Microsoft Word мәтіндік процессоры
Сабақ туралы мәлімет
- Өңірі
- Атырау облысы, Исатай ауданы, Зинеден ауылы
- Мектеп
- Ю. Гагарин атындағы орта мектеп
- Пән мұғалімі
- Рахимова Назгүл Қыдырқызы (информатика)
- Сынып
- 8-сынып
- Сабақтың тақырыбы
- Microsoft Word мәтіндік процессоры
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Оқушыларды MS Word мәтіндік процессорымен таныстыру; редактор терезелерін қарастыру; мәтіндік процессорды іске қосу және жұмысты дұрыс аяқтау тәсілдерін үйрету.
Тәрбиелік
Оқушыларды жан-жақты болуға және өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу.
Дамытушылық
Есте сақтау мен зейін қабілеттерін дамыту, пәнге қызығушылықты арттыру.
Сабақтың өту барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру, жұмыс орны мен техника қауіпсіздігі талаптарын еске салу.
II. Үй тапсырмасын тексеру (ой қозғау)
Өткен тақырыптарды қайталау үшін сұрақ-жауап жүргізіледі:
- Растрлық кескін дегеніміз не?
- Пиксель дегеніміз не?
- Векторлық графика деген не?
- Векторлық графиканың негізгі объектілерін атаңдар.
- Растрлық графиканың негізгі объектілерін атаңдар.
- Paint бағдарламасының мүмкіндіктерін атап шығыңдар.
III. Жаңа тақырыпты түсіндіру: Microsoft Word
Word бағдарламасын іске қосу
Мәтіндік процессорды бірнеше тәсілмен іске қосуға болады:
- Басты мәзір арқылы: Іске қосу → Программалар → Microsoft Office → Microsoft Word
- Жұмыс үстеліндегі таңбаша арқылы
- Microsoft Office панеліндегі батырма арқылы
Жұмысты дұрыс аяқтау
Бағдарлама жұмысын аяқтаудың негізгі әдістері:
- Файл → Шығу командасын таңдау
- Alt + F4 пернелер комбинациясын қолдану
- Тақырып жолағының оң жақ жоғарғы бұрышындағы жабу батырмасын басу
Құжатпен жұмыс: құру, ашу, сақтау
- Жаңа құжат Файл → Құру (Создать)
- Құжат ашу Файл → Ашу (Открыть)
- Құжат сақтау Файл → Сақтау (Сохранить) немесе Файл → Басқаша сақтау (Сохранить как)
Бұл командалар сәйкесінше құжат құру, құжат ашу және құжат сақтау терезелерін шақырады.
Мәтінді өшіру және блокпен жұмыс
- Backspace — меңзердің сол жағындағы мәтінді өшіреді.
- Delete — меңзердің оң жағындағы мәтінді өшіреді.
-
Мәтіннің бүтін блогын өшіру үшін алдымен қажетті бөлікті белгілеу керек:
- Маусты блоктың басында шертіп, батырманы жібермей соңына дейін сүйреп апарыңдар.
- Немесе Shift пернесін басулы күйде ұстап, меңзерді басқару пернелерімен белгілеңдер.
Белгіленгеннен кейін Delete пернесін басыңдар.
Құжат бетімен орын ауыстыру
Word құжатында бет бойынша жылдам орын ауыстыру үшін арнайы пернелер комбинациялары қолданылады. Сонымен қатар айналдыру жолағын (scrollbar) және сырғытпаны пайдаланып та мәтін бойымен қозғала аласыз.
Айналдыру жолағындағы сырғытпаны шертіп, босатпай жылжытсаңыз, мәтін белгілі бір арақашықтыққа дейін жылжиды.
Word-та жұмыс істеудің негізгі кезеңдері
- 1-кезең Құжат құру
- 2-кезең Мәтін енгізу
- 3-кезең Мәтінді редакциялау
- 4-кезең Мәтінді бағалау
- 5-кезең Мәтінді пішімдеу
- 6-кезең Құжатты сақтау
- 7-кезең Құжатты басып шығару
IV. Оқулықпен жұмыс
1-тапсырма: MS Word-пен танысу
- MS Word мәтіндік процессорын өзіңіз білетін тәсілдердің бірімен ашыңыз.
- Құрал-саймандар тақтасындағы Стандартты және Пішімдеу батырмаларын қарап шығыңыз (тышқан меңзерін белгішелерге апарсаңыз, атауы көрінеді).
- Анықтама мәзірін пайдаланып, стандартты құрал-саймандар тақтасындағы әрбір пункттің қызметін табыңыз.
Сабақты бекіту сұрақтары
1-сұрақ
Word мәтіндік процессорын қалай іске қосуға болады?
2-сұрақ
Стандартты тақтаға қандай операциялар жатады? Ал пішімдеу тақтасына қандай операциялар жатады?
3-сұрақ
Жаңа Word құжаты қалай құрылады?
V–VI. Үй тапсырмасы және бағалау
Үйге тапсырма
7-тарау, §17: MS Word мәтіндік процессоры.
Оқушыларды бағалау
Практикалық тапсырмаларды орындау сапасына, белсенділікке және сұрақтарға жауап беруіне қарай бағаланады.