Табиғат сөзіне ассоциация құру

№ 21 сабақ 8-сынып

Табиғаттан нәр алып

Құндылық

Сүйіспеншілік

Қасиеттер

Жақсы көру, аялау

Бағыт

Табиғатты тану және қорғау

Сабақтың мақсаты

Оқушылардың табиғат, жер, су, ауа және топырақ туралы түсініктерін кеңейту.

Сабақтың міндеттері

  • Табиғат байлықтарының адам өміріндегі маңызын түсіндіру.
  • Табиғатты сақтау, қорғау, аялап-баптауға баулу.
  • Сүйіспеншілікке, мейірімділікке, ізгілікке тәрбиелеу.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі — «Тыныштық сәті»

Баяу әуен қосылады. Оқушылар ыңғайланып отырып, терең тыныс алады. Көздерін жұмып, таңның атып келе жатқан сәтін елестетеді.

Сіз тау жолымен келе жатырсыз. Таза ауа, сылдырлаған бұлақ, құстардың сайраған үні — бәрі де жанды сергітеді. Жеңіл дем алып, бойыңызға күш жиналғанын сезесіз.

Күн шуағы теріңізді жылытса, самал жел шашыңызды тербетеді. Табиғаттың мейірімі сізді таң нұрымен қарсы алады.

Енді осы қуаттың бүкіл денеңізге сіңіп, күш беріп тұрғанын сезініңіз. Сол жылылық пен қуатты жақындарыңызбен, достарыңызбен бөлісіп жатқаныңызды елестетіңіз. Бұл қуат сіздің өміріңізбен тығыз байланысты. Сіз өзіңізді бақытты сезінесіз.

II. Топқа бөлу және тақырыпқа шығу

Сынып «Жер» және «Су» сөздері жазылған парақтар арқылы екі топқа бөлінеді.

Оқушыларға видеоматериал көру ұсынылады. Талқылау сұрақтары:

  • Бүгінгі тақырып қандай ойға жетелейді?
  • Сабақтың мақсаты қандай болуы мүмкін?

III. Негізгі бөлім — топтық жұмыс

1-топ

Г. Жандыбаевтың «Гүлдер» өлеңін оқып, мазмұнын талдайды.

2-топ

А. Толыбаевтың «Ақ гүл» мәтінін оқып, топ ішінде талдайды. Бір оқушы қорытындылап баяндайды.

IV. Флипчартпен жұмыс

Талқылау сұрақтары:

  • Табиғаттан біз қандай нәр аламыз?
  • Табиғат бізге не береді?

V. «Жүректен жүрекке» — ойды жалғастыру

Пікірді жалғастырыңыз:

  1. Табиғат — мен үшін қуаныш, өйткені...
  2. Табиғат — мен үшін денсаулық, өйткені...

Оқушылар алма пішініндегі қағазға «Жер-Анаға» деген ризашылықтарын жазып, дауыстап оқиды да, сыныптағы ағашқа алманы іледі (әуен ойнап тұрады).

VI. Шығармашылық жұмыс

Ө. Тұрманжановтың «Туған жер топырағыңнан айналайын» өлеңі бойынша пікірталас жүргізіледі.

Тапсырма

Табиғатқа деген сүйіспеншілікті бейнелеу: сурет салу, әңгіме жазу және т.б.

Ой шақыру

«Табиғат» дегенде көз алдыңызға не елестейді? Елестеген бейнені суреттеңіз немесе жазып көрсетіңіз. Әр топ жұмыстарын қорғайды.

Ассоциация құру

«Табиғат» → жер, ауа, су, күн, ай, топырақ, жануарлар әлемі, өсімдіктер.

VII. Топпен ән айту

А. Қалаубаева — «Ертегілер» әні.

VIII. Үй тапсырмасы

А. Сейдімбектің мәтінін оқып, адам мен табиғат арасындағы жарасым туралы ой бөлісіңдер.

Дәйексөзді жаттап, мағынасын ашып түсіндіріңдер.

Қорытынды

Адам — табиғаттың бір бөлшегі. Жарқырап шыққан күн, таза ауа, мөлдір су, ну орман адамға қуат беріп, жан дүниесін мейірлендіре түседі.

Адам мен табиғат арасындағы байланыс тамыры тереңде жатыр. Адам өмірі табиғатқа тәуелді. Сондықтан «Табиғатты қорғау — өз өміріңді қорғау» деп айтамыз.

Мектеп

Потанин ЖОББМ, Лебяжі ауданы

Мұғалім

С. К. Хамитова