Балаларына риза болған атай
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Ауаның ластану көздері мен ластанудың алдын алу туралы бастапқы түсінік қалыптастыру; ауаның тіршілік үшін маңызын ұғындыру.
Дамытушылық
Оқушылардың шығармашылық ойлауын арттыру; сөздік қорын молайту; ойлау және сөйлеу дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік
Тазалыққа, жанашырлыққа, адамгершілікке тәрбиелеу; табиғатты қорғау мәдениетін қалыптастыру.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру
- Оқушылардың оқу құралдарын түгендеу.
- Назарын сабаққа аудару, сабаққа психологиялық дайындық жасау.
II. Үй тапсырмасын тексеру
1) Ауа райын бақылау не үшін керек?
2) Климат деген не?
3) Қазақстанның климаты туралы не білесің?
4) Бүгінгі ауа райы қандай?
III. Жаңа сабақ: Ауаның ластануы және ауаны қорғау
Құпия шарды жарайық, таң — тамаша болайық.
Ішіндегі жұмбақты шешіп, жауабын тез табайық.
Ребус жауабы:
«Ауаны қорғау»
Бүгін біз ауаның ластану себептері мен оны қорғау жолдары туралы әңгімелесеміз және өз ойымызды ортаға саламыз.
Ауаның ластануы қалай жіктеледі?
Ауаның ластануы табиғи және жасанды болып екіге бөлінеді.
Түсіндірме сөздік
Жанартау
Жанартаудан зиянды газ бен бу тарайды. Олар ауаға араласып, оны ластайды.
Ойын: «Тізбек бойымен әңгімелесу»
Мақсаты
Оқу материалы бойынша білім деңгейін анықтау және пәнге қызығушылықты арттыру.
Шарты
- Мәтін 3 бөлікке бөлініп, 3 топқа беріледі.
- Мәтін тізбектей мәнерлеп оқылады.
- Бір оқушы мәтінді толық оқиды.
- Мұғалім көрсеткен оқушыдан бастап, сағат тілінің бағытымен әрқайсысы бір сөйлемнен айтады.
Сергіту сәті: шағын әңгіме арқылы ой қозғау
Бір атайдың үш баласы болыпты. Бір күні атай балаларының көз алдында құлап қалады. Балалары қасына жүгіріп келсе, атай: «Таза ауа жетпей жатыр», — дейді.
Үлкен ұлы: «Терезені ашайық, ауа кірсін», — дейді. Сонда атай: «Даланың ауасы да таза болмай тұр ғой», — деп жауап береді. Кіші баласы: «Онда ауа қалай ластанады?» — деп сұрайды.
Тапсырма
Алдарыңдағы қағазға ауаның қалай ластанатынын бір ауыз сөзбен жазып, өз тобыңның тұсына жапсырыңдар. Зейінді болсаң — тез ойлан!
I топ
Орман ағаштарының атауларын жазу.
II топ
Ағаштар кесілгеннен кейін табиғатта қандай өзгерістер болатынын айту.
III топ
Орманның адамға және табиғатқа берер пайдасын сипаттау.
Әр топтан бір оқушы шығып, өз тобының ойын дауыстап оқиды және келесі топтың пікірін тыңдайды.
Мұғалімнің қорытынды сұрағы: «Ластанған ауаның зияны қандай, ал оны тазартудың жолдары қандай?»
Ойын: «Түрлі сурет сататын базар»
Мақсаты
Оқушыларды ізденуге, ойды дәлелдеп айтуға және тірек сөздерді тиімді қолдануға үйрету.
Шарты
Мұғалім әр топқа бірнеше сурет таратады. Суреттердің артында тірек сөздер жазылған. Оқушы тірек сөздерді пайдаланып, суретке қатысты ауаны тазарту жолын ұсынады және таңдауын түсіндіреді.
Таза ауа қайда болады және неге?
Әңгімеде балалар атасына таза ауаның көбіне тауда, көгалда, орманда және су жағасында болатынын айтады. Енді оқушылар осының себебін дәлелдеп түсіндіреді: өсімдіктердің оттек бөлуі, ауаның қозғалысы, шаң-тозаңның аздығы, табиғи ластану көздерінің сиректігі.
Соңында балалар атасын ауыл сыртындағы таудың етегіне — құстары сайраған тоғайға, мұздай әрі мөлдір бұлақтың жағасына демалуға алып барады.
«Ұлағат болсын ұлыма, ғибрат болсын қызыма»
-
1) Адамзаттың табиғатсыз күні жоқ,
Оны айтуға табиғаттың үні жоқ. -
2) Таза ауа — жанға азық.
-
3) Табиғат адамзатсыз да өмір сүрер,
адам табиғатсыз өмір сүре алмас.
Қорытынды және рефлексия
Экологиялық аймақ
Ауасы қатты ластанған өңірлер экологиялық аймаққа жатады. Мұндай жерлерде түрлі экологиялық проблемалар туындайды.
Ой-тұжырым
«Экологиялық проблемалар — ең маңызды өмірлік проблемалардың бірі, өйткені әңгіме адамның өмір сүрген ортасы және болашақ ұрпақтың өмірі туралы». Шыңғыс Айтматов
Өз өңіріміз туралы
Экологиялық қиындықтар адамның денсаулығына әсер етеді: түрлі аурулар көбейіп, кейде жаңа туған нәрестелерде ақаулар байқалуы мүмкін.
«Мен не білдім?»
- Ауаның ластануы және оның негізгі себептері.
- Ластанған ауаның адамға және табиғатқа зияны.
- Ауаны қорғаудың жолдары.
- Ең бастысы: ауаны тазартудың ең тиімді жолдарының бірі — көгалдандыру.
Сондықтан мектеп пен үйіміздің ауласына ағаш пен гүл егейік, сынып пен үйімізге бөлме гүлдерін көбірек орналастырайық.
«Сендер кімсіңдер? Қандай уәде бересіңдер?»
5 болсын алған бағамыз,
Білімнен бақыт табамыз.
Өнер-білім көп оқып,
Өсе берсін санамыз.
Қуанышты хабарлама (ата-анаға)
Құрметті ата-ана! Бүгін сіздің балаңыз ________________ дүниетану сабағында белсенділік көрсетті. Сабақ барысында берілген тапсырмаларды жоғары деңгейде орындады.
Рахмет!