Қай жерде
Сабақ форматы: «Кім? Не? Қайда? Қашан?» ойын-сабағы
Бұл сабақ «ЭЕМ-нің даму тарихы» тақырыбы бойынша білімді қайталауға және бекітуге арналған сайыс түрінде ұйымдастырылады. Ойын форматы оқушылардың есте сақтауын, зейінін және пәнге қызығушылығын арттырып, өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын дамытады.
Тақырып
ЭЕМ-нің даму тарихы
Сабақтың типі
Аралас сабақ
Сабақтың түрі
Сайыс сабақ
Мақсаты
- ЭЕМ-нің даму тарихын қайталау және пысықтау.
- Есте сақтау мен зейін қабілеттерін дамыту, информатика пәніне қызығушылықты арттыру.
- Жан-жақты болуға, өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу.
Әдістері
Ойын, сұрақ-жауап.
Көрнекілігі
Интерактивті тақта, компьютер, презентация, үлестірмелі карточкалар, мақтау қағаздары және т.б.
Сабақ жоспары
I. Дайындық кезеңі
Екі топқа бөліну, топ басшыларын сайлау, топ атын таңдау және таныстыру.
II. Ұйымдастыру кезеңі
Сабақтың мақсаты мен мазмұнын таныстыру, ойын ережесін нақтылау.
III. Сұрақ-жауап кезеңі
Карточка сұрақтары бойынша жарыс: «Кім? Не?», «Қайда?», «Қашан?»
IV. Қорытындылау
Ұпай санау, жеңімпаз топты мадақтау және бағалау.
Сабақтың барысы
I. Дайындық кезеңі
Оқушылар екі топқа бөлінеді. Әр топ өз басшысын сайлайды, топ атауын бекітеді және мүшелерін таныстырады.
II. Ұйымдастыру кезеңі
Мұғалімнің кіріспе сөзі (өлең жолдары):
Құтқарып ауыр бейнеттен,
Техниканы үйреткен,
Роботтай — адамды
Тіл бітіріп сөйлеткен,
Компьютер емей немене?
Білмегенді білдірген,
Өлшеп киім кигізген,
Барлық істі атқарып,
Пайдасын елге тигізген,
Компьютер емей немене?
Бәріңіз маған қараңыз!
Ойынымызды бастайық,
Алуан түрлі ойларды
Ортамызға тастайық.
Информатика пәнінен
Көрсетейік батырлық,
Ой толғайық жүйелі,
Таңдайымызға татырлық.
Бүгін біз есептеу құрылғыларының тарихын қайталаймыз: ЭЕМ дамуына үлес қосқан ғалымдарды, сондай-ақ әртүрлі есептеу құрылғыларының пайда болған жылдары мен жасалған орындарын еске түсіреміз.
III. Сұрақ-жауап кезеңі
Бастапқы сұрақ
Карточкадағы сұраққа бірінші болып жауап берген топ ойынды бірінші бастайды.
Сұрақ: Қазіргі компьютердің атасы кім?
Жауап: Чарльз Бэббидж.
«Кім? Не?» сұрақтары
Тарихи тұлғалар мен құрылғылар
1. 19 жасында жетектер мен дөңгелектерден тұратын механикалық есептеу машинасын құрастырды. Ол машина көпорынды сандарды қоса алды. Бұл құрылғы қалай аталды және оны кім жасады?
Жауап: Қосу машинасы — Блез Паскаль.
2. Жүгіртпесі бар, навигациялық есептеулер жүргізуге арналған құрылғы.
Жауап: Логарифм сызғышы — Деннис Робертсон.
3. Қосу мен алудан бөлек, бөлу, көбейту және квадрат түбірін табу амалдарын орындайтын механикалық есептеу машинасы.
Жауап: Арифмометр — Готфрид Вильгельм Лейбниц.
4. Алдын ала жасалған программа бойынша адамның қатысуынсыз есептеулерді орындайтын құрылғы.
Жауап: Аналитикалық машина — Чарльз Бэббидж.
5. XIX ғасырдың соңында перфокарталар негізінде құрастырылған машина. Перфорациялау, сұрыптау, қосу және сандық кестелерді басып шығару жұмыстарын орындады.
Жауап: Есепші-перфорациялық машина — Герман Холлерит.
6. Программамен басқарылатын, релелік және механикалық элементтерге негізделген автоматты машина.
Жауап: Mark I — Говард Айкен.
7. Бірінші электронды есептеуіш машина.
Жауап: ENIAC — Дж. Моучли және Дж. Эккерт.
8. Бұрынғы Кеңес Одағындағы алғашқы ЭЕМ қалай аталды және ол кімнің басшылығымен жасалды?
Жауап: МЭСМ — С. А. Лебедевтің басшылығымен.
«Қайда?» сұрақтары
География және орындар
1. 1954–1957 жылдары NCR фирмасы алғашқы транзисторлы компьютерлерді шығарды. Бұл фирма қай жерде пайда болды?
Жауап: АҚШ-та.
2. Ондық санау жүйесі алғаш қай жерде пайда болды?
Жауап: Үндістанда.
3. 1946 жылы Дж. Эккерт пен Дж. Моучли жасаған ENIAC қай университетте құрастырылды?
Жауап: Пенсильвания университетінде.
4. С. А. Лебедевтің басшылығымен жасалған МЭСМ қай жерде жасалды?
Жауап: Киевте.
5. Блез Паскальдың алғашқы механикалық қосу машинасы қай жерде жасалды?
Жауап: Францияда.
6. Готфрид Вильгельм Лейбниц ондық жүйеде жұмыс істейтін есептеуіш машинасын қай жерде құрастырды?
Жауап: Германияда.
7. Профессор Джон Атанасов және оның аспиранты Клиффорд Берри электрондық лампаны қолданып есептеуіш машина құрастырды. Бұл қай жерде болды?
Жауап: АҚШ-та.
8. 1944 жылы Говард Айкен Mark I автоматты есептеуіш машинасын қай университетте құрастырды?
Жауап: Гарвард университетінде.
«Қашан?» сұрақтары
Жылдар мен кезеңдер
1. Бұрынғы Кеңес Одағында алғашқы ЭЕМ қай жылдары жасалды?
Жауап: 1947–1948 жылдары.
2. Intel фирмасы алғашқы микропроцессорды қай жылы жасады?
Жауап: 1971 жылы.
3. IBM фирмасы Pentium маркалы процессорларды шығаруды қай жылы бастады?
Жауап: 1993 жылы.
4. Ең алғашқы транзистор қай жылы жасалды?
Жауап: 1949 жылы.
5. ЭЕМ-нің екінші буыны қай жылдан басталады?
Жауап: 1955 жылдан бастап.
6. «Эльбрус-1» суперкомпьютерлері қашан жасалды?
Жауап: 1970–1980 жылдары.
7. Бэббидж машинасына арналған алғашқы бағдарлама қай жылы жазылды?
Жауап: 1846 жылы.
8. Джон фон Нейман архитектурасына негізделген EDSAC машинасы қашан құрастырылды?
Жауап: 1949 жылы.
IV. Қорытындылау
Ойын соңында екі топтың ұпайлары саналады. Білімі, ұтымды жауабы және шапшаңдығы арқылы жеңіске жеткен топ мадақталып, бағаланады.
V. Үй тапсырмасы
- 6-тақырыпты оқу.
- ЭЕМ-нің даму буындары бойынша реферат жазу.