Қыс қызық мезіл

Сабақтың тақырыбы: Сын есім (презентациямен)

Пән: Қазақ тілі (6-сынып, орыс сыныптарына)

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Әдіс-тәсілдер: Түсіндіру, талдау, қайталау

Құрал-жабдық: Интерактивті тақта

Мақсат 1

Оқушылардың сын есім туралы түсінігін кеңейту, сын есімнің жасалу жолдарын меңгерту.

Мақсат 2

Тест жұмысы арқылы білімін тексеру, қорытындылау.

Мақсат 3

Қазақша сөздерді дұрыс айтуға, сауатты сөйлеуге тәрбиелеу.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушылармен амандасу.
  • Кезекшімен сұхбат.
  • Сабақтың тақырыбы мен мақсаттарын таныстыру.
II

Фонетикалық жаттығу

Жаңылтпаш айту:

Топ бала, топ бала

Ойнап жүр топтала.

Зымырап допты ала,

Қуады көп бала.

III. Үй жұмысын тексеру

Алдыңғы тақырып бойынша тапсырмаларды сұрау, қысқа талдау жасау.

IV. Жаңа тақырып: Сын есім

Анықтама: Заттың түр-түсін, сапасын, дәмін білдіретін сөздерді сын есім дейміз.

Сұрақтары: қандай? қай?

Мысалдар: ақ, тамаша, ащы, көк.

Есте сақтаңыз

  • Сын есім заттың белгісін білдіреді.
  • Сөйлемде көбіне анықтауыш қызметін атқарады.
  • Дұрыс айту — сауатты жазудың негізі.

Құрамына қарай

Дара сын есім — бір сөзден тұрады: ақ (белый), дәмді (вкусный), сұлу (красивый).

Күрделі сын есім — екі немесе одан да көп сөзден тұрады: қызыл-сары, қара торы.

Жасалуына қарай

Негізгі сын есім — түбір сөзден тұрады: әсем, таза, лас.

Туынды сын есім — түбірге жұрнақ жалғану арқылы жасалады: тәртіпті, ақылды, білімді.

V. Сергіту сәті: «Тізбек» ойыны

Бір сын есімді бастап айтамын. Келесі оқушы сол сөздің соңғы дыбысынан басталатын сын есім айтып, тізбекті жалғастырады.

Мысал: Таза → адал → лас → суық → ...

VI. Практикалық тапсырмалар

1) Мәтінмен жұмыс

Мәтіннен дара сын есімдерді бір бөлек, күрделі сын есімдерді бір бөлек теріп жазыңыз.

Бүгін ауа райы тамаша.

Далада қар жауып тұр.

Айнала аппақ қар.

Балалар жылы киім киген.

Қыс — қызық мезгіл.

Қыста ауа таза болады.

Біз қысқы демалыста серуенге шығамыз.

2) Жұрнақ арқылы сын есім жасау

Берілген сөздерге жұрнақ жалғап сын есім жасаңыз. Сосын оларды қатыстырып 2–3 сөйлем құраңыз.

(-қы, -кі, -ғы, -гі)

қыс, кеш, жаз, күз, биыл, бұрын

(-ды, -ді, -лы)

орман, көл, тау, ақыл

(-ті, -ді, -ты)

көңіл, қызық, тәртіп

VII. Бекіту кезеңі: өзін-өзі тексеру

1) Заттың ________, ________ білдіретін сөздерді сын есім дейміз.

  • A) атын
  • Ә) қимылын, іс-әрекетін
  • Б) сапасын, түр-түсін

2) Дара сын есімді көрсет.

  • A) қара торы
  • Ә) әдемі
  • Б) сары ала

3) Сын есім ________ және ________ болып бөлінеді.

  • A) дара, туынды
  • Ә) негізгі, туынды
  • Б) күрделі, негізгі

4) Туынды сын есім ________ жасалады.

  • A) түбір сөзден
  • Ә) түбір мен жұрнақтан
  • Б) түбір мен жалғаудан

5) Негізгі сын есімді көрсет.

  • A) ыстық
  • Ә) ақыл
  • Б) сауатты

6) Негізгі сын есім ________ жасалады.

  • A) түбір сөзден
  • Ә) жалғау арқылы
  • Б) жұрнақ арқылы

Тест жауаптары

1) Б
2) Ә
3) Ә
4) Ә
5) А
6) А

Үй тапсырмасы

  1. Сын есімдерді қатыстырып, «Менің досым» тақырыбына шағын әңгіме жазыңыз.
  2. Ережелерді қайталаңыз.

Бағалау

Оқушылардың сабаққа қатысуы, тапсырмаларды орындауы және тест нәтижесі бойынша бағаланады.