Қанатты сөздер
Сабақ туралы мәлімет
- Өтетін орны
- Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Сам орта мектебі
- Мұғалім
- Койшыбаева Баян Кипчаковна, бастауыш сынып мұғалімі
- Тақырып
- «Желтоқсан — жай ғана оқиға емес…»
Сабақтың мақсаты
Оқушыларға тәуелсіздіктің халқымыз үшін аса қымбат құндылық екенін түсіндіру; ұзақ жылдар бойы азаттық жолында төгілген қан, жас, тердің мәнін ұғындыру. Желтоқсан көтерілісінің құрбандарын үлгі ете отырып, оқушыларды елін, жерін қорғауға дайын болуға, Отанын сүйетін патриот азамат болып қалыптасуға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер
- Ербол Сыпатаевтың суреті
- Ләззат Асанованың суреті
- Сәбира Мұхаметжанованың суреті
- Қайрат Рысқұлбековтің суреті
Қанатты сөздер
Ұрпақтың ұмытылмас мәңгі ұраны — Желтоқсан жүректерде жаңғырады!
Естелік пен рухты жаңғыртатын ұстаным
Желтоқсанның алауы — Тәуелсіздік жалауы.
Ерлік пен еркіндіктің символы
Тәрбие сағатының барысы
Мұғалім сөзі
Желтоқсан — оқиға емес, бола салған, Жастар — ер, тағдырымен таласа алған. Желтоқсан — рухымыздың ірілігі, Қазаққа жараса ма аласарған?!
Тарихи негіз
Қазақстан тарихында XVIII ғасырдан Қазан төңкерісіне дейін 200-ден астам көтеріліс болды. Сан ғасырға созылған ұлт-азаттық күрестің ең соңғы ірі толқыны 1986 жылғы 16 желтоқсанда өтті.
Сол күні жергілікті уақытпен сағат 10:00-де Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің бірінші хатшысы Д. А. Қонаев қызметінен алынып, оның орнына Ульянов облыстық партия комитетінің басшысы Г. В. Колбин тағайындалды. Бұл шешім Мәскеуде алдын ала әзірленген сценарий бойынша жүзеге асты.
Ғасырлар бойы ата-бабамыз қорғап, аманат еткен ел мен жерді өз елінен шыққан азамат басқаруға лайықты деп таппаған әміршіл жүйеге наразы болған қазақ жастары алаңға шықты.
Поэтикалық шумақ
Дауылға желтоқсанның желі айналды, Ашуға мінді Алатау — кәрі, айбарлы. Күтпеген іс ақыры не болды деп, Күллі әлем Алматыға қарай қалды.
Оқушылардың тақпақтары
Мұғалім: «Балалар, енді Желтоқсан оқиғасына байланысты тақпақтарымызды айтайық».
Нұрбек
ТақпақҚазақ қызын сүйреткен бұрымынан, Тепкілеген белінен, жұлынынан. Тұяқ серпкен түрі еді бодандықтың, Құлап бара жатқанда тұғырынан. Шаршатып қамыт киген жылдарымыз, Намысқа басқан нағыз ұлдарымыз. Бәйгеге басын тігіп ұлты үшін, Деді олар: «Тәуелсіздік — құрбанымыз!»
Ақбота
ТақпақЖігіттер сұр қасқырдай сұсы басым, Ыза-кек билеп алып түсі-басын... Көздері — от, сөздері — сот, мәлім етті: «Жас саясат, иегі қышымасын!» Өр қыздар қанаттасып өңшең елік, Отқа май құйып жүрді өршеленіп. Біз сонда қазақтағы қайсарлықты, Көзін ашып бар ғалам көрсе дедік.
Тілектес
ТақпақҚанымыз басымызға көтеріліп, Құдайдан тілемедік бөтен үміт. Қазақтың тілін, ділін, дінін бұзар — Керек емес бізге енді бөтен үгіт.
Қабыл
ТақпақКез емес жаугершілік аттанатын, Алаңның шеруі емес салтанатты. Қытымыр қыстың басы — сол бір айда, Желтоқсан желі әлемді жалт қаратты.
Жарылқасын
ТақпақБодандыққа наразылық күнісің, Әміршілдік саясаттан ірісің. Қойдай момын қазағыма күш берген — Намысы ерен, арлы күннің бірісің. О, Желтоқсан, намыс отын тұтатқан, Сен тарихқа кірдің ерлік атымен. Мейлі сені аз оқиық кітаптан, Мәңгіліксің зор даңқыңның затымен.
Қара бауыр қасқалдақ, қайда ұштың пыр-пырлап-ау? Сазың қалды сәбидің еңбегіндей былқылдап-ей. Қара бауыр қасқалдақ, кері қайт, Сиреп қалған тоғайға қамықпа деп көңіл айт. Қайырмасы: Ұя қалса иесіз — айдын үшін сол қайғы, Қаңғып келген шүрегей көлге пана болмайды. Өз босағаң — бұл жердің тауы, қыры, белесі, Босағасын басқаға тастай ма екен, о, несі? Қара бауыр қасқалдақ, кері қайт, Сиреп қалған тоғайға қамықпа деп көңіл айт.