Бала болсаң болғандай бол, Ағайынға қорғандай бол

ХАЛЫҚ ЖЫРЫ
Ак, сауыт деген сол болар,
Атқанда ок, өтпесе.
Ақ берен деген сол болар,
Тигені тұяқ серіппесе.
Алмауыт деген сол болар,
Артынан қиқу жетпесе.
Ер жігіт деген сол болар,
Жасқанбай жауға беттесе,
Жан жолдас деген сол болар,
Жалғыз тастап кетпесе.
Адал дос деген сол болар,
Абыройыңды төкпесе.
Адал жар деген сол болар,
Білдірмей жоқты ептесе.
Туысқан деген сол болар,
Сетілгенді септесе.
Қайырымсыз жан сол болар,
Жетімнің бетін өппесе,
Қатігез жан сол болар,
Жеткіншекке тек десе.
Қайырымды жан сол болар,
Керегіңді көктесе.
Ақ көңіл жан сол болар,
Айтар сөзін букпесе,
Жан қинап еңбек етпесе.
Қасжаман қабақтүйеді,
Шаруасы бітпесе.
Бітпейтін, сірә, іс болмас,
Жұрт жұмылып көптесе.
Ерлердің ісі еленбес,
Халық үшін терін төкпесе...
***
Қатыныңмен дос бол,
Үйіңе береке кіреді.
Азаматпен дос бол,
Қадіріңді біледі.
Білімдімен дос бол,
Сасқанда ақыл береді.
***
Ит асырасаң сырттан жи,
Қой бермейді қорадан.
Мал жинасаң қойдан жи,
Май кетпейді шарадан.

Ақ пейілден би қойсаң,
Бұрылмас сөзге арадан.
Қара жүректен би қойсаң,
Аузы кеппес парадан.

Тентек көпке тоқтайды,
Жомарт жоққа тоқтайды.
Асыл қынға тоқтайды.
Арлы шынға тоқтайды.
***
Асу-асу белдер бар,
Аса алмаса ат өлсін.
Ағайынмен тату бол,
Айыра алмай жат өлсін.
Жетімшілік көп көрген,
Үш шақырмай ә демес,
Өзі тоймай мә демес.
Жаманшылық көп көрген,
Жақсы сөзге жә демес.
Ақсұңқардың баласы
Сарқыт қоймай жем жемес
Қанша жуан болса да
Жалғыз ағаш үй болмас.
Қанша жақсы болса да,
Жалғыз адам би болмас.
***
Бала болсаң болғандай бол,
Ағайынға қорғандай бол.
Досыңа майыспа,
Дұшпаныңа қайыспа,
Жаман болсаң көп жақсы,
Жақсы болсаң ел жақсы.

Арғымақ мінген байлардың
Тайға мұқтаж күні бар.
Май шайнаған билердің
Нанға мұқтаж күні бар.
Елден безген залымның
Елге мұқтаж күні бар.

Басқа бақ жарасады,
Батырға жақ жарасады.
Аталы ерден би тұрса,
Халықтың пайдасына жанасады.

Жақсы адамға мал бітсе
Ағайынның жоғына қарасады.
Жаман адамға мал бітсе,
Көрінгенмен итше таласады.
***
Өткел өтсең бұрын өт,
Арты болар бір тайғақ.
Ұрлық қылсаң жалғыз ет,
Екеу болсаң бірі айғақ.

Қарауылдың жаманы
Алдырғанда өкінер.
Балуанның жаманы
Шалдырғанда өкінер.

Пышағыңды мұқалтпа.
Не кеспесті біліпсің.
Сырын білмей сыр айтпа,
Не деспесті біліпсің.

Көлік жисаң атан жи,
Қияға салсаң мойытпас.
Сауын жисаң бие жи,
Үш ай тоқсан болғанша,
Ариды деп ағытпас.
***
Тау берігінде қонысың болсын,
Іздеген жау таба алмайды.
Ел берігінде досың болсын,
Аңдыған дұшпан ала алмайды.

Жаман ердің қайғысы
Өз отының қасында,
Жақсы ердің қайғысы
Ауылының басында.

Жаман еркектің басын
Жақсы әйел хан қылады.
Жақсы еркектің басын
Жаман әйел даң қылады.

Жанашырың жоқ болса,
Жатпен жалғыз жүрмеңіз.
Қостаушыңыз жоқ болса,
Біле тұра білмеңіз.



Ұқсас жұмыстар

Бастауыш сыныпта сыныптан тыс жұмысты ұйымдастыру жолдары
Қазақ әдебиеті-тұлғаның рухани дамуының бастауы
Халықтық педагогика идеяларының жанұя тәрбиесіндегі психологиялық негіздері
Жанқұтты Ботантайұлы
Шығармашылық шеберлікті шыңдау
Бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі
Жеке тұлғаны қалыптастыруда сөйлеу мәдениетінің атқаратын ролі
Халықтық педагогика түрлері
Мектепке дейінгі мекеменің отбасымен жұмыс түрлерін ұйымдастыру
Абайдың этикалық көзқарасы
ЖҮСІП БАЛАСАҒҰН туралы
Баланың мектепке келу мәселесі
БОЛАТҰЛЫ КЕРЕЙ ХАН
Тергеушінің тергеу бөлімінің бастығымен және анықтау органдарымен өзара әрекеттесуі
Ақшаның мәнi мен пайда болу тарихы
Жүк көтергіштігі 6-тонна жүктік автомобиль жасап, арнайы бөлімде ілініс муфтасының құрылысын жобалау
Инвестициялық жобаларды дайындау және экономикалық дәлелдеу ЖШС «Тамир»
Мұнаймен ластанған топырақтан бөлініп алынған микроорганизмдердің микробтық құрамын зерттеу
Мемлекеттің пайда болуы туралы
Тауар саясаты фирманың маркетинг қызметінің негізгі құрамдас бөлігі