Әділқазылар алқасы

Тақырыбы: Тіл — ұлт қазынасы

Мақсаты

  • Оқушылардың тіл туралы білімін тереңдету.
  • Қазақ тілінде ауызекі сөйлеу дағдыларын қалыптастыру, сөздік қорын және ой-өрісін дамыту.
  • Мемлекеттік тілді қадірлеуге, туған жерін құрметтеуге тәрбиелеу.

Форматы

Түрі: сайыс

Көрнекіліктері: интерактивті тақта, тіл туралы нақыл сөздер.

Тіл туралы нақыл сөздер

«Қазақстанның болашағы — қазақ тілінде».
Н. Ә. Назарбаев
«Тіл жоқ жерде ұлт жоқ».
Ш. Айматов
«Тіл адамның даңқын асырады, адам ол арқылы бақыт табады».
Ж. Баласағұн

Іс-шара барысы

Ұйымдастыру және кіріспе

Қайырлы күн, құрметті қонақтар, оқытушылар, оқушылар! Күздің жайма-шуақ күнінде сіздермен Тіл мерекесінде жүздесіп отырмыз.

Көп тіл білсең, көкжиегің кең болар,
Құрметтейді кісі екен деп, төрге озар.
Қай елде жүрсең де, дұрысы —
Мемлекеттік тілді білген жөн болар!

Осы ойды негізге ала отырып, бүгінгі сайысымызды Тілдер апталығына арнаймыз.

Сайыстың негізгі мақсаты

  • Басқа ұлт өкілдерінің мемлекеттік тілге құрметін арттыру.
  • Теледидардағы қазақша бағдарламаларға қызығушылықты күшейту.

Ережелер мен бағалау

Бұл — сайыс. Жеңіс пен жеңіліс қатар жүреді. Сондықтан сайыскерлерге өз білімдерін дәл әрі көркем тілмен жеткізеді деп сенеміз.

Әр кезеңнің шарты түсіндіріліп, ұпайды әділқазылар алқасы қойып отырады.

Әділқазылар алқасы: ______________

Қатысушылар

Бүгінгі сайысқа 6 адамнан құралған 3 топ қатысады.

Сайыс кезеңдері

  1. 1 Таныстыру
  2. 2 Бәйге
  3. 3 Сөз мәйегі — мақал
  4. 4 Кім жылдам?
  5. 5 Әріптестер сайысы
  6. 6 Сен білесің бе?
  7. 7 Ойлан, тап
  8. 8 Өнерпаз болсаң…

Сайысымыздың беташарын бастайық, көрерменді бір серпілтіп тастайық. Сайыскерлер өздерін таныстырсын, өнеріне ду қол соғып қостайық!

I кезең: Таныстыру

I топ: 7 «А» сыныбы — «Жас ұлан»

Қалықтап көкте жас қыран,
Халықпыз сөзге тоқтаған.
Тілімен топты жаратын,
Тобымыз біздің — Жас ұлан.

II топ: 7 «Б» сыныбы — «Топжарған»

Шығарар намыс топты алдан,
Дуалы ауыз тілге арман.
Сайысқа келдік біліммен,
Тобымыз біздің — Топжарған.

III топ: 7 «В» сыныбы — «Тұлпар»

Көгілдір көктің жүзінде
Шаңырақ — күн, уық — нұр.
Елімнің елдігін танытқан,
Тұлпар тобы біз боламыз.

Үш топ өздерін таныстырып өтті. Ойыншылар, сендермен танысқанымызға қуаныштымыз. Енді әділқазылар өз бағаларын береді.

II кезең: Бәйге

Ереже

Бұл кезеңде әр топқа түрлі сұрақтар қойылады. Дұрыс жауапты басқышты басу арқылы жылдам айту қажет. Әр дұрыс жауапқа 5 ұпай беріледі.

Бір-біріңізге кедергі жасамауларыңызды сұраймыз. Әр кезеңнен соң әділқазылар ұпай санын хабарлап отырады.

Сұрақтар

Кей сұрақтарда үлгі жауап жақша ішінде берілген.

  1. 1) Қазақстан қандай мемлекет?

    Жауап: тәуелсіз

  2. 2) Көктем мезгілінде неше мереке бар?

  3. 3) Қазақ тіліндегі әріптердің ретімен орналасқан жиынтығын қалай атаймыз?

    Жауап: әліпби

  4. 4) Қазақ әліпбиінде неше әріп бар?

  5. 5) ҚР-ның мемлекеттік тілі қай тіл?

  6. 6) Күздің бірінші айын атаңдар.

    Жауап: қыркүйек

  7. 7) Қазақстан туының түсі қандай?

    Жауап: көк

  8. 8) Наурызда пісірілетін басты тағам қалай аталады?

    Жауап: наурыз көже

  9. 9) «Тіл туралы» Заңға соңғы өзгеріс енгізіліп, қай жылы қабылданды?

    Жауап: 1997 жыл

  10. 10) Қазақ тілінде неше дауысты дыбыс бар?

    Жауап: 12

  11. 11) Қазақстанда неше қорық бар?

    Жауап: 9

  12. 12) Қазақ тіліне ғана тән әріптер саны нешеу?

    Жауап: 9

  13. 13) Адамның қай мүшесі «қорқақ», қай мүшесі «батыр»?

    Жауап: көз — қорқақ, қол — батыр

  14. 14) Әнұранның әнін және сөзін жазған кімдер?

    Жауап: әні — Ш. Қалдаяқов; сөзі — Ж. Нәжімеденов, Н. Ә. Назарбаев

  15. 15) Ел рәміздерінің қайсысында қанатты пырақ бейнеленген?

    Жауап: елтаңбада

  16. 16) Жылататын да, жұбататын да не?

    Жауап: тіл

  17. 17) Қазақ тілі — мемлекеттік тіл, ал орыс тілі қандай тіл?

    Жауап: ресми

  18. 18) Қобыланды батырдың әкесінің аты кім?

    Жауап: Тоқтарбай

  19. 19) Конституция неше баптан тұрады?

    Жауап: 9

  20. 20) Қазақ тілі мемлекеттік мәртебе алған жыл?

    Жауап: 1989 жыл

  21. 21) Тудың авторы кім?

    Жауап: Ш. Ниязбеков

  22. 22) Елтаңбаның авторлары кімдер?

    Жауап: Ж. Мәлібеков, Ш. Уәлиханов

Қорытынды ой

Тіл — ұлттың қазынасы. Оны құрметтеу — елді құрметтеу, ал оны меңгеру — болашаққа бастар сенімді қадам.