Әнет баба

Тәрбие сағатының мазмұны

Тақырыбы

Тәуелсіздік бізге оңай келген жоқ!

Мақсаты

Қазақстанның өткені мен бүгінін сабақтастыра отырып, тәуелсіздікке қол жеткізу оңай болмағанын оқушыларға ұғындыру. Жас ұрпақты отаншылдыққа, тәуелсіздікті қадірлеуге, халқына және ұлтына адал қызмет етуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі

  • Слайдтар
  • Бейнероликтер
  • Плакаттар
  • Желтоқсан қаһармандарының суреттері
  • Нақыл сөздер

Барысы

Мұғалімнің кіріспе сөзі

Ассалаумағаликум, халқым менің! Жайнаған жүрегімде жарқыл ма едің?! Тірлігің өз халқыңа жаңа тиді, ендігі елдігіңнен тартынба, елім.

Ұшырмай көкіректен жыр кептерін, өлеңсіз аша алам ба сыр беттерін? Армысың, жиналған топ — үлкен-кіші. Армысың, айналайын халқым менің!

Армысыздар, құрметті қонақтар, аяулы ұстаздар және оқушылар! 16 желтоқсан — Тәуелсіздік күніне арналған «Тәуелсіздік бізге оңай келген жоқ!» атты тәрбие сағатына қош келдіңіздер!

Осы кешті ашу үшін сөз кезегі мектеп директоры Б. Әбдіжәлилвке және директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қ. Достияровқа беріледі.

Музыкалық бөлім

Хор

Қазақстан Республикасының Әнұраны

Ән

«Атамекен-ай» (Жаснсая мен Ұлбосынның орындауында)

Тарих — ерлік пен аманат

Тарих — бабалардың ерлігінің айғағы, тарих — ұланғайыр Отанның аймағы. Тарихыңда жатыр, білсең, сенің қайсар ерлігің; таңбалы тас — туған жердің белгісі бар сайдағы.

Тарих болып жазылады туған жердің дастаны. Сол үшін де найза ұстап, ығыстырдым басқаны. Туған елдің, туған жердің болмағанда тарихы, шаттық жырға бөленбейді қазағымның аспаны.

Бүгінгі тәуелсіздік — кешегі тарих беттеріне қызыл қанмен жазылып, ақ найзаның ұшымен қорғалған, ақ білектің күшімен жеткен бабалар аманаты. Азапқа толы бұл азаттық бізге оңай келген жоқ.

Негізгі ой

  • Бабаларымыз ғасырлар бойы азаттық үшін күресті: елім деп еңіреді, жерім деп күңіренді.

  • Қанша қиындық көрсе де, мойымады, күресе білді, азаттық таңы туарына кәміл сенді.

  • Тәуелсіздік — ұрпаққа жүктелген жауапкершілік әрі қасиетті аманат.

Көрініс: Төле би мен Әнет баба

Автор

Төле би бала кезінде Әнет бабаға барыпты.

Төле

«Қалай бірлік болады? Оның күші қандай?» — дейді.

Автор

Әнет баба жауап бермес бұрын, бір бума шыбық алдырады.

Әнет баба

«Балам, мынаны сындырып көрші», — дейді.

Автор

Төле шыбықты алып әрі-бері иіп, сындыра алмайды.

Әнет баба

«Енді сол шыбықты біртіндеп сындыршы».

Автор

Төле ортасы буылған шыбықты оңай сындыра береді.

Әнет баба

«Бұдан не түсіндің, балам?» — дейді.

Төле

«Бірлігі, ынтымағы жоқты жау да, дау да оп-оңай алады», — дегеніңіз ғой.

Әнет баба

«Бәрекелді, балам, дұрыс таптың. Ел билеу үшін алдымен елді ауызбірлікке, ынтымаққа шақыра біл».

Түйін

Бірлік бар жерде — береке бар. Ынтымақ әлсіресе, елдің еңсесі де, ертеңі де әлсірейді.

Тарихтан тағылым

Қазақ тарихындағы жоңғар шапқыншылығы, ұлт-азаттық көтерілістер, «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама», сталиншіл әкімшіл-әміршіл жүйенің озбырлығы, 1930-жылдардағы зұлмат, 1941 жылдың қырғыны, сондай-ақ 1986 жылғы Желтоқсанның ызғары — тарих беттерінде азаттық үшін күрестің айқын куәсі болып қалды.

Тәуелсіздік — тек мереке емес, ол — тарих алдындағы борыш, ел алдындағы серт, ұрпақ алдындағы жауапкершілік.