Оқушыларға жуан және жіңішке жұп дауыстылардың ерекшеліктерін өзара салыстыру жолымен аңғарту
Сабақ туралы қысқаша мәлімет
Тақырып
Отан
Сабақтың түрі
Жаңа сабақ
Әдіс-тәсілдер
- Ой қозғау
- Салыстыру
- Топтастыру
Көрнекіліктер
Интерактивті тақта, слайдтар.
Сабақтың мақсаты
Білімдік бағыт
Оқушыларға жуан және жіңішке жұп дауыстылардың ерекшеліктерін өзара салыстыру арқылы меңгерту.
Тәрбиелік бағыт
Өлеңдегі сөздердің мағынасын түсініп, мәнерлеп оқуға баулу арқылы Отанға деген сүйіспеншілікті арттыру.
Сабақтың жүру барысы
I. Ұйымдастыру бөлімі
Шаттық шеңбері
Алдымыздан кезіккен
Көп танысты көреміз.
Бәріне де ізетпен
Біздер сәлем береміз.Үлкенге де — сіз,
Кішіге де — біз.
Бар адамға құрметпен
Бас иеміз біз.
Негізгі ой
Сәлемдесу мәдениеті мен өзара құрмет — сабақтағы жағымды атмосфераның бастауы.
II. Өткенді қайталау
Қайталау — оқу анасы,
Мақалдың бір данасы.
Өткенді еске түсірсең,
Ешкімнің жоқ таласы.
Өткен сабақтағы негізгі ұғымдарды еске түсірейік:
- Сөйлеу не үшін керек?
- Сөйлеу не арқылы жүзеге асады?
- Дыбыс дегеніміз не?
- Дауысты дыбыстар неше түрге бөлінеді?
Ойын
«Сөздер қай үйге қонаққа барады?» ойыны арқылы сөздерді тиісті топтарға бөліп, білімді бекітеміз.