Оқушылардың білімдерін бағалау

Сабақтың тақырыбы

Көмірсутектер тарауын қайталау.

Сабақтың мақсаты

Білімдік

Оқушылардың «Көмірсутектердің негізгі кластары» тақырыбы бойынша алған білімдерін жүйелеу, бекіту және бағалау.

Дамытушылық

Теңдеу құру дағдыларын, есеп шығару және химиялық тәжірибе жасау біліктерін дамыту; оқушылардың логикалық және жан-жақты ойлауын, сөйлеу қабілеттерін жетілдіру, пәнге қызығушылығын арттыру.

Тәрбиелік

Оқушыларды бірлікке, ұйымшылдыққа, алғырлыққа, шапшаңдыққа баулу; өз бетінше ізденіп, білім алуға дағдыландыру және тәрбиелеу.

Сабақтың форматы

Сабақтың түрі

Білімді қорытындылау және жүйелеу (қайталау) сабағы; сайыс сабағы.

Өткізу формасы

Жекелеген, жұптық және топтық жұмыстар; жеке-дара жұмыс; электрондық оқулықпен жұмыс.

Пәнаралық байланыс

География, математика, орыс тілі, әдебиет; аймақтық компоненттерді қолдану.

Қажетті құралдар мен реактивтер

  • Қазақстанның пайдалы қазбалар картасы
  • Түрлі түсті таратпалар, плакаттар, сызбанұсқалар
  • Алкандардың гомологтық қатары
  • Үлестірмелі карточкалар, тест тапсырмалары, есептер жазылған карточкалар
  • Электрондық оқулық, графопроектор
  • Бағалау парағы, салыстыру кестесі
  • Молекула құрастыруға арналған атомдар модельдерінің бөлшектері
  • Пластилин, сіріңке шырпылары, буклеттер

Сабақ жоспары

Кезең-кезеңімен ұйымдастыру

  1. 1

    Ұйымдастыру

    Кіріспе сөз.

  2. 2

    Топтарды таныстыру

    I, II, III топтың таныстырылымы.

  3. 3

    Ой қозғау

    Сауалнама сұрақтары.

  4. 4

    Химиялық эстафета

    Өзгерістерді жүзеге асыруға арналған есептер.

  5. 5

    Салыстыру кестесін толтыру

    «Көмірсутектерді салыстыру кестесі» қалталы кестесін толтыру. Әр оқушыға үлестірме материал таратылады.

  6. 6

    Молекула моделін жасау

    Көмірсутек молекулаларының моделін құрастыру.

  7. 7

    Электрондық оқулықпен жұмыс

    Тақырыпты бекітуге арналған тапсырмалар.

  8. 8

    Тест жұмысы

    Білімді жедел тексеру.

  9. 9

    Қорытынды

    Ассоциация құру.

  10. 10

    Бағалау және үй тапсырмасы

    Оқушылардың білімін бағалау, үй тапсырмасын беру.

I кезең. Таныстыру

Бұл кезеңде әр топ өзін таныстырады.

I топ

Алкан

II топ

Алкен

III топ

Алкин

II кезең. Ой қозғау

Ереже

Әр топқа 6 сұрақтан қойылады. Егер сұрақ қойылған топ жауап бере алмаса, онда бірінші болып қол көтерген топ жауап береді. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай беріледі.

I нұсқа — «Алкандар» тобына арналған сұрақтар

  • Көмірсутектер қалай жіктеледі?
  • Метанды басқаша қалай атайды?
  • Алкандарға сәйкес көмірсутектердің атауына қандай жұрнақ жалғанады?
  • Алкендерге сапалық реактив ретінде не қолданылады?
  • Ароматты көмірсутектердің халықаралық атауы қандай?
  • Ашық түсті мұнай өнімдеріне нелер жатады?