Ыбырай кім

Сабақтың мақсаты

1) Танымдық мақсат

Ұлы ақын Абай Құнанбаевтың шығармашылығымен таныстырып, өлеңнің негізгі идеясын ашуға үйрету.

2) Тәрбиелік мақсат

Адам бойындағы жағымсыз қасиеттерден аулақ болуға баулу, жақсылыққа ұмтылдыру.

3) Дамытушылық мақсат

Көркем мәтінмен жұмыс жасау дағдысын жетілдіру: оқып-түйгені бойынша ой қорытып айтуға, пікірін дәлелдеуге жаттықтыру.

Күтілетін нәтиже

  • Өлеңді өз бетімен оқып, мазмұнын түсінеді.
  • Топта талдап, өз ойын еркін жеткізеді.
  • Сыни ойлай біледі, дәлел келтіреді, қорытынды жасайды.
  • Өзара бағалап, ынтымақтаса жұмыс істейді.

Сабақ барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі (2 минут)

Сыныпта жағымды атмосфера орнату үшін қысқа мотивациялық сұрақтар қойылады:

  • Әрбір адам қандай болуы керек?
  • Әрбір сабақтан не алуымыз керек?
  • Әрбір ісіміз бен сөзіміз қандай болсын?
  • Бағалау парақтары таратылады.
  • Оқушылар топқа бөлінеді (мысалы: «Жыл мезгілдері» бойынша).
  • Қызығушылықты ояту: «Жыл мезгілдері туралы не айтуға болады?»

II. Үй тапсырмасын тексеру (тест)

Оқушылардың дайындық деңгейін анықтау үшін қысқа тест орындалады (тақтада көрсетіледі).

  1. 1. «Орындалған арман» әңгімесінің авторы кім?
    А) Абай Б) Кубеев В) Шәкәрім
  2. 2. Әңгіменің негізгі идеясы қандай?
    А) Қазақ балаларын оқыту Б) Бай балаларын оқыту В) Кедей балаларын оқыту
  3. 3. Қазақ балаларына арнап мектеп ашқан кім?
    А) Абай Б) Мұхтар В) Ыбырай
  4. 4. Қарапайым шаруалардың балаларын оқуға алуға кім қарсы болды?
    А) Қаржасов Б) Ыбырай В) Ешкім
  5. 5. Оқу қашан басталды?
    А) 1997 Б) 1887 В) 2011
  6. 6. Кімнің арманы орындалды?
    А) Спандиярдың Б) Абайдың В) Сәкеннің
  7. 7. Ыбырай кім?
    А) Әнші Б) Күйші В) Ақын-жазушы

Талқылау сұрағы: тест сұрақтарында қай тұлғаның аты жиі кездесті?

III. Жаңа сабақ

Бүгін оқушылар Абай Құнанбаевтың «Сабырсыз, арсыз, еріншек» өлеңімен танысып, көркем мәтінмен жұмыс жасау дағдыларын дамытады: мәтін мазмұнын түсіну, талдау, ой қорыту, пікір айту.

  • Күн ретін және тақырыпты дәптерге жазу.
  • Абай туралы қосымша мәлімет беру (слайд, кесте толтыру).

1) Мәтінді таныстыру

Әр топ өлеңді кезекпен мәнерлеп оқиды.

2) Сөздік жұмысы

Оқушылар өлеңнен мағынасы түсініксіз сөздерді белгілеп, бірлесе талдайды.

3) Идеяны ашу

Ақын адам бойындағы қандай қасиеттерді сынайды? Бұл қасиеттерді бір сөзбен қалай атауға болады?

4) Байланыс орнату

Абайдың мінез-құлық туралы тағы қандай өлеңдерін білесіңдер? «Ғылым таппай мақтанба» өлеңінен қандай жағымды қасиеттерді атай аласыңдар?

Салыстыру және қорытынды

Екі өлеңнің ұқсастығы неде? Негізгі ойы не туралы?

Қорытынды: Абай өз өлеңдері мен қара сөздерінде ұрпағын жамандықтан жирендіріп, жақсылыққа тәрбиелеуді мақсат еткен.

IV. Сергіту сәті

Музыкалық үзіліс: «Көзімнің қарасы» әнін орындау.

V. Шығармашылық тапсырма

«Поэзия сәті»: оқушылар өлең бойынша өз ойларын шығармашылық түрде жеткізеді (топтық жұмыс, қысқа ойтолғау, топтастыру).

Автор туралы

Білім беру ұйымы

Әулиекөл ауданы, №2 Аманқарағай орта мектебі (ММ)

Мұғалім

Аяпбергенова Алмагүл Бахитжанқызы

Бастауыш сынып мұғалімі