Математика сабағы

Сабақ туралы мәлімет

Өтетін орны
Қарағанды облысы, Приозёрск қаласы
Мұғалім
Наркулова Эльмира Жексенбаевна, бастауыш сынып мұғалімі
Сабақтың тақырыбы
Санды және әріпті өрнектер
Сабақ түрі
Жаңа сабақ
Пәнаралық байланыс
Математика, ана тілі
Көрнекілігі
Интерактивті тақта, суреттер, кесте
Әдіс-тәсілдер
Түсіндіру, сұрақ-жауап, ойын, топтық жұмыс

Сабақтың мақсаттары

  • 1

    Санды және әріпті өрнектер туралы түсінік қалыптастыру; санды және әріпті өрнектерді құру, оқу, жазу, салыстыру және мәнін табу дағдыларын бекіту.

  • 2

    Оқушыларды оқу-танымдық және ойын әрекеттеріне белсенді қатыстыру арқылы пәнге қызығушылығын, белсенділігін және ой-өрісін дамыту.

  • 3

    Ұйымшылдыққа, қамқорлыққа және шығармашылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылардың зейінін сабаққа бағыттау, сабаққа дайындығын тексеру.

Сұрақ-жауап

Сұрақ

Қане, балалар, қазір қай сабақ болады?

Жауап

Математика сабағы.

Сұрақ

Математика сабағына дайын болу үшін не айтатын едік?

Психологиялық дайындық

Көп күттірген қоңырау соғылды —
Математикадан сабақ басталды.
Мысалдар мен есептер,
Ойындар да қызықты — бәрі де сендер үшін!
Барлығыңа табыс тілеймін, сәт сапар тілеймін шын!

Сабақты жақсы көңіл күймен бастаймыз. Бүгінгі сабаққа қонақтар қатысып отыр.

II. Қызығушылықты ояту

Сұрақтар

  • Сұрақ Қазір жылдың қай мезгілі?
  • Жауап Күз мезгілі.
  • Сұрақ Абайдың күз туралы қандай өлеңін білесіңдер?

Білімімізді көрсете білу үшін зейінімізді сабаққа аударамыз. Бүгін топпен жұмыс жасаймыз: оқушылар топқа бөлінеді, топ ережелері еске түсіріліп, сақталады.

Жаңа тақырыпқа кіріспес бұрын үй тапсырмасы тексеріледі.

III. Үй тапсырмасын тексеру

№7, 98-бет.

Теңдеу

x − 1509 = 2356
x = 2356 + 1509
x = 3865

Тексеру:
3865 − 1509 = 2356
2356 = 2356

Теңдеу

x × 8 = 7208
x = 7208 ÷ 8
x = 901

Тексеру:
901 × 8 = 7208
7208 = 7208

IV. Өткен сабақты пысықтау

Өткен тақырып: жылдамдық, уақыт және қашықтық. «Кезектескен интервью» әдісі арқылы негізгі формулаларды қайталаймыз.

1) Жылдамдық деген не?

Жылдамдық — уақыт бірлігінде жүріп өтілген қашықтық.

2) Жылдамдықты қалай табамыз?

v = s : t

Қозғалыс жылдамдығын табу үшін қашықтықты уақытқа бөлеміз.

3) Қашықтықты қалай табамыз?

S = v · t

Қашықтықты табу үшін жылдамдықты уақытқа көбейтеміз.

4) Уақытты қалай табамыз?

t = s : v

Уақытты табу үшін қашықтықты жылдамдыққа бөлеміз.

V. Жаңа сабақ

Миға шабуыл

Өрнек бірнеше арифметикалық амалдан тұрса, оның атауы ең соңғы орындалатын амалға байланысты болады. Бүгін санды және әріпті өрнектерді ажыратып, құрып, оқып, жазып, салыстырып, мәнін табуды бекітеміз.

Қысқа әңгімелеу

Ерте, ерте, ертеде математика әлемінде Өрнек атты ақсақал өмір сүріпті. Оның екі ұлы болыпты: санды өрнектер және әріпті өрнектер. Екеуі бірлікте, ұйымшыл болыпты.

Санды өрнек

Тек сандар мен амал таңбаларынан құралған өрнек.

5 + 9 = 14
12 × 6 = 72
49 ÷ 7 = 7

Әріпті өрнек

Әріптер (көбіне латын әріптері), сандар және амал таңбалары арқылы байланысқан өрнек.

a + 7
91 ÷ c
5 + a

VI. Оқулықпен жұмыс

Оқулық: 101-бет. Дәптерге бүгінгі күнді жазып, тапсырмаларды топпен орындаймыз.

1-топ: №1

(34 + 10) × 2 = 88
23 × 4 + 9 = 101
(45 + 25) ÷ 5 = 14
90 − 10 × 5 = 40

a + 5
x − 3
b × 6
c ÷ 9
12 ÷ x + 24 ÷ 8
(x + 2) + 16 × 4

2-топ: №2

a) (15 + 5) ÷ 2 = 10
ә) (32 × 2) − 24 = 40
б) (27 − 2) ÷ 5 = 5
в) (69 ÷ 3) + 20 = 43

3-топ: №3

a) (a − 3) × 2
ә) (32 ÷ 2) + b
б) (c + 2) × 5
в) (69 × 3) − 20