Ғарыш айлағының кедергілері

Сабақтың барысы

Бұл сабақ ойын форматына құрылған: балалар «ғарыш айлағына» саяхат жасап, тапсырмаларды орындау арқылы білімдерін қайталайды. Әр дұрыс жауап пен орындалған есеп «жұлдызшалармен» бағаланып, соңында ең ұйымшыл әрі мықты экипаж анықталады.

Ұйымдастыру кезеңі

Балалармен жылы амандасып, психологиялық көңіл күй қалыптастырылады.

Психологиялық сәт

Біздер жақсы баламыз,

Өсті ақыл-санамыз.

Қонақтармен ең алғаш,

Амандасып аламыз.

Сәлеметсіздер ме!

«Ғарыш айлағына» саяхат: кіріспе

Балалар көздерін жұмып, ғарышты елестетеді. Жай әуен қосылып, әр бала өз қиялындағы көріністі айтып береді. Тәрбиеші ғарыш айлағы, ғарыш кемесі және зымыран туралы қысқаша түсінік береді.

Топтық жұмыс

Әр топ өз зымыранын құрастырады және оған ат қояды.

Ойын ережесі

Ғарышқа жету үшін кедергілерден өтіп, сұрақтарға жауап беріп, есептер шығару арқылы «жұлдызшалар» жинайды.

Ғарыш айлағының кедергілері

1) Дидактикалық ойын: «Өз орныңды тап»

Сандарды реттеу

Әр балаға сан жазылған қағаз беріледі. Балалар қолындағы санға сәйкес тақта алдына шығып, сандарды өсу ретімен тізіледі.

Тәрбиеші: «Балалар, қараңдаршы, қандай көп сандар! Бірге санайық.»

2) Геометриялық пішіндерді жіктеу

Талдау және топтау

Балалар пішіндерді салыстырып, қасиеттеріне қарай топтастырады (дөңгелек, үшбұрыш, төртбұрыш және т.б.).

3) Есептер шығару

Қолдану

Карточкалардағы тапсырмалар орындалып, жауаптары талқыланады. Мақсат — дәлдік пен ой қорытудың жүйелілігін көрсету.

Сергіту сәті

Бір саусағым тіпті де,

Ұстай алмас жіпті де.

Екі саусақ бірікті —

Ине қолға ілікті.

Үш саусағым орамды —

Жүгіртеді қаламды.

Өнерлі екен он саусақ:

Қала салсақ, жол салсақ.

Қону алдындағы соңғы тапсырма: логикалық есептер

Саяхат аяқталуға жақын. Жерге қону үшін соңғы деңгейден өту керек: логикалық есептерді ойланып, нақты жауап беру.

  1. 1)

    Көлден ұшты жеті қаз. Қайтып келді екі қаз. Қонбай кетті неше қаз?

  2. 2)

    Бір алманы төртке бөлдім. Бір бөлігін жеп көрдім. Қалған үш бөлігін қасымдағы үш досыма бердім. Қолымда не қалды?

  3. 3)

    Дүкеннен сабын алдым және оның қабын алдым. Екі дәптер, бір қарындаш, тіс ысқышты да алдым. Сонда бәрі қанша болды?

Қорытынды бағалау

Барлық тапсырма орындалған соң, әр топ жинаған жұлдызшаларын санап, ең ұйымшыл экипаж анықталады. Әр топ өз зымыранын тиісті жерге «қондырады».

Жаз тақырыбына ауысу

Сабақ соңында балалардың жыл бойғы еңбегі атап өтіледі. Даярлық тобымен қоштасып, ұзақ демалыс қай мезгілде болатыны сұралады.

Сұрақ-жауап

  • Ұзақ демалыс қай мезгілде болады? — Жаз.
  • Жаз мезгілінде ауа райы қандай болады?
  • Жаз туралы не білесіңдер?

Сахналық сәт

Есік қағылып, ішке көбелек кіреді. Музыка ойнап тұрады. Балалар көбелектің жазда пайда болатынын айтып, бірге би билейді.

«Сиқырлы сандықша»: жазғы табиғатты құрастыру

Көбелек балаларға сиқырлы сандықша әкеледі: ішінде тапсырмалар мен суреттер бар. Балалар суреттерді алып, сұрақтарға жауап береді. Суреттер тақтаға ілінген сайын, «жазғы табиғат» көрінісі біртіндеп құралады.

Шығармашылық бөлім

Балалар дайын болған жазғы суретке қарап, қысқаша әңгіме құрастырады: табиғаттағы өзгерістерді, жәндіктерді, гүлдерді және ауа райын сипаттайды.

Қорытынды

Балалар белсенді қатысып, тапсырмаларды толық орындады. Жыл бойы меңгерген білімдері бекітіліп, жазғы демалысқа дайын екендері анықталды. Демалыстан кейін балалар бірінші сыныпқа қадам басады.

Сау болыңдар!