Шал ақын
Қазақ әдебиеті (9-сынып): қысқа мерзімді жоспар
Сабақ тақырыбы
Шал ақын (Тілеуке Құлекеұлы). «Ата-ананың қадірін біл», «Бұл дүниенің мысалы» өлеңдері.
Сілтеме
Нұсқаулық; «Қазақ әдебиеті» 9-сынып оқулығы, «Атамұра», 2014.
Жалпы мақсат
- Шал ақынның өмір жолы мен шығармашылық мұрасымен таныстыру.
- Өлеңдерінің шығу тарихы мен идеялық мазмұнын түсіндіру.
Оқушылар үшін оқу нәтижелері
- Топта және жұпта жұмыс жасай алады, диалог құрастырады.
- Бір-біріне нақты әрі дұрыс сұрақ қоя алады.
- Сөздік қоры дамиды, білімге құштарлығы артады.
Негізгі идеялар
- Оқушының өз бетімен ізденуін топтық жұмыс арқылы ұйымдастыру.
- Сыни тұрғыдан ойлау дағдысын дамыту.
Сабақ ресурстары мен әдістері
Қолданылатын ресурстар
- Нақыл сөздер, суреттер, сызбалар.
- Сергітуге арналған үнтаспа және қосымша материалдар.
- Тілеуке Құлекеұлының еңбектері.
Оқыту әдістері
- Сыни тұрғыдан ойлау.
- Топтық жұмыс, диалогтік оқыту.
- Интерактивті оқыту әдісі.
- Оқыту үшін бағалау.
Сабақ құрылымы
Білу
Үй тапсырмасын бекіту және бастапқы білімді анықтау
Негізгі сұрақ
Шал ақынның шын аты-жөні кім? Тілеуке Құлекеұлы.
Қосымша сұрақ
«Өлеңге тоқтамайды Шал дегенің…» деген тіркес нені меңзейді?
«Сиқырлы жәшік» ойыны
Жәшікте үй тапсырмасын бекітуге арналған сұрақтар болады. Кез келген оқушы бір сұрақты таңдап жауап береді. Егер қиналса, сұрақты басқа оқушыға бағыттайды. Ойын кезекпен жалғасады.
Түсіну
Ақын туралы мәліметті меңгеру
Шал ақын (Тілеуке Құлекеұлы) — Көкшетау өңірінде дүниеге келген халық ақыны. Әкесі Құлеке батыр Тәңірбердіұлы — қазақ-қалмақ соғысының атақты батырларының бірі, Абылай ханның қадірлі досы әрі сенімді серігі, беделді елші, Орта жүз ішінде ел бастаған қолбасшы. Анасы — үйсін тайпасынан шыққан атақты Төле бидің қызы.
Қолдану
Тілдік дағдыны практикада қолдану
Тапсырма
«Жақсы» және «жаман» сөздері бойынша екі топ болып қысқа әңгіме құрастырып, сынып алдында айтып беріңдер.
Талдау
Мәтінмен жұмыс және өзін-өзі тексеру
Түсіндіру (слайд арқылы)
Тілеуке Құлекеұлы туралы мәлімет беріледі. Оқулықтың 203–206-беттері оқылады.
«Өзіңді тексер» тапсырмасы
Оқулықтағы өзіндік тексеру тапсырмаларын орындау арқылы түсінгенін дәлелдейді және қорытынды жасайды.
Сергіту сәті
Қысқа сергіту жаттығулары немесе үнтаспа арқылы белсенділік ұйымдастырылады.