілетін дамытуына бағыт-бағдар беру.
-
3. Адам бойындағы жақсы қасиеттерді сіңіруге тәрбиелеу.
Сабақ барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Амандасу.
- Психологиялық дайындық: Бүгін ерекше сабақ, ерекше күн. Бір-бірімізге мейірімді жүрек ұсынайық. Әр бала қасындағы көршісіне жақсы қасиетін білдіретін сөз айтып, жүрекшені ұсынады.
Мысал сөздер
Сабақтың негізгі мақсаты — сын есім туралы білімді кеңейту және пысықтау.
II. Өткенді қайталау
Алдарыңда жатқан тест жұмысы арқылы алдыңғы тақырыптарды қайталайық.
-
1) Етістікті тап.
- а) секірді
- ә) бұтақтар
- с) сексен екі
-
2) Табыс септіктің сұрақтарын көрсет.
- а) Кімде? Неде?
- ә) Кімді? Нені?
- с) Кімнің? Ненің?
-
3) Дара етістікті тап.
- у) ағып жатыр
- р) бара бер
- т) ағады
-
4) Күрделі етістік қайсы?
- у) отырды
- т) бақылап тұр
- р) ұшыпты
-
5) Негізгі етістік қайсы?
- ы) шегеле
- і) жаз
- м) тазала
-
6) Болымды етістікті тап.
- л) бар
- м) барма
- н) айтпа
-
7) Жіктелген зат есімді тап.
- ы) ұсталар
- і) ұстамын
- м) оқыдым
-
8) «Әжесі» сөзі тәуелдеулі зат есімнің нешінші жағы?
- а) I жақ
- к) III жақ
- қ) сыпайы түрі
Жауап кілтінен шыққан сөз
СӘТТІЛІК
Бүгінгі сабақта барлығыңа сәттілік тілеймін!
III. «Кубизм» стратегиясы
- Сын есімнің ережесін айт.
- Сын есімнің түрлерін (ережесін) ата.
- «Қайырым», «парасат», «инабат» сөздерінен сын есім жаса.
- «Тастай», «үлгілі», «өнерлі» сөздеріне сөз құрамына талдау жаса.
- Сын есім қатысатын мақал-мәтел айт.
- Жатқа жазу: 190-бет, 51-жаттығу (мақал-мәтелдерді нұсқа бойынша жаттау).
IV. Мақал-мәтелмен жұмыс
Талқылау сұрақтары
- 1-мақал қандай мағына береді?
- Онда адамның қандай қасиеттері туралы айтылған?
Ой түйін
Ұрпақ тағдыры — ұлт тағдыры. Ұлттың болашағы білімді, талантты, адамгершілік асыл қасиеттерді бойына сіңірген тәрбиелі ұрпақтың қолында. Бұл — сендердің қолдарыңда.
Мәтінді сөз таптарына талдаймыз: сын есім бар ма? «Саналы — санасыз», «жақсы — жаман» сөздері қарсы мәндес сын есімдер.
V. Қарсы мәндес сын есімдер
Жұптар
- Аласа
- Биік
- Мейірімді
- Қатыгез
- Қымбат
- Арзан
- Қиын
- Оңай
- Жарық
- Қараңғы
- Ашық
- Жабық
Ойланайық
Осы сын есімдердің қайсысы адамның бойынан табылатын қасиеттерді білдіреді?
Тапсырма: 1-нұсқа — «мейірімді», 2-нұсқа — «қатыгез» сөзіне дыбыстық талдау жаса.
VI. Сергіту сәті
Қимыл-қозғалыс
Биік ағаштар, аласа ағаштар.
Кеңістік
Кең көше, тар көше.
Мақсат
Шаршауды басып, сабаққа қайта зейін қою.
VII. Өздік жұмыс
2-тапсырма: Сындық ерекшеліктеріне кесте толтыру
1-нұсқа
| Не? | Түсі | Көлемі | Дәмі | Иісі | Сапасы |
|---|---|---|---|---|---|
| Қарбыз | — | — | — | — | — |
| Жуа | — | — | — | — | — |
| Құрт | — | — | — | — | — |
2-нұсқа
| Не? | Түсі | Көлемі | Дәмі | Иісі | Сапасы |
|---|---|---|---|---|---|
| Қауын | — | — | — | — | — |
| Шие | — | — | — | — | — |
| Лимон | — | — | — | — | — |
Сөз құрамына талдау
1-нұсқа сөздері
- Сын есім + сын есім тудыратын жұрнақ
- Зат есім + сын есім тудыратын жұрнақ
- Етістік + сын есім тудыратын жұрнақ
2-нұсқа сөздері
- Сын есім + сын есім тудыратын жұрнақ
- Зат есім + сын есім тудыратын жұрнақ
- Етістік + сын есім тудыратын жұрнақ
VIII. Шығармашылық жұмыс
Әлемде болып жатқан қылмыс, адамның өміріне зиян келтіру секілді әрекеттер — адамзаттың адамгершіліктен, мейірімділіктен, қайырымдылықтан алыстауынан туындайды. Егер әр адамның ойында жамандық пен қатыгездік болмаса, жүрегі ашық, ниеті таза болса, адамдар бір-біріне жақсылық жасап, достық қарым-қатынас орнатып, бүкіл әлемде бейбітшілікке жол аша алады.
Рухани-адамгершілік біліммен сусындаған адам өзін мейірімді, қайырымды, кешірімді, ақыл-ойы толысқан тұлға ретінде қалыптастырады.
Ой қозғау
Болашақта сендердің бойларыңда қандай қасиеттер болуы керек?
Жазба жұмысы
«Мен — елімнің болашағым» тақырыбына шағын эссе жазу.
Түйін: Рухы күшті ұлт озады.
Қосымша тапсырма
3–4 оқушы сөйлем мүшелеріне талдау жасайды.
Даналық сөз
Абайдың қара сөзіндегі даналық: «Адамның үш қасиеті — ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек». Бұл ой мәңгілік. Әр адамның жаны жақсылыққа толы болса, жер бетінде бейбітшілік орнап, адамдар бақытты өмір сүреді.