Наурыз - достық пен еркіндіктің мерекесі

Сахналық мәтін Қазақша + орысша

Кіріспе: Қош келдің, әз Наурыз!

№1 — Би нөмірі

Танцевальный номер. Қазақ биі.

1-жүргізуші

Армысыздар, қала тұрғындары мен құрметті қонақтар! Ұлыстың ұлы күні — Наурыз мейрамы баршамызға құшақ жая келді. Наурыз — тек көктемнің ғана емес, ізгілік пен жақсылықтың мерекесі. Наурыз — түркі халықтарына ортақ береке. Бұл — қыстың ұзақ түндері мен жаздың шуақты күндері теңелетін қасиетті мезет.

2-жүргізуші

Наурыз — праздник весеннего равноденствия, когда после долгой зимы светлое время суток становится равным тёмному, а затем начинает неуклонно увеличиваться. Этот праздник олицетворяет начало возрождения природы.

Сахнаны ашу

Бүгінгі «Қош келдің, әз Наурыз!» концерттік бағдарламасын ашық деп жариялаймыз!

Су жылтырап бүршік ашқан жас талдан,
Бу бұрқырап қатып қалған тастардан.
Күн күркіреп, жасын ойнап аспаннан,
Бар тіршілік Наурыздан басталған!

Играй, баян, звени, домбра:
Желаю счастья и добра,
Здоровья и терпения,
Отличного настроения,
Чтобы мечты у всех сбылись —
Здравствуй, праздник Наурыз!

Наурыздың мәні

№2 — Музыкалық нөмір

Музыкалық номер.

1-жүргізуші

Наурыз — барша қазақстандықтардың ортақ той-думаны. Ол — достық пен еркіндіктің мерекесі. Бұл — қаңқылдап қаздар келіп, қырларда қызғалдақ бүршік атып, табиғат жасыл көрпеге оранатын көктемнің шуақты шағы.

2-жүргізуші

Для казахов этот праздник — символ весеннего обновления, торжества любви, плодородия и дружбы. В старину до прихода Наурыза люди приводили в порядок дома и хозяйство, сажали деревья и цветы.

Шақыру

Сіздерді Наурыз мерекесімен құттықтау үшін «__________» атты би тобын ортаға шақырамыз.

№3 — Би нөмірі

Танцевальный номер.

Дәстүр мен дастарқан: Наурыз көже

1-жүргізуші

«Наурыз» сөзі парсы тілінен аударғанда «жаңа күн» деген мағына береді. Бұл күні апа-әжелеріміз бен қыз-келіншектеріміз көктемнің құрметті асы — Наурыз көже дайындап, қонақ күтуге қамданады. Бұл — тек табиғаттың ғана емес, адамдардың да жүрегі жылуға толатын күн. Жылы күндердің бастауы да — осы мейрам.

2-жүргізуші

С ярким солнцем и долгожданным теплом на нашу землю приходит праздник Наурыз. Весенний день — Ұлыстың ұлы күні — символизирует очищение от всего плохого в мыслях, делах и поступках по отношению к семье, городу и в целом к Родине.

Өлең жолдары

Наурыз мейрам жүректерге нұр сепкен,
Маңдайымнан сүйіп жатыр күн көктем.
Сәулесімен, шуағымен жарық күн,
Алып келді жер бетіне гүл көктем.

Жыр сыйлығын, нұр сыйлаған тірлікке,
Қастерледік, қадіріңді білдік те.
Құтты болсын ұлыс күні, шақырған —
Баршамызды ынтымақ пен бірлікке.

№4 — Музыкалық нөмір

Музыкалық номер.

№5 — Би нөмірі

Танцевальный номер.

Бірлік пен татулық

1-жүргізуші

Наурыз түріп тастап жер түндігін,
Айығып ақ күмістей серпілді күн.
Сұлудай сылаңдаған мөлдір сулар,
Жылғамен ағып жатыр еркін бүгін.

2-жүргізуші

Возьмёмся за руки, друзья,
Ведь мы — единая семья:
Татарин, русский и казах,
Литовец, немец и поляк.
За наш праздничный концерт
Мы вместе песни запоём!

№6 — Музыкалық нөмір

Музыкалық номер.

№7 — Би нөмірі

Танцевальный номер.

1-жүргізуші

Салауатты өмірдің салтанаты, күн мен түн теңелген қасиетті шақ — Наурыз мейрамы құтты болсын! Баршаңызға арман мен адалдық, құштарлық пен сұлулық, тазалық пен татулық тілейміз. Дендеріңізге амандық-саулық, шаңырақтарыңызға шаттық, отбасыларыңызға ырыс пен ынтымақ берсін!

2-жүргізуші

Наурыз — это праздник труда, мира и дружбы. Люди прощали старые обиды, желали друг другу добра и счастья.

№8 — Музыкалық нөмір

Музыкалық номер.

№9 — Музыкалық нөмір

Музыкалық номер.

Қорытынды құттықтау

1-жүргізуші

Қазақ елінің ауызбіршілігі бекем болсын, еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! Тағы да сіздерді Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!

Осындай мерекелерде жүздескенше, қош сау болыңыздар! Қош келдің, әз Наурыз!

2-жүргізуші

Наурыз сегодня праздничный и светлый,
И грустить — не время, не пора.
Долгих лет вам и весны на всей планете!
Радости и счастья, и добра!

Ескерту

Мәтіндегі «__________» орнына би тобының атауын енгізуге болады.