Тынық мұхиты

Жаратылыстану пәнінен ашық сабақ жоспары

Сабақтың тақырыбы: Мұхиттар

Сабақтың мақсаты

  • А Оқушыларға мұхиттар туралы түсінік беру, төрт мұхитқа жалпы шолу жасау. Ең үлкен мұхитты картадан көрсету және глобуспен жұмыс ұйымдастыру.
  • Ә Оқушыларды дәлдікке, ұқыптылыққа, ұжыммен бірлесе жұмыс істеуге және сабаққа үнемі дайын келуге тәрбиелеу.
  • Б Карта және глобуспен жұмыс, сондай-ақ пәнаралық байланыс арқылы оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру.

Көрнекіліктер

  • Глобус
  • Карта
  • Карточкалар
  • Тест сұрақтары

Сабақтың түрі

Аралас сабақ: үй тапсырмасын тексеру, жаңа тақырыпты түсіндіру, тәжірибелік жұмыс және бекіту.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушылармен амандасу.
  • Оқушыларды түгендеу.
  • Назарларын сабаққа аудару.

II. Үй тапсырмасын сұрау

Өткен тақырып бойынша қысқаша сұрақтар:

  1. Су неліктен ерекше, қайталанбас зат болып саналады?
  2. Судың адам өміріндегі маңызы қандай?
  3. Судың табиғаттағы маңызы қандай?

III. Жаңа сабақ

Материктердің арасында орналасқан алып су кеңістіктерін мұхит деп атаймыз. Мұхиттардың ішінде ауданы мен көлемі бойынша ең үлкені әрі ең тереңі — Тынық мұхит.

Негізгі ұғым: Дүниежүзі мұхиты — Жер бетіндегі барлық мұхиттар мен теңіздерден тұратын біртұтас су қабаты.

A) Карта арқылы жұмыс

Картадан мұхиттарды көрсету:

  • Тынық мұхиты
  • Атлант мұхиты
  • Үнді мұхиты
  • Солтүстік Мұзды мұхиты

Ә) Глобус арқылы жұмыс

Глобус — Жер шарының кішірейтілген моделі.

  • Оқушыларды 3 топқа бөлу.
  • Глобустан мұхиттарды тауып көрсету.
  • Бағыт-бағдарды анықтау (солтүстік, оңтүстік, батыс, шығыс).

Б) Карточкамен жұмыс

Оқушыларға карточкалар таратылып, тапсырмалар орындалады.

Г) Тест сұрақтары

1) Ауа құрамында мөлшері ең көп газ?

  • а) Оттек
  • ә) Азот
  • б) Көмірқышқыл газ
  • г) Аргон

2) Атмосфераның ең төменгі бөлігі?

  • а) Стратосфера
  • ә) Ионосфера
  • б) Экзосфера
  • г) Тропосфера

3) Жер шарының ауа қабаты?

  • а) Атмосфера
  • ә) Биосфера
  • б) Мезосфера
  • г) Гидросфера

4) Қысым дегеніміз не?

  • а) Денелердің арасындағы пайда болатын күш
  • ә) Денелердің арасындағы пайда болатын қозғалыс
  • б) Денелердің жылу шығаруы

5) Қысымды қандай аспаппен өлшейді?

  • а) Термометр
  • ә) Барометр
  • б) Гигрометр

6) Атмосфералық қысым дегеніміз не?

  • а) Ауаның жер бетіне түсіретін салмағы
  • ә) Ауаның су бетіне түсіретін салмағы
  • б) Ауаның жеңіл түрі

7) Атмосфералық қысым әр 10 метрге көтерілген сайын қанша мм-ге кемиді?

  • а) 2 мм
  • ә) 1 мм
  • б) 0,5 мм

IV. Бекіту

Қорытындылау сұрақтары

  1. Дүниежүзі мұхиты дегеніміз не?
  2. Қай мұхиттың суы ең жылы?
  3. Көлемі жағынан ең үлкен мұхит қайсы?

«Ең ерекше» ойыны

Мұхиттардың ерекшеліктерін сәйкестендіру:

Ерекшелігі Мұхиттың аты
Ең үлкен Тынық мұхиты
Ең суық Солтүстік Мұзды мұхиты
Ең жылы Тынық мұхиты
Ең ұзын Атлант мұхиты
Ең кіші Солтүстік Мұзды мұхиты
Аралдары ең көп Тынық мұхиты

V. Үйге тапсырма

  • «Мұхиттар» тақырыбын оқып, мазмұндау.
  • Сөзжұмбақ құрастыру.

VI. Бағалау

Сабаққа өте жақсы қатысқан және үй тапсырмасын толық әрі нақты жауап берген оқушылар бағаланады.