Шашуды шашу
Кіріспе сөз
Армысыздар, ұстаздар, ата-аналар, балалар, қадірлі қонақтар! Бәріміз асыға күткен Наурыз мерекесі келіп жетті. Мерекелеріңіз құтты болсын!
Наурыз — «жаңа күн» деген сөз. Ертеде Наурызда ауыл-ауылды аралап, көрісу дәстүрі үш күнге созылған. Сол күндері әр отбасының дастарханынан көже мен дәм үзілмей, үйдің есігі ашық, қабағы әрдайым жайдары болған.
Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!
Ән
«Қазақи дастарханым»
Наурыз туралы жыр
Мұғалімнің оқуы
Шілік болып бүрленіп, дала әсем түрге еніп.
Масайрады бар әлем, құтты жаңа жыл келіп.
Басы барлық ырыстың, құтты болсын Наурыз той — Ұлы күні ұлыстың!
Тілек пен батаға шақыру
Ұлы күнде, халайық, қалай қарап қалайық?
Ортамызға шақырып, бабамызды Қызырдай, ақ батасын алайық.
Қызыр атаның батасы
Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын. Қайда барсаң жол болсын! Төрт түлік ақты болсын, ұлыс береке берсін, бәле-жала жерге енсін. Әумин.
Шашу және тақпақ
Шашу! Шашу! Шашу!
Көп шашайық шашуды, аспаннан нөсер жауғандай! Уа, жамағат, теріп ал несібеңді — ризығың болсын көл-көсір.
Уа, халайық, тұрмайық, әндетіп жырлайық! Ортамызды ашайық, ырыс тілеп бұл жылға, тақпақтан шашу шашайық.
Балалардың тақпақтары
Оқушылар кезекпен тақпақтарын оқиды.
Наурыз — жыл басы
Наурыз айы — шығыс күнтізбесі бойынша жылдың алғашқы айы. Осы кезеңде күн мен түн теңеледі. Сондықтан Наурыз — жыл басы, жаңару мен берекенің нышаны.
Өнер бағдарламасы
Би
«Қамажай» — қыздар тобы
Ән
«Мерекем» — Айбүбү
Би
«Қара жорға» — ұлдар тобы
Ән
«Көктем» — Еркежан
Би
Өзбек биі — Аруай
Ән
«Қуыршақ» — Дария
Би
Испан биі — Елназ
Салт-дәстүр және ұлттық ойындар
Қазақ халқы ерте заманнан салт-дәстүрге, әдет-ғұрыпқа, ұлттық ойындарға бай халық. Дәстүріміздің қатарында қыз ұзату, бесікке бөлеу, тұсау кесу сияқты ғұрыптар бар. Ал ұлттық ойындарға асық ату, сақина тастау, ақсүйек, арқан тарту, қыз қуу жатады.
Ойын: Қыз қуу
Шарты: ойынға бір ұл және бір қыз қатысады. Ұл бала қызды қуып жетсе, бетінен сүйеді; жете алмаса, қыз жігітті қамшымен ұрады.
Ойын: Арқан тарту
Арқан тарту — көнеден келе жатқан ойын. Ол бала денсаулығына пайдалы болып, күштілікке, ұстамдылыққа, шыдамдылыққа тәрбиелейді.
Ата-аналардың тілегі
Ата-аналар кезекпен ақ тілектерін білдіреді.
Наурыз — шыр айналған жылдың басы, адамның өлшенеді өмір жасы. Қазақтың пейіліне жарасады, әр үйде дастарханға толған асы.
Қорытынды
Бақ дарысын бәріңе! Ой қосылсын ойыңа, бой қосылсын бойыңа!
Аман-есен жетейік келер Наурыз тойына! Осымен мерекелік ертеңгілігіміз өз мәресіне жетті.
Ақпарат
- Өткізілген орны
- ШҚО, Аягөз қаласы, №4 аралас жалпы орта білім беретін мектеп КММ
- Топ
- Мектепалды даярлық тобы
- Мұғалім
- Жумашева Дарига Аскербековна