Оқушылардың ойын білу

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы

Қ. Күлетов атындағы №92 орта мектебі

Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі: Енсепбаева Жадыра Абдирхановна

Қазақ әдебиеті 6-сынып Сүйінбай Аронұлы

Сабақтың тақырыбы

«Жақсы мен жаман адамның қасиеттері»

Бұл сабақта Сүйінбай Аронұлының өлеңі арқылы өмірдегі ізгілік пен зұлымдық, асыл мінез бен жат қылық салыстырылып, адамгершілік құндылықтар таразыланады.

Жалпы мақсаты

Оқушыларды жаман әдеттен аулақ болып, жақсы қасиеттерді бойына сіңіруге тәрбиелеу; адамгершіліктің асыл құндылықтарын бағалай білуге бағыттау.

Негізгі идея

Ақынды толғандырған сұрақтар арқылы өлеңнен жауап іздеп, жақсы мен жаманның айырмасын түсінуге тәрбиелеу; жаман әдеттен жирендіру.

Оқыту нәтижелері

  • Топтық жұмыс арқылы тақырыпқа қызығушылық артады.
  • Өзара бағалау арқылы жауапкершілік сезімі нығаяды.
  • Талдау, зерттеу, салыстыру арқылы сыни тұрғыдан ойлау дамиды.
  • Ақпараттық-коммуникациялық құзыреттілік артады.

Кіріспе ой қозғау

«Жақсы деген немене, жаман деген немене?»

Оқушылар өз ойларын ортаға салып, «Қандай адам жақсы? Қандай адам жаман?» сұрақтарына жауап береді. Осы мәселе Сүйінбай ақынды да толғандырған.

Постер қорғау Формативті бағалау

Мұғалімнің кіріспе сөзі

Бөрілі байрақ астында
Бөгеліп көрген жан емен.
Бөрідей жортып кеткенде
Бөлініп қалған жан емен.
Айтыс өнерінің асқан шебері, ерен ақын Сүйінбай Аронұлы туралы сабаққа кіріспе үзінді.

Бүгінгі сабақта айтыс өнерінің аса көрнекті өкілі Сүйінбай Аронұлының «Жақсы мен жаман адамның қасиеттері» атты өлеңі талданады. Ақын бұл туындысында өмірдегі асыл мен жасықты, ер мен езді, ізгілік пен зұлымдықты салыстырып, этикалық тұрғыдан пайымдайды. Өлеңде жақсы мен жаман адамға тән қасиеттер қарама-қарсы қойылып сипатталған.

Сабақтағы тапсырмалар

Негізгі тапсырмалар

  1. 1.Оқулықпен жұмыс
  2. 2.Жұппен жұмыс
  3. 3.Топтық жұмыс
  4. 4.Постер қорғау

Кейінгі тапсырмалар

  1. 1.Өлеңді нақышына келтіріп оқу
  2. 2.Сәйкестендіру
  3. 3.Топтастыру
  4. 4.Деңгейлік тапсырмалар
  5. 5.«Сиқырлы қалам»

Сабақ барысы

Ұйымдастыру кезеңі

  • Амандасу
  • Топқа бөлу
  • Топтық бағалауға арналған парақшалар тарату
  • Сабақтың мақсаты мен күтілетін нәтижелерін таныстыру

Үй тапсырмасын тексеру

Оқушылар ұнаған шумақтарын жатқа айтады.

Топтық жұмыс: постер қорғау

Тақырып бойынша талқылау: «Қандай адам жақсы, қандай адам жаман?» Оқушылардың ойы тыңдалып, дәлелдері постер арқылы ұсынылады.

Жұппен жұмыс

1) Хронологиялық кесте бойынша сұхбат

Тақырып: «С. Аронұлы туралы не білдім?»

Жылдар Оқиғалар
1815 Алатау бөктеріндегі Алматыға жақын Қарақыстақ ауылындағы Бұлақ деген жерде дүниеге келген.
13–14 жас «Түс» атты алғашқы өлеңін жазады.
1852 (маусым) Қырғыз ханы Орман атасының асында Сүйінбай мен Қатаған айтысып, Сүйінбай айқын басымдықпен жеңіске жетеді.
1898 83 жасында дүние салады.

2) Мәтінмен жұмыс

а) Өлеңді оқу

ә) Қиын сөздермен жұмыс (сәйкестендіру)

Парқы

Бағасы

Миуалы

Жемісті

Көр көкірек

Еш нәрсеге түсінбейтін, бос кеуде

Көзі соқыр

Түк білмейтін надан

Шала

Отта толық жанып бітпеген ағаш

Тана

1–2 жас аралығындағы ірі қара

Сөзі майда

Сыпайы, әдепті сөйлейді

Деңгейлік тапсырмалар

1-деңгей

«Топтастыру» стратегиясы арқылы жақсы және жаман адамның қасиеттерін анықтау.

2-деңгей

Халық мақал-мәтелдерінің екінші сыңарын толықтыру.

  1. 1. Жақсы көргенін мақтап жүрер, (жаман көргенін даттап жүрер).
  2. 2. Жақсыға қылған жақсылық, өмірінше тозбайды, (жаманға қылған жақсылық, бір күнгідей болмайды).
  3. 3. Жақсы кісінің ашуы — шай орамал кепкенше, (жаман адамның ашуы — басы жерге жеткенше).
  4. 4. Жақсыны сыйласаң есінен кетпейді, (жаманды сыйласаң есігіңнен кетпейді).
  5. 5. Жақсыға берсең асыңды, жақсы сыйлар басыңды, (жаманға берсең асыңды, итке тастар басыңды).
  6. 6. Жақсыға ерсең, жетерсің мұратқа, (жаманға ерсең, қаларсың ұятқа).

3-деңгей

«Жаныңда жүр жақсы адам» тақырыбында ойтолғау жазу.

Талантты және дарынды оқушыларға қосымша: ғаламтор материалдары бойынша қосымша деректермен толықтыру.

Бекіту: «Сиқырлы қалам»

Рефлексия сұрағы 1

Толғау арқылы нені үйрендім?

Рефлексия сұрағы 2

Толғау арқылы неден жирендім?

Түйін

Адам — өмірге қонақ. Сондықтан бүгін айтылған жаман қасиеттерден аулақ болып, жақсы қасиеттерді бойымызға сіңіруіміз керек.

Бағалау

Бағалау критерийлері негізінде оқушылармен бірлесіп бағалау жүргізіледі (өзара бағалау және топтық бағалау парақшалары арқылы).

Үй тапсырмасы

  1. 1.Хрестоматияда берілген ақын өлеңдерімен танысу.
  2. 2.Сатылай кешенді талдау жасау.
  3. 3.Теңеу, антоним, синоним, дисфемизм сөздерді табу.

Рефлексия

«Бағдаршам» әдісі

Оқушылар сабақтағы түсіну деңгейін білдіреді: толық түсіндім, әлі де сұрағым бар, қиналдым.

Сабақ аяқталады.