Жазба жұмысын оқушылардың өздері тексеруі
Сабақ туралы қысқаша мәлімет
Пәні
Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы
Диктант: «Қажымұқан»
Сабақтың әдісі
Баяндау, жаздыру
Сабақтың мақсаты
- Оқушылардың сауаттылығын тексеру, жазу дағдыларының қалыптасуын қадағалау.
- Есте сақтау қабілеттерін арттыру.
- Сауатты әрі көркем жазуға баулу.
Пайдаланылған әдебиет
«Қазақ тілінен жазба жұмыстар». С. Ч. Тұрсынғалиева. «Арман — ПВ» баспасы, 2008 жыл.
Сабақ барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушыларды түгендеу.
- Жазба жұмысына дайындық.
- Жұмыстың ерекшелігі, мақсаты және орындалу шарттарымен таныстыру.
II. Диктантты орындау тәртібі
- Мәтінді 2 рет оқу.
- Қиын сөздерді тақтаға жазу.
- Мәтін 3-рет оқылғанда оқушылар жазуға кіріседі.
III. Өзіндік тексеру
Жазба жұмысын оқушылар өздері тексереді.
IV. Қорытынды
Жазба жұмыстарын жинап алу.
V. Үй тапсырмасы
Өткен тақырыптарды қайталау.
Диктант мәтіні: «Қажымұқан»
Қажымұқан жас кезінен-ақ күшті болған. Бала кезінде жалшылықта жүрген. Оның күшіне ел таңғалады екен. Қыстың қақаған шағында бала жігіт отынға барыпты. Шанаға жеккен аты қарға омбылап, мұзға тайғанақтап, мертігіп қалыпты. Мертіккен атты шанаға көтеріп салыпты да, аттың қамытын мойнына іліп, шананы ауылға өзі сүйреп келіпті. Содан бастап оның атағы елге жайылыпты.
Атақты палуан Франция, Германия, Қытай, Түркия, Польша елдеріне барып, өнер көрсеткен. Қажымұқан өмірінің соңғы жылдарын Шымкент облысында өткізді. Осы күнгі Бөген ауданы оның қартайған кездегі құтты мекені болды. Қайда жүрсе де елдің құрметіне бөленген адам әрқашан бақытты.
Назар аударатын тұстар
- Кісі есімдері мен жер-су атауларының жазылуы.
- Етістік тұлғалары мен сөйлемнің тыныс белгілері.
- Қиын сөздер: қақаған, омбылап, тайғанақтап, мертігіп, қамыт, құтты мекен.
Ескерту
Бұл материал «Қазақ тілінен диктанттар жинағы» тақырыбындағы оқу-әдістемелік мазмұнға негізделген.